Конспектісі пәннің атауы: «Әдебиеттануға кіріспе»



бет1/35
Дата13.01.2023
өлшемі0,54 Mb.
#61199
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Конспект лекций дисциплины Әдебиеттануға кіріспе


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті



ПӘННІҢ ДӘРІС КОНСПЕКТІСІ

Пәннің атауы: «Әдебиеттануға кіріспе»


Мамандық: ҚТжӘ
Оқу түрлері: күндізгі, күндізгі қысқартылған
Барлығы 5 кредит
Курс: 1
Семестр: 1
Жалпы еңбек сыйымдылығы - 150 сағ.
Барлық аудиторлық сабақтары - 50 сағ.
Дәріс – 30
Практикалық (семинар) сабақтары - 20 сағ.
СӨЖ – 50 сағ.
СОӨЖ – 50сағ.

Қостанай, 2019


«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының оқытушысы Толеуова Алтын Конысбаевна студенттерге арналған «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқыту бойынша пәннің дәріс конспектісі типтік бағдарлама негізінде құрастырылып жасалынған

№ 1 хаттама


2017 ж. «____»_________ №1 хаттама бойынша «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқыту бойынша пәннің дәріс конспектісі кафедра мәжілісінде ұсынылып, қарастырылды

Кафедра меңгерушісінің м.а._____________ _______________


2017 ж. «____»_________ №1 хаттама бойынша «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқыту бойынша пәннің дәріс конспектісі педагогикалық факультетінің ғылыми әдістемелік кеңесінде қабылданды


ҒӘК төрайымы_______________ ______________
Аты-жөні қолы
Пәннің дәрістік комплексі


ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
1-Лекция. 
1. Тақырыбы: Әдебиет туралы ғылымның туу, қалыптасуы.
Жоспары: 



  1. Әдебиет ғылымы туралы. 

  2. Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасуы туралы. 

Қазақ топрағында әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәурінен әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі (әрі қиын, әрі қызық) даму - өсу, өркендеу езеңдерін бастан кешіріп отыр.


Атап айтсақ, қазақ әдебиетінің тарихын түгендеу бағытында жаңа дәуірге сай біршама батыл адымдар жасалады. Орта мектепке, жоғары оқу орындарында арналған оқулықтар мен оқу құралдары, әр арнаулы зерттеулер мен монографиялар, әсіресе “Ақтаңдақтар ақиқатына” байланысты толғаныстар мен талдаулар – осының айғағы. 
Осы реттен алынып қарағанда, біздің әдебиеттануда күні кешеге дейін кенже қалып келген сала - әдебиет теориясы. Әдебиееттең тарихы мен сыны оның теориясымен тығыз байланысты екенін ескерсек, белгілі қазақ әдебиетшілерінің қай-қайсысы болса да өздерінгің ірі, іргелі зерттеулері мен сын еңбектерінде әдебиет теориясын орағытып өтпегені, оның бір жайы болмаса бір жайын қозғап байқағаны даусыз.
Республикамыздың жоғары оқу орындары үшін әдебиет теориясынан алпысыншы жылдардың аяғына дейін(“Сөз өнерінің” бірінші басылымы 1970 жылы шықты) қазақша оқулық жазылмайкелген.
1926 жылы Ахмет Байтұрсынав өзінің “Әдебиет танытқышын” кітап қып бастырып шығарды. Бұл біздің жыл санауымыздан үш ғасыр бұрынЭллада елінде жарық көрген Аристотельдің “Поэтикасы” тәрізді сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ құоғамындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді.
Аралары тым алшақ жатқанына қарамастан бұл екі кітапты өзара салыстыра, қатар атауымыздың мәнісі – екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы “әліп - билері”. Асылы үздік қасиеттербір –бірінен қанша ерекше болса, бір-біріне сонша ұқсас болады.
Бірақ, амал не, Ахаң “тағдыр тәлкегіне” түскен тұста “Әдебиет танытқыш” та автормен бірге жойылып кетті. Бұл еңбекпен пайдалану былай тұрсын, оның атын атаудың өзі қылмыс боп есептелді. Ахаң ашқан әдеби терминдерді қолданған Есмағамбет Ысмайылов пен Зейін Шашкиннің жазбалары да “Әдебиет танытқыштың ” аяғын құшты.
Сонымен, жетпісінші жылдарға шекті студент-филологтар мен журналистердің қолында жүрген бірден-бір құрал­­ Қажым Жұмалиевтің орта мектепке арналған “Әдебиет теориясы” ғана болғаны мәлім.
Әрине, Қ.Жұмалиев кітабының қазақ әдебиеттануындағы орнын да, тек мектеп оқушылары ғана емес, қалың көпшіліктің эстетикалық талғамын қалыптастыруда ондаған жылдар бойы атқарған рөлін де ешкім жоққа шығармайды.Алайда бұл әдебиет теориясының түбірлі, түбегейлі мәселелерін кеңірек және тереңірек зерттеу міндетін күн тәртібінен түсірген жоқ, қайта бізді сол әрекетке мегзей берді.
1961 жылы біз тұңғыш рет мемлекеттік университеттер мен педагогикалық институттарға арнап “ Әдебиеттану негіздерінен ” бағдарлама жасадық. Ол бірнеше мәрте басылып шықты. Бірақ ұстаздар үшін де , шәкірттер үшін де тек бағдарлама ғана емес, сол программалық проблемаларды байсалды пайымдайтын, сөйтіп жоғарыда көрсетілген ол қылықтың орнын толтыратын арнаулы еңбек жазу қажеттігін өмірдің өзі талап етті.
Қолыңыздағы кітап, міне, дәл осы мүддеден туды.
Әдебиет теориясынан жзылған монографиялар , оқулықтар орыс тілінде бірқыдыру. Жоғарғы оқу орындарында осы кезде пайдаланылып жүрген оқу құралдары , негізінен, Г. Л. Абрамович пен Л. И. Тимофеевичтің кітаптары. Бұлардан басқа Ф. М. Головенченконың, Н. А. Гуляевтің, Г. Н. Поспеловтың , Л. В. Щепиловтың және басқалардың кітаптарын атап айтуға болады. Ал А. М. Горький атындағы дүние жүзілік әдебиет инститтутының ғылыми қызметкерлері дайындап, жарыққа шығарған үш томдық “ Әдебиет теориясы ” аталмыш саладағы адым іргелі еңбек. Бұл үш кітаптағы көптеген нақты тарауларда ғалым авторлар теориялық проблемаларды тексерудегі тарихи көзқарастың (историзмнің) маңызын іс жүзінде ұтымды танытады; бай әрі бағалы әдеби деректер негізінде нұсқаулы талдаулар жасап дәлелді түйіндер шығарады. Осы айтылғандардың өзі аталған томдардың , толып жатқан даулы тұстарына қарамастан, әдебиеттанудың кеңестік кезеңіндегі әжептәуір әдемі құбылыс екенін аңғартатса керек.
Әдебиет теориясынан жоғары оқу орындарына арналып жазылған кітаптардың әрқайсысы әр сипатта болып келеді. Айталық, Г. Л. Абрамовичтің “Әдебиеттануға кіріспесінде” әдебиет теориясның алғы шарттары мен тұңғыш түсініктері, ең қажетті детальдары мен қарапайым жайлары сараланса, Л. И. Тимофеевтың “Әдебиет теориясының негіздері” ең алдымен көркем туындыларды, ағымдар мен жалпы әдеби процесті талдап – тексерудің принциптері мен методикасын қарастырады; ал авторлар коллективі жазып шығарған үш томдық “Әдебиет теориясы” жалпы әдеби дамудың тарихи заңдылығын іздеп табуды көздейді.
Әдебиеттер:



    1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.3-12 б. 

    2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 130—135 б. 

    3. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991. 

    4. Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.3-9 б. 

    5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет