ҚР Конституциясына сәйкес жер қойнаулары, соның ішінде пайдалы қазбалар, мемлекеттік меншікте болады.
Қолданылып жүрген заңдар бойынша жер қойнауларын қорғауға тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушы, экономикалық, технологиялық және басқа шаралар жүйесі; пайдалы қазбаларды орынды және кешенді пайдалану; табиғи ландшафттарды сақтау және бұзылған жерлерді қайта құнарландыру; жер сілкіністерін, ерітілуді, сырғымаларды, топырақтың шөгуін болдырмау мақсатымен жер қойнауларының жоғарғы бөліктерінің энергетикалық жағдайының қасиеттерін сақтау кіреді.
Жер қойнауларын құқықтық қорғаужер қойнауларының қорғалуын мемлекеттік бақылаудан; ерекше экологиялық, ғылыми немесе өзге құндылық білдіретін жер қойнаулары учаскелерін қорғаудан; жер қойнауларының мемлекеттік мониторингінен; жер қойнауларының мемлекеттік сараптамасынан; геологиялық ақпаратты мемлекеттік сақтаудан; пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік баланстарын жүргізуден; кен орындарының мемлекеттік кадастрларын жүргізуден және пайдалы қазбалардың айқындалуынан, зиянды заттарды көмуден, радиоактивті қалдықтардан және жер қойнауларындағы ағынды сулардың төгінділерінен және техногенді минералдық түзілімдерден тұрады.
Жер қойнауларын құқықтық қорғауғакелесі шаралар кіреді:
пайдалы қазбалар қорларының шамасы мен құрылымын сенімді бағалау үшін жер қойнауын озық геологиялық зерделеудің толықтығын қамтамасыз ету;
пайдалы қазбаларды орынды және кешенді пайдалану;
пайдалы қазбаларды алудың толықтығын қамтамасыз ету;
жер қойнауларын өз еркімен пайдалануға жол бермеу және оларды берудің белгіленген тәртібін сақтау;
жер қойнауын суланудан, өрттерден және басқа стихиялық факторлардан қорғау;
ағынды суларды төккенде, мұнайды сақтағанда және т.б. кезінде жер қойнауларының ластануын болдырмау;
жер қойнауынан алынатын және онды қалдырылатын пайдалы қазбалар қорларын, минералдық шикізатты қайта өңдеу өнімдерін және кен орындарын қазу кезіндегі өндіріс қалдықтарын сенімді есепке алу;
жер қойнауларын қоршаған ортаны қорғау туралы заңға сәйкес пайдалану;
жер қойнауларын пайдалану бойынша операцияларды тоқтатудың белгіленген тәртібін сақтау;
қалдықтарды қоймаландыру және орналастыру кезінде экологиялық талаптарды қамтамасыз ету.
Жер қойнаулары бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қой-науларын қорғау және табиғи ортаны қорғау бойынша негізгі талаптар:
кен орындарын қазудың арнайы әдістерін қолдану есебінен жер бетін сақтау;
жерлердің техногенді шөлденуін болдырмау;
бұзылатын және иесіздендірілген жерлердің аумақтарын қысқарту;
топырақтардың жел эрозиясын, үйінділер мен аршыма тау жыныстарын және өндіріс қалдықтарын, олардың қышқылдануы мен өздігінен жануын болдырмау;
сіңіретін және тұщы су қабаттарының ластануын болдырмау үшін оларды оқшаулау;
жерасты суларының таусылуын және ластануын болдырмау;
тазартатын сұйықтықтарды дайындағанда улы емес реагенттерді қолдану;
бұрғылау ерітінділерін тазарту және қайта пайдалану;
қоршаған табиғи ортадағы бұрғылау және жанар-жағар май материалдарының қалдықтарын экологиялық қауіпсіз тәсілмен жою;
мұнай орындарының қабат аралық қысымын қолдау жүйесіндегі мұнай өнеркәсібінің ағындыларын тазарту және қайта пайдалану.