10-тақырып. Маркетингтегі тауар және баға саясаты. Маркетингтік қызметтегі тауар. Тауарларды жіктеу. Тұтыну және өндірістік мақсаттағы тауарлар. Кәсіпорынның баға саясаты. Баға маркетинг мақсаттарына жетудің құралы ретінде. Баға түрлері және оларды қолдану ерекшеліктері -2 сағат.
Дәріс жоспары
1. Тауар саясаты түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.
2. Ассортимент түсінігі мен оның құрамалары. Тауар номенклатурасы, оның сипаттамасы.
3. Тауарды маркалау әдістері мен принциптері.
4.Бағаның атқаратын функциялары.
5. Бағаға әсер ететін факторлар.
6. Баға белгілеу әдістері.
Тауар саясаты деп- тауар ассортиментін қалыптастыру мен басқаруға бағытталаған іс-әрекеттердің, әдістер мен принциептердің жиынтығы. Мұндай шаралар мен іс-әрекеттердің болмауы кәсіп орын ассортиментінің тұрақсыздығына, күйзеріске, ассортименттің кездейсоқ конъюнктуралық факторларға тәуелділігін арттыра түседі.
Тауар ассортименттін қалыптастыру барысында жетекшінің басты рөлі- кәсіп орынның ресурстары мен сыртқы орта факторлары және мүмкіндіктерін қиыстыра отырып, кәсіп орынға нарықта үзақ мерзім бойы бәсекеге қабілеттілік бере алатын тауар ассортиментін қалыптастыру б.т.
Фирманың тамаша құрылған тауар ассортименті оны үнемі жаңартып отыру процесін оптимизациялауға мүмкіндік беріп, жетекшіге нарықта негізігі бағыт беріп отырады.
Тауа стратегиясының құрама бөлігінің бірі- тауар ассортиментімен байланысты.
Тауар ассортименті деп- қолданудың бірыңғай принциптерімен ерекшеленетін, сатып алушылардың бірыңғай топтарына сатылатын, нарыққа шығару әдістері де бірдей әлде бағаның бір диапазонына жататын тауар топтарын атайды.
Тауар ассортименті жөніндегі менеджер компанияның мақсаттары әсер етіп отыратын ассортиментті толықтырып отыру туралы шешім қабылдап отыруы тиіс. Әдетт мұны нарықта өзін толық ассортиментті ұсына алатын жабдықтаушылар ретінде көрсеткісі (позициялағысы) келетін компаниялар қолданады. Ал қысқа мерзімді табыстарды көздейтін компаниялар жекелеген туарлардан ғана тұратын тар ассортиментті қанаға тұтады.
Достарыңызбен бөлісу: |