5-тақырып. Көркем шығарма Жоспар: 1. Көркем шығарманың тақырыбының зерттелуі. Тақырыптың көркемдік шешімін табуы. Тақырыптың әлеуметтік мәнділігі, проблемалылығы.
2. Көркем шығарамның идеясы, автор дүниетанымымен байланыстылығы. Шығарма идеясының оқиға дамуы, кейіпкерлердің іс-әрекеті, тартыстың шешімі арқылы танылатындығы.
3. Идеяның түрлері, негізгі өзекті идея және объективті идеялар.
Тапсырмалар: 1. Қ.Мәшһүр-Жүсіптің «Өлең-сөздің патшасы» кітабынан «Идея және тақырып» тақырыбын конспектілеу.
2. З.Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабының төртінші тарауын (1-3 тарауша) конспектілеу. «Әдебиеттануға кіріспе» терминдер сөздігінен тақырыпқа қатысты терминдердің глосарийін құру.
6-7тақырып. Көркем бейне және оның жасалу жолдары Жоспар: 1. Әдебиет туралы ғылым және образдылық мәселесі. өмірдің өмірді бейнелеу ерекшеліктері. Образдың суретті сөз екендігі.
2. Көркем шығармадағы деталь. Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек және жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні.
3. Лирикалық, эпикалық және драмалық образдар. Образдың жасалу тәсілдері тұрғысынан жіктелуі.
Тапсырмалар: 1. З.Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабының үшінші тарауын (2-6 тарауша) конспектілеу.
2. «Әдебиеттануға кіріспе» терминдер сөздігінен тақырыпқа қатысты терминдердің глосарийін құру.
8-9тақырып. Көркем шығарманың композицияцы мен сюжеті Жоспар: 1. Сюжеттік оқиғалар мен қаһармандардың өзара қарым-қатынасы, тартыстың нақты көрінісі екендігі.
2. Сюжет пен фабула. Сюжетсіз шығармалар.
3.Композиция-көркем шығарма құрлысы, образдардың өзара байланысуы.
Тапсырмалар: 1. Қ.Мәшһүр-Жүсіптің «Өлең-сөздің патшасы» кітабынан «Лирикадағы сюжет мәселесі», «Лирика композициясы мәселелері» тақырыбын конспектілеу.
2. З.Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабының төртінші тарауын (4- тарауша) конспектілеу.
3. «Әдебиеттануға кіріспе» терминдер сөздігінен тақырыпқа қатысты терминдердің глосарийін құру.