Конструкциялық материалдар және термоөңдеу Конструкционные материалы и термообработка Constructional materials and heat treatment Учебное пособие для специальности: 5В071200– «Машиностроение»



Pdf көрінісі
бет13/77
Дата06.07.2022
өлшемі1,99 Mb.
#37521
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77
2
0
3
қорғаушы плен- ка пайда болуы 
нәтижесінде болаттың тотығуға тӛзімділігі артады. Бұл пленка хром 
мӛлшері 12,5% болғанда ғана пайда бола бастай- ды. Хромның мӛлшері 
неғұрлым кӛп болса, болаттың тотығуға тӛзімділігі соғұрлым жоғары 
болады. Кӛміртегі бұл болаттарда хромды байланыстырып, қатты 
ерітіндідегі хромды азайтады да, болаттың коррозияға тӛзімділігін 
тӛмендетеді. Хромды болаттарды 1000-1100оС шынықтырып босаңдатады. 
Феритті кластағы болаттарды (0,8X3, 12X13) босаңдатуды 700- 750°С 
жүргізеді. Олар созымдылығы жоғары және соққы күшін қабылдайтын 
бӛлшектер жасау үшін қолданылады. Мартенситті болаттар үшін (30X13, 
40X13) босаңдатуды 200-250°С жүргізеді. Оларды да қаттылығы мен 
беріктігі жоғары болатын бұйымдарды жасауға қолданады. 
Хромды никельді болаттар 12X18, Н9Т, 17Х18Н9, 4Х18Н10 т.б аустенитті 
кластағы тотықпайтын болаттарға жатады. 
Аустенит қүрылымы 1050°С-ке дейін қыздырып, суда шынық- тырған соң 
алынады. Бүл болаттар қысыммен жақсы ӛңделеді, пісірілуі жақсы. Суық 
пластикалық деформация арқылы хром- ды никельді болаттардың 
беріктігін арттырады. Олардан химия, мүнай, тамақ ӛнеркәсібінде 
қолданылатын машина бӛлшектерін жа- сайды. 
Тотыгуга қарсы қаптаулар. 
Жылына шамамен қорытылған металдың 10%-ға жуығы тотығуға 
үшырайды. Осыдан бұл мәселенің ӛте маңызды екені байқалады, 
сондықтан металдарды тотығудан қорғауда әртүрлі тәсілдер қолданылады. 
Металды тотығудан қорғау тәсілдерін үш түрге бӛлуге болады: беттерді 
химиялық және электрохимиялық ӛңдеумен қаптау, металл емес қаптаулар 
мен металл қаптауларын алу. 
Химиялық және электрохимиялық ӛңдеумен бүйым бетінде үздіксіз 
қорғаныс қабатын жасауға болады. Ол қабаттар оксид- теу, анодтау, 
фосфаттау жолымен алынады. Металмен қаптаудың ӛндірісте ең кӛп 
қолданылатын 
түрлеріне 
мырышпен, 
қалайымен, 
кадмиймен, 
алюминиймен, хроммен және басқа металдармен қаптау жатады. Металл 
қаптауларын алудың негізгі әдістеріне балқыған металға салу, 
термодиффузиялық, термомеханикалық жӛне гальваникалық әдістер 
жатады. 
Металл емес материалдармен қаптау - ӛндірісте ең кӛп тараған тосіл. Бүл 
тәсілге эмальдау, лактау, бояу, резеңкемен, пластмасса- мем қаптау
майлау және т.б. жатады. 
Ыстыққа тӛзімді және ыстыққа берік болаттар. 


36 
Ыстыққа тӛзімді болаттар деп біраз уақыт ішінде жоғары тем- пературада 
газды тотығуға қарсы тұратын және ӛзінің керекті қасиеттерін 
жоғалтпайтын болаттарды айтады. Болаттың отқа 
тӛзімділігі хром, алюминий жоне кремний қосқанда артады. 12X13 
маркалы болаттың тӛзімділігі 700...750°С, 12X17- 850°С және 15X28-
1100 С-ке дейін. Бұл болаттарда кӛміргегі аз (0,2%-дан аспайды). 
Мысалы, 1Х13 маркалы болат құрамында 0,1% С бар. Егер марка 
алдында сан болмаса, онда мұнда кӛміргегі мӛлшері 0,1% аз болғаны, 
ал егер маркалары 0-ден басталса, онда кӛміртегі мӛлшері 0,08%-дан 
аспайды. Ӛндірісте келесі маркалы: 08X13, 12X13, 20X13, 30Х13, 
40Х13 болаттар ӛндіріледі. 
Ыстыққа берік болаттар деп жоғары температурада жеткілікті 
механикалық беріктігін сақтай алатын болатты айтады. Негізгі легірлеуші 
элементтерге аустениттік құрылымын және ыстыққа тӛзімділігін
қамтамасыз ететін хром мен никель жатады. Ығысып жылжу
жылдамдығын азайту
мен беріктігін ары қарай арттыру үшін 
молибден, ниобий, вольфрам қосылады. 
Шамамен 600...700°С температурасында жұмыс істейтін бӛл- шектер жасау 
үшін аустениттік 12Х18НЮТ, 
45Х14НІ4В2М, 
37Х12Н8Г8МФ5 және т.б маркалы болаттар қолданылады. Бүл 
болаттардың пластикалық қасиеті мен пісірілгіштігі жақсы. Олардан 
жоғарғы қысымды бу қазандарын, турбина қалақтарын, реактивті моторлар 
сопласын және басқа бӛдшектерді жасайды. 
Тозуға тӛзімді болаттар. 
Тозуға тӛзімді болаттар абразивті ортада тозуға жақсы қарсы түрады. 
Қысымды, үйкеліс және соққы жүмыстарында марганецті аустенит типті 
ГІЗ маркалы Гадфильд болатын қолданады. Оның қүрамына 13% Мn, 1,2% 
С кіреді. Бүл болаттан экскава- тор бӛлшектерін, тас үнтақтайтын 
бӛлшектер және трактордың шынжыр табаны тізбектерін жасайды. Тозуға 
тӛзімді болаттарға графиттендірілген болаттар да жатады. Кӛміртегі 
графиттендіргіш босаңдатудан кейін графит түрінде бӛлінеді. Бүл 
болаттардан штам- птар, иінді біліктер жасалады. 
Электротехникалық металдар мен қорытпалар. 
Электротехникалық материалдар тот баспайтын, механикалық беріктігі 
жоғары, суық және ыстық күйінде қысым арқылы жақсы ӛңделетін, 
дәнекерленетін әрі пісірілетін болуы керек. 
Мүндай қасиеттерді мыс, алюминий, қорғасын, күміс, ал- тын және кейбір 
металдар қанағаттандырады. Мыс басты электр ӛткізгіш материалдардың 
бірі болып табылады. Босаңдатылған жүмсақ маркалы мыс шыбықтары 
ӛткізгіштер, монтаждау сымда- рын дайындау үшін жүмсалады. МТ 
маркалы соғыла тығыздалған қатты мыс оқшауланбаған әуе желілерін, 
ӛткізгіш 
сымдарын, 
электр 
тетіктерінің 
шиналарын, 
электр 
машиналарының коллектор- ларын жасау үшін қолданылады. 


37 
Мыс корытпалары - қола мен жез - беріктігі жоғары ӛткпгіш сымдар, 
серіппелер, щетка үстағыштар, қысқыштар және бекіту бӛлшектерін жасау 
үшін пайдаланылады. 
Алюминий - кең таралған ӛткізгіш материал, АМ марклы босаңдатылған 
жұмсақ алюминий сымдары оқшауланған орама және монтажды ӛткізгіш 
сымдар дайындау үшін қажет. 
Босаңдатылған АТ маркалы қатты алюминий сымдары электр берілісі 
желілері кабельдерін және электр аппараттары шина- сы мен электр тарату 
тетіктерін жасау үшін пайдаланылады. Алюминийдің кемшілігіне 
беріктігінің тӛмендігі, пісірілгіштігі мен дәнекерленуінің нашарлығы 
жатады. Пісіру кезінде алюми- ний сымдарын жалғастыру үшін флюстер 
қолданылады. Арнайы қондырғыларда салқын балқыту жақсы нәтижелер 
береді. Бүл жағдайда жалғастырылатын сымдардың бүйір жағы 1000-1200 
МПа қысыммен қысылады. 
Корғасын кабельдердің қорғаныш қабығын, тез балқитын сақтағыштық 
қоспаларын, рентген қондырғыларындағы қорғаныш жрандарын, қышқыл 
аккумуляторлары тілімдерін жасау үшін кеңінен қолданылады. 
Платина мен күмістің пластикалық қасиеті мен тот басуға бекемділігі 
жоғары болып келеді. Олардан диаметрі 0,002 мм сым- дар дайындалады. 
Платина сымдары лаборатория пештерінде электр қыздырушы 
элементтерін, дәл электр ӛлшеу приборлар шектерін және термобуларын 
жасауда қолданылады. Күміс пен пла- тинадан аз қуатты қоспа 
аппараттарға түйіспелер жасайды. 
Вольфрам мен молибден қыздыру спиральдарын ұстаушы ілмешіктер, 
электровакуумды аспаптар катодтарын және электр 
аспаптарының айырғыш түйіспелерін дайындау үшін керек. 
Сынап 234 С-ке дейін ӛзінің күйін сақтайды. Ол тотығуға тӛзімді. Мыс, 
мырыш, қорғасын, никель, қалайы, күміс, алтын сынапта ериді. Сынапта 
сынап түзеткіштерінде арпайы реледе сүйық ретінде қолданады. 
Никельді марганец қорытпалары (НМц2,5 және НМц5) авто- 
мобиль свечаларын және радиолампалар жасау үшін пайдаланы- 
лады.Ыстыққа бекем қорытпалар 1200°С температурада жұмыс істейтін 
пештер мен қыздырғыш аспаптарда қолданылады. Оларға хром-никельді 
қорытпалар (нихромдар) - Х20Н80; никель- ром және темір негізді 
қорытпалар (ферро-нихромдар) - Х15 Н60, Х25Н20, темір, хром, алюминий 
үштік қорытпалары (фехралдар, хроналдар) ХІЗЮ4, Х17Ю5, ОХ25Ю5 
жатады. 
Аталған қорытпаларды қыздырған кезде олардың бетінде тотығудан 
сақтайтын хром тотығынан (Сг


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет