Конспектісі «Экология»



бет45/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

17.3 Суды тазарту әдістері
Ағынды су өндіру немесе пайдалану түріне байланысты, қажетті сапаға дейін механикалық, физика-химиялық, биологиялық әдістермен тазартылады. Көрсетілген әдістер тазалау және құрылымсыз болып бөлінеді. Тазалау әдістері ағынды сулардан алуды және ағынды судағы құнды құрауыштарды әрі қарай өңдеуді көздейді. Құрылымсыз әдістерде ағынды судың құрамындағы заттар бұзылады және газ немесе тұнба түрінде жойылады. Тазалау әдісін таңдауды және процесті конструкциялық ресімдеуді келесі факторларды есепке алып жүргізеді: олардың әрі қарай пайдаланылуын есепке алып, тазартылған сулардың сапасына қойылатын санитариялық және техникалық талаптар; кәсіпорында зиянсыздандыру үшін қажетті материалдық және энергетикалық ресурстардың бар болуы; тазарту тиімділігі.
17.3.1 Механикалық тазарту әдістері
Механикалық тазарту әдістерін судағы ерімейтін салынды бөлшектерді жою үшін пайдаланады. Берілген әдістер сүзгіден өткізу, тұндыру, сүзу деп бөлінеді. Әдісті таңдау қоспалар бөлшектерінің мөлшеріне, физика-химиялық қасиеттеріне және салынды бөлшектердің шоғырлануына, сондай-ақ, ағынды сулардың көлемі мен тазартылу дәрежесіне байланысты болады.
Сүзгіден өткізу. Ағынды суларды аса таңдамалы тазартудың алдында торлар мен електер арқылы сүзеді, оларды ағынды сулардан құбырлар мен каналдарды бітеп тастайтын ірі қоспаларды алу мақсатымен тұндырғыштардың алдына орнатады. Торлар жылжымайтын, жылжымалы және ұсатқыштармен бірлескен болуы мүмкін. Жылжымайтын торлар аса көп таралған. Оларды металл өзекшелерден жасайды және 60…75о бұрышта ағынды сулардың қозғалу жолында орнатады. Торларды тырнауыштармен тазалайды. Торлардан алынған ластануларды қайта өңдеуге жібереді. Қалдықтарды ұсақтау үшін ұсатқыштарды пайдаланады (4.9-сурет).


Тор

Шынжыр


4.9-сурет -Тырнауыштары бар тор


Тырнау-
ыштар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет