1.5 Жергілікті, аудандық және жаһандық экологиялық мәселелер Жергілікті экологиялық мәселелерге ауа бассейнінің ластануы, радиобелсенді, бактериологиялық және химиялық ластанулар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар, өндірістің немесе өнеркәсіп комплексінің территория шегіндегі табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлар жатады.
Аудандық экологиялық мәселелер – жеке мемелекет тұрғындарын немесе материктер бөлігіне қатысты мәселелер мен жағдайлар. Сипатына байланысты аудандық мәселелер, уақыт өте келе, жаһандыққа жетуі мүмкін.
Жаһандық экологиялық мәселелер толықтай ғаламшар тұрғындарын қамтиды.
Негізгі жаһандық экологиялық мәселелердің ішінен келесі бөлімдерді бөліп көрсетуге болады:
Табиғи ұйымдардың бұзылуы, олардың құлдырауы биологиялық әртүрлілігінің қысқаруы, қуат пен заттардың табиғи ағымының бұзылуы;
Табиғи түрде қайта өндірілудің шапшаңдылығының жоғарылауымен межелік жылдамдыққа жеткен жаңартылатын табиғи ресурстардың (топырақ, өсімдік, тұщы су) адаммен пайдаланылуы немесе шығарылып тасталуы:
Шынайы экономикалық мәселелер туғызатын жаңартылмайтын ресурстар қорының азаюы;
Қолайсыз геоклиматтық өзгерістерді, тұрғындардың денінің саулығына қауіп тудыратын, экожүйенің құлдырауын шақыратын қалдықтармен қоршаған ортаны ластау;
Жоғарылатылған экологиялық қаупі бар аймақтардың пайда болуына, экологиялық ауыртпалықтар мен экологиялық жоғалтуларды тудыратын ландшафттардың антропогендікке түрленуі;
Мутация мен жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеп соғатын қоршаған ортаны химиялық және радиациялық ластау.
1.6 Тұрақты даму түсінігі мен тұрақты даму тұжырымдамасының іске асырылуындағы экологияның рөлі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, өндірістік өнеркәсіптің өсіп өркендеуі мен табиғи ресурстарды жетік білуіне байланысты, адамдар экология мәселелерінің сұрақтарын шешу жөнінде ойлана бастады.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңына қарай «тұрақты даму» термині кеңінен қолданыла бастады, ол дүниежүзінде тіршілікті сақтау, адам қажеттіліктерін есті қанағаттандыруды бір уақытта қазірде және келешекте өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттырумен, жер шарының ресурстарын абайлап пайдалану мен табиғи ортаны сақтауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамумен айқындалады.
Берілген анықтамадан көрініп тұрғандай, ғылым ретіндегі экологияға тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асыруда негізгі рөл тиесілі, яғни адамзат пен табиғат арасындағы байланыстың үйлестірілуі мен экологияландырылу тапсырмаларын шешу, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану мен сақтау, адам өмірінің сапасын жақсарту.