48
2СО
Fe
t
0
СО
2
+
ŕňîě
c
ІІ-саты: С-а
ІІІ-саты: диффузия
Қатты карбюризаторда процесті ӛткізу оңай жүзеге асады. Бірақ
процесс ұзақ жүреді. Сондықтан қатты карбюризаторда цементтендіруді
кӛбінесе жеке ӛндірісте қолданады. Жаппай және ірі сериялы ӛндірісте газ
күйдегі карбюризаторды қолданады. Себебі процесс автоматтандырылған.
Процесс ұзақтылығын қысқартуға ӛндіріс ӛнімділігін арттыруға мүмкіндік
туады. Газ бен цементтің жылдамдығы 0,12-0,15мм/сағ. Цементтендіруге
механикалық ӛңдеуді ӛткен, бірақ термиялық ӛңдеуді ӛтпеген детальдарды
жатқызады. Цементтендіруден кейін шынықтыру мен тӛменгі
босатуды
ӛткізеді. Сонықтан деталь бетінде ӛңдеуден кейін қаралай және тазалай
ажарлауға арналған металл қабатын қалдырады.
Азоттандыру деп болаттың беткі қабатын азотпен диффузиялық
қанықтыру
процесін
айтады.
Азоттандыруға
кӛбінесе
машина
детальдарының беткі қабатының қаттылығын, беріктігін, тозуға
тӛзімділігін, атмосфера жағдайында коррозияға тӛзімділігн арттыру үшін
қолданады. Азотпен қанықтырылған қабат коррозияға тӛзімді болады.
Азоттандыруды ӛткен қабаттың қаттылығы цементтендіруді ӛткен
қабаттың қаттылығынан жоғары болады.
Цементтендірілген қабаттың
қаттылығы HRC 58-62. Сол бұйым ӛзінің қаттылығы HRC20.
Азоттандырылған беттің қаттылығы 400-500ºC дейін сақталады.
Цементтендірілген беттің қаттылығы 200-225ºC сақталады. Азоттандыруға
кӛбінесе орташа кӛміртекті алюминий, хром, вольфрам, ваннадий,
молибден элементтерімен легирленген болаттар жатқызылады.
Кӛміртекті болаттарды азоттандыруда тек коррозияға тӛзімділігі
артады. Аталған легирлеуші элементтер азот пен нитрид түзіп, беткі
қабаттың қаттылығын, тозуға тӛзімділігінің артуын қамтиды. Азоттандыру
ұзақ ӛтеді, 10 сағат ішінде 0,1мм тереңдікке ӛтеді. Сондықтан
цементтендіруден гӛрі сирегірек қолданады. Бірақ айнымалы күштер
әсерінде жұмыс жасайтын детальдар үшін беттік
қабатының қасиеттеріне
белгілі талаптар қойылғанда, азоттандыруды ӛткізу тиімді. Мысалы: иінді
біліктің мойыншаларын, т.б. детальдарын ӛңдеуде қолданылады.
Процесті
кӛбінесе газ күйіндегі ортада ӛткізеді. Орта ретінде аммиакты
пайдаланады. Процесс 500-600ºC ӛтеді. Кӛбінесе 0,4-0,6мм қалыңдықты
ӛңдейді. Ол үшін 40-60сағат уақыт қажет. Кейін пешпен бірге суытады.
Азоттандыруға механикалық ӛңдеуден (шынықтыру+жоғары босату) ӛткен
бұйымдар жатқызылады. Азоттандырудан кейін бұйымды тек тазалай
ажарлайды.
Циандандыру деп болаттың беткі қабатын кӛміртекпен және азотпен
қоса диффузиялық қанықтыру процесін айтады. Циандандыру мақсаты –
49
беткі қабаттың қаттылығын, коррозияға тӛзімділігін арттыру. Процесті
сұйық, газ, қатты күйдегі орталарда ӛткізеді. Газ күйіндегі ортада
циандандыруды нитроцементтендіру дейді.
Кӛбінесе,
сұйық күйдегі ортаны қолданады. Оның құрамы
балқытылған цианит тұздарынан тұрады: 20-25% NaCN
25-50% Na
2
CO
3
25-50% NaCl
Газ күйдегі орта ретінде 70-80% табиғи газ бен 20-30% аммиактан
тұратын ортаны жұмсайды. Циандандыруды ӛткен қабаттың қасиеттері
қыздыру температурасына тәуелді. Қыздыру температурасын 50-950ºС
аралығында ӛткізеді. Ортаның температурасы артқан сайын бұйымның
беткі қабатындағы кӛміртектің мӛлшері артады. Температура тӛмендеген
сайын беткі қабаттағы азот мӛлшері артады.
Соған байланысты
циандандыруды жоғары температурада циандандыру және тӛменгі
температурада циандандыру деп бӛледі.
Жоғары температурада циандандыруды 800-950 ºС ӛткізеді. Беткі
қабатқа кӛбінесе кӛміртек отырып, процесс цементтендіруге ұқсас ӛтеді.
Жоғары температурада циандандыруды тісті дӛңгелектер сияқты машина
детальдарына
арнайды.
Цементтендірілген
қабатқа
қарағанда
циандандырылған қабаттың механикалық қасиеттері жоғары болады.
Тӛменгі температурада циандандыруды 500-600ºС ӛткізеді. Процесс
азоттандыруға ұқсас ӛтеді. Тӛменгі температурада циандандыруды
кӛбінесе легирленген аспаптық болаттарға арнайды. 2-10 сағат ішінде
қабаттың тереңдігіне 0,25-1мм ӛтеді.
Жоғары температурада циандандырудан
кейін болаттарды термиялық
ӛңдеп, ажарлайды.
Тӛменгі температурада циандандырудан кейін тек тазалай ажарлайды.
Диффузиялық металдандыру деп болаттың беткі қабатын әртүрлі
металдармен диффузиялық қанықтыру процесін айтады. Металдандыру
нәтижесінде беткі қабат легирленеді деп санайды. Хроммен қанықтыру
процесі – хромдау, алюминиймен - алитерлеу, кремниймен -
силицийлендіру, бормен - борлау, т.б. деп аталады.
Осы металмен
қанықтырылған беткі қабаттардың ыстыққа тӛзімділігі, қаттылығы, тозуға
тӛзімділігі артады. Орта ретінде балқытылған металдарды, балқытылған
тұздарды немесе газ күйіндегі металл хлоридтерін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: