Шудың 80дБ деңгейі - қауіпті, ал 120дБ деңгейі ауыру табалдырығы болып саналады. 90…100дБ реттік шу есту қабілетінің біртіндеп нашарлауын, жүйке-психика стресін, жара ауруын, жүрек-қан тамыры ауруларын, қалқанша без ауруын тудырады. Өте қатты шудың ұзақ әсер етуі агрессиялық жағдайға, дене тканьдерінің бұзылуына, созылмалы аурулардың асқынуына және өмірдің ұзақтығының азаюына әкеліп соғады.
19.2 Шумен ластанумен күресу шаралары Қолайлы акустикалық жағдайды жасау әдістерінің бірі кәсіпорындарда, тұрғылықты жайларда, демалыс белдемдерінде және т.б. шудың шектеулі рауалы деңгейлерін (ШРД) анықтау болып табылады. ШРД мына түрде анықталған: олардың әрекеті организмнің шуға аса сезімтал жүйелерінде физиологиялық өзгерістер тудырмайды, яғни бұл деңгейлердің адам организмі үшін зияны жоқ және рауалы (табалдырықты) болып табылады. 4.2-кестеде әртүрлі аумақтардағы шудың ШРД көрсетілген.