Конспектісі «Экология»


Табиғи ресурстардың алынуы



бет43/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
Байланысты:
Дәрістер Экология 1 болим каз

8.2 Табиғи ресурстардың алынуы
Табиғи ресурстардың алынуы – бұл өзіне табиғи ресурстар өндірісін қосатын (ресурсты табиғи ортадан бөліп алу) табиғи ресурстарды қолдану түрі; ілеспе ресурс қолданушылық - табиғи ресурстан, қажет болған жағдайда, оның қосымша пайдалы қасиеттерін (екінші реттік табиғи ресурстарды) бөліп алу.
Адамзат қоғамы өзінің дамуына түгелімен табиғатқа және оның ресурстарына міндетті. Қоғамның даму тарихының барлық кезеңдері – бұл табиғатпен қоғамның әрекеттестігінің тарихы.
Қоғам мен табиғаттың әрекеттестігі адамның еңбек қызметіне жинақталған. Еңбектің кең мағынасында «қоғам мен табиғат арасындағы зат алмасу» болып табылады. Қоғам мен табиғаттың байланысын күшейту кезеңдерін жалпы өндірістегі және қоғамның өндіріс күшіндегі төңкеріспен анықтайды. Өндіріс күшіне еңбек құралдары, еңбек нысаны, еңбек субъектісі (белгілі біліммен немесе еңбек шеберлігімен дарындалған адам) жатады.
Өндіріс күшінде үш революциялық төңкерісті атап көрсетуге болады:

  • Неолиттік төңкеріс деп аталатын, егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуымен «тағайындаушы» экономикадан өндірушіге ауысуымен байланысты;

  • Өнеркәсіптік төңкеріс – қол еңбегінен машиналық өндіріске ауысу;

  • Ғылыми-техникалық төңкеріс, болашақта жоспарлы «адамгершілікке жатпайтын (адами емес)» еңбекті қоғам өмірінен алып тастайды, ХХ ғасырдың ортасынан бастау алған.

Бірінші кезең саналы адамның пайда болуынан басталады. Бұл кезеңда адам табиғатқа өзінің тіршілік фактісімен ғана әсер етеді, ол аңшылықпен, балық аулаумен, терімшілікпен өмір сүреді. Бұл кезең «тағайындаушы» экономика кезеңі, бірақ адам сол кездің өзінде өте қарабайыр еңбек құралдарын өндірді. Табиғат қарапайым адамзат қоғамының іс жүзінде барлық ерекшеліктерін анықтады, табиғи анықтау басым болды. Қоғам мүшелерінің жұмыс сипаты, қоғам мүшелерінің көбею қарқыны, көші-қон қажеттілігі, жаңа орынға көшуі табиғи жағдайларға байланысты болды. Әртүрлі халықтар үшін «бастапқы» жағдайлар айырмашылығы адамзат тарихының ерте кезеңдерінде тарихи процестердің әртүрлілігін анықтады, халықтар тағдырында, дәстүрлер ерекшелігі, әртүрлі елдердің дәстүрінің айырмашылығын ажыратады.
Табиғат пен қоғам байланысының екінші кезеңі қарабайыр дәуірден бастау алып, буржуазиялық қарым-қатынас орнағанға дейін жалғасады. Бұл кезеңнің бастапқы тармағы – егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы болып табылады. Тағайындаудан өндіруші экономикаға көшу жүзеге асырылады. Адам табиғатқа белсенді араласып, өз қызметінің нәтижесін жоспарлай бастайды. Ормандар оталып, иррегациялық жүйе салынады. Сонымен қатар, еңбек қызметі ауа райы жағдайына, топыраққа, жердің бедеріне тәуелді болады.
Осылайша, табиғаттың адамға әсері өндіріс құрамдарымен, әлеуметтік құрылымдармен дәлелденеді. Адам қоршаған ортаға жойқын әсер етуін бастайды – ол өзінің қызметін басқа территорияларға ауыстырып, өзінен кейін тартылған жайылымдар, өртелген ормандарды қалдырады. Тигр және Ефрат жазықтарының топырағының тұздануы суландыру жұмыстарының нәтижесі. Топырақ құнарлылығының нашарлауы өз кезегінде осы аумақты қоныстанған халықтың құлдырауына әкеп соқты. Бірақ, адамның табиғатқа әсерінің ерте кезеңдерінде жаһандық емес, жергілікті сипатта болады.
Екінші кезеңде-ақ, адам мен табиғаттың байланысы бұл процесте, дәстүрлі және техногенді - қоғамның осы екі түрінің пайда болуында байқалған қарама-қарсы үрдістер туындады.
Дәстүрлі қоғам үшін өндіріс түрін жаңғыртатын өндірістік өрістің баяу дамуы, дәстүрлердің, әдеттің, өмір салтының тұрақтылығы, қоғамдық құрылымның баяндылығы тән болды. Бұл қоғамның түріне Ежелгі Мысыр, Үндістан, мұсылмандық Шығыс жатады. Рухани басшылық табиғи процеске араласпаудың табиғи және қоғамдық туыстығын көздейді.
Қоғамның техногенді түрі XVIII ғасырдағы Англиядағы өндірістік төңкерістен басталған адам мен табиғат байланысының үшінші кезеңінде гүлдене бастады. Техногенді өркениет адамның әлеммен белсенді қатынасы қағидасына негізделген. Сыртқы әлем, табиғат адамның өзіндік құндылығы жоқ іс-әрекетінің аренасы ретінде ғана қарастырылады. Табиғат, өз кезегінде, адам үшін түсінуіне тиімді керемет жасалға түпсіз қойма болып түсініледі. Адамның қызметі оның еңбек өнімдерін, қайта құрылған табиғат элементтерін иеленуін және оған қалағанынша иелік ету құқығын қамтамасыз етеді. Адам табиғаттың қожасына айнала бастайды және болашақта оның билігі кеңеюі тиіс. Жаңашалыққа деген құштарлық, табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің ұдайы бұзылуы, «жақсарту», «кеңейту», «тереңдету», «жылдамдату» қоршаған ортаға әсері, табиғатты бағындыруды техногенді өркениетке тән прогресс ретінде түсіну.
Жаңа, XX ғасырда басталған табиғат пен қоғам байланысының төртінші кезеңі адам мен қоғамның табиғатқа қарсылығын еңсеру әрекеттерін белгілейді. Олардың арасындағы жаңа теңдессіз үйлесімді «табиғат стратегиясын» және «адам стратегиясын» үйлестіреді.
Біздің көз алдымызда, аталмыш «ақпараттық қоғамда» пайда болған қоғам мен табиғат байланысында мінсіздікке жетуде орасан мүмкіндіктер ашылды. Мысалы, адамның жұмыс орны мен тұрғылықты орнының арасындағы берік болып көрінген байланыс бұзылады. Байланыстың электронды құралдары жұмыскерге күнделікті жұмысқа барудан құтылуға, ал жұмыс берушіге ұжымдық еңбек ұйымына шығындалудан құтылуға мүмкіндік береді. Жаңа білім беру стратегиясын құру үшін маңызды жаңа мүмкіндіктер ашылады. Қала қоршаған орта ластануының көзі, мүлде жойылуы мүмкін. XX ғасырда әлемнің физикалық моделінен биологиялыққа ауысу жоспарлануда. Әлем-механизм емес, ағза. Әлем «биологиялық қалыптасқан сана» үшін ақпаратты бағдарланған, тұтас бейімделуге қабілетті болып ұсынылады. Биотехнологтар адамның аурулардан айырылуын мүмкін етеді, өсімдіктерді қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл, ең алдымен, бәлкім, азық-түлік мәселесін шешуге мүмкіндік беретін «жасыл революция» нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, биология табыстары техногенді қоғам бейнесінде ойлап үйренген адам шатасатында мәселелер туғызады: ағзадағы табиғи және жасандының, өлі мен тірінің шекарасын қалай анықтау керектігі, тұқым қуалаушылықтың адамға қаншалықты қатыстылығын және т.б.
Қоғам мен табиғат байланысының қағидаларын өзгерту қажеттілігін В.И. Вернадский өзінің ноосфера туралы еңбегінде айтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет