Конспектісі «Экология»


Тұрақты даму факторлары: экологиялық, қоғамдық және экономикалық



бет50/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56
9.2 Тұрақты даму факторлары: экологиялық, қоғамдық және экономикалық
Тұрақты даму тұжырымдамасы үш негізгі көзқарастың бірігуі нәтижесінде пайда болды: экологиялық, қоғамдық және экономикалық.
Экономикалық құраушы тапшы ресурстарды тиімді пайдалану және шикізатты өндіруді қосқанда экологиялық, табиғи, энерго - және материалдық үнемдеу технологиясын қолдану, экологиялық қолайлы өнімді жасап шығаруды, минимизацияны, қалдықтарды қайта өңдеу немесе жоюды көздейді. Тұрақты даму тұжырымдамасы үшін шектеулі табиғи ресурстарды экономикалық оңтайлы пайдалану негізгі болып табылады. Ресурстардың шектеулілігі көптен бері іргелі экономикалық факт ретінде танылуда. Бірақ, «табиғаттың өтеусіз артықшылықтарының» іс жүзінде, тегін еместігі туралы қорытынды тұрақты дамудың тұжырымдамасы аясында жасалды.
Тұрақты дамудың қоғамдық құраушысы адамға нысаналанған және әлеуметтік-мәдени жүйелердің тұрақтылығын сақтауға, сонымен қатар, адамдар арасындағы жойқын қақтығыстарды азайтуға бағытталған. Осы тәсілдердің маңызды аспектісі игілікті әділ бөлісу болып табылады. Мүмкіндігінше, мәдени капитал мен жаһандық әртүрлілікті осылай сақтау, сонымен қатар, тұрақты дамудың үстемді емес мәдениеттегі тәжірибесін толық пайдалану тек ішкі емес, сонымен қатар, ұрпақаралық әділдіктегі жетістіктер маңызды. Әлемнің барлық азаматтарының лайықты өмірі мен әл-ауқаттағы жетістіктер әлемдік ұйымдардың басты мақсаттарына айналуы тиіс. Тұрақты даму үшін бірінші кезекте адами ұйымдардың барлық дәрежесін қосатын тең мүдделі қоғам құру керек. Өмір сүрудің кепілдендірілген ең төменгі кезеңі кез келген азаматтың ажырамас құқығы болуы тиіс.
Тұрақты дамудың тұжырымдамасының қоғамдық құраушысының дамуы болашақ ұрпақтарды негізгі құқықтарын құрметтеу болды. Жердің табиғи ресурстары қазіргі ағымдағы өмір сүріп жатқан және болашақ ұрпақты қоса алғанда бүкіл адамзаттың ортақ мұрасы болып табылады. Тұрақты даму үшін бұл тұрақты резервтік, мүмкіндігінше, сарқылмаған және ластанбаған күйде қор ұрпақтан ұрпаққа берілуі керек.
Адамзат дамуы тұжырымдамасы аясында адам дамудың объектісі емес, субъектісі болып табылады. Адамның таңдау нұсқаларының кеңейтілуіне сүйене отырып, тұрақты дамудың тұжырымдамасы басты құндылық ретінде адам өмір сүру саласын қалыптастыратын, шешім қабылдауда және орындауда көмектесетін, олардың орындалуын қадағалап отыратын процестерге қатысуы тиістігін көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет