3.4 Популяциялардың динамикалық сипаттамалары. Сан өсімінің қисықтары. Ортаның экологиялық сыйымдылығы.
Популяцияның динамикалық сипаттамаларына кіреді: туушылық, өлім, тірі қалу қисықтары, өсу жылдамдығы.
Болатын миграцияны назарға алмасақ, онда популяциялардың саны сыртқы және ішкі популяциялық факторлар әсер ететін туушылық және өлім қатынасымен анықталады. Жалпы туушылық – бұл ∆t уақытында қосылатын жаңа даралар саны ∆Nn. Ол бар даралардың санына тәуелді болғандықтан, популяция санын анықтау үшін салыстырмалы туушылық көрсеткішін пайдаланған тиімді, яғни b=∆Nn/∆tN, мұндағы N – популяцияның алғашқы саны. Максималды мүмкін болатын туушылық қандайда бір шектеулердің жоқтығы кезінде ғана болады. Жалпы өлім – бұл бірлік уақытында өлген даралардың саны (∆Nm); салыстырмалы өлім m=∆Nm/∆tN. Минималды өлім тек мінсіз жағдайларда ғана болу мүмкін. Ортаның қарсыласуы оны нақты (экологиялық) өлімге дейін жоғарылатады. Ортаның қарсыласу факторларына кіреді: азықтың жетіспеушілігі, жағымсыз абиотикалық факторлардың әсері, бәсекелестік, дамудағы ауытқулар, аурулар, паразиттер, жыртқыштар, кеңістіктің жетіспеушілігі және т.с.с.
Көптеген организмдерде көбеюге потенциалды қабілеттілігі жоғары. Қарапайымдыларда қолайлы жағдайларда ретті бөлінулер арасындағы аралық бірнеше минутқа дейін қысқару мүмкін. Жүгеріде паразиттенетін склеропор саңырауқұлағы бір тәулікте бір өсімдікте 6 млрд-қа дейін споралар тудырады.
Популяция санының өзгеруі қандайда бір периодта туушылық пен өлімнің салыстырмалы мөлшерінің айырымымен анықталады. Бұл «лездік» салыстырмалы жылдамдық немесе сан өсімінің тұрақты шамасы. Оны биотикалық немесе репродуктивті потенциал деп атайды:
r = b-m = (∆Nn - ∆Nm)/∆tN = ∆N/∆tN.
Орта қарсылығы толықтай жоқ болған жағдайда популяцияның экспоненциалды өсімі байқалады, өйткені дара санының ∆N/N артуы олардың бар санына N пропорционал (3.3, а - сурет). Мұны дифференциалды теңдеумен көрсетуге болады:
, немесе: ,
мұндағы N0 – даралардың алғашқы саны.
Әр екі күн сайын 10 есе көбейетін микроорганизмдер популяциясында r = 1,15 дара/тәулік. Қамба бізтұмсық, дала тышқаны және адам үшін r жылына сәйкес 39,6; 4,5 және 0,02 құрайды; бұл сәйкес 1 апта, 8 апта және 35 жылдан кейін популяцияның екі еселенуін білдіреді. Әр түрлі организмдерде репродуктивті потенциал мен тудыру уақыты арасында нақты айқындалған кері тәуелділік бар.
Табиғи жағдайларда популяцияның өсімі ортаның қарсылығынан ерте не кеш тоқтайды. Сондықтан өсімнің нақты қисығы S-тәріздес формаға ие (3.3, б - сурет), және логистикалық тәуелділікке бағынады:
,
мұндағы К – орта сыйымдылығына сәйкес келетін «шекті» сан.
Бастапқы логарифмдік фазадан кейін өсімнің қисығы қанықтырудың максималды тығыздық пен санының деңгейіне асимптотикалық түрде жақындайды, өлім туушылыққа тең болған кезде (b=m). Мұндай жағдайларда r коэффициенті тұрақты болып қалмайды, керісінше популяцияның санына байланысты өзгереді (халық тығыздығы).
N
3.3 - сурет – Популяция санының өсімінің қисықтары
Популяция мөлшері К маңында түрлі әдістермен ұсталып тұрады. Сенімсіз, ортаның жоғары қарсылығы бар жерлерде мекендейтін түрлерде репродуктивті потенциал өте жоғары болу керек. Ал ортаның төмен қарсылығы бар тұрақты эко жүйелерде мекендейтін түрлерде немесе ұрпағына қамқор ете алатын, отбасы немесе топ құрай алатын түрлерде өлім көрсеткіші төмен болады және репродуктивті потенциал аз.
Орта жағдайының өзгеру салдарынан популяцияның саны мен тығыздығы үнемі өзгеріп отырады. Әдетте бұл өзгерістер реттелмеген болып келеді және көптеген факторлардың кездейсоқ үйлесіміне байланысты болады. Бірақ кез келген жағдайда популяция тығыздығы ортаның орташа сыйымдылығы деңгейі маңында ауытқиды. Егер ортаның қарсыласуы ұзақ уақыт төмен болса, яғни қолайлы ауа-райы мен азықтық жағдайлар нәтижесінде ұрпағы тоқтап қалатын түрлерде тез көбеюді байқауға болады. Осылайша құрт-құмырсқалардың жаппай көбеюі болады. Кейбір популяцияларға уақыттың белгілі бір аралығынан – үш жылдан он жылға дейінгі аралықтан кейін өсу мен азаюды алмастырумен бірге санның салыстырмалы реттелген ауытқулары тән. Мұндай кезеңділіктің себебі болып ішкі популяциялық репродуктивті ырғақ немесе жыртқыш пен құрбан популяциялардың өзара әсері табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |