ikaz.info сайтынан) 3.Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы төрт айға созылды — 1917 жылдың аяғынан 1918 жылдың наурызына дейін. Бұл процесс әлеуметтік-экономикалық, өлкедегі мәдени дамудың артта қалуына байланысты және жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың әлсіздігі ұлтаралық қатынастармен байланысты қиындықтарымен шиеленісті. Өлкедегі Кеңес өкіметінің жеңісіндегі шешуші ролді негізінен жергілікті горнизондардың солдаттары мен Ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған бұрынғы майданға қатысқандар Кеңес өкіметінің оларға бейбітшілік пен, шаруаларға жер беруіне уәде еткіндігінен туындаған мүдделілік негізінде болды. Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің үкіметі мен Қазақстанның әртүрлі қалаларына құлатылған Уақытша үкіметтің жақтастарының қарсыласуына байланысты жағдай шиеленісе түсті.
Сырдария, Ақмола және Бөкей Ордасынның көпшілік аудандарында негізгі күш большевиктерде болғандықтан, уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмады, бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт түрде — Советтердің жұмысшыларды, кедей шаруаларды жаулап алуы негізінде жүрді.
Уақытша үкіметтің жақтаушыларының негізгі күштері сақталған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облысының кейбір жерлерінде жағдай өзгеше болды. Уездік қалалар облыс орталықтары мен көптеген аудандарда кеңес өкіметі Уақытша Үкіметтің жергілікті органдары, олардың одақтастарының қарсыласу күштерін қызыл әскер отрядтарының күшімен жеңді.
1917 жылдың қазанның соңынан 1918ж. наурызы аралығында Қазақстанның ірі жергілікті жерлері мен ірі қалаларында Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанның негізгі тобы ауыл мен селоларда Кеңес өкіметін орнату процесі азамат соғысы басталған уақытқа дейін созылды. Бұл істе белсенді қызмет атқарғандар А.Жангельдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, А.Майкөтов, И.Дубинин, К.Шугаев, Я.Ушинов, С.Шиллинг, А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.Виноградов, Т.Бокин, Л.Хмелев. Т.Өтепов, А.Розыбақиев және т.б.
(stud.kz сайтынан) 4. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізгені сөзсіз. Кеңес билігі ең алдымен:
Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей ордасында бейбіт жолмен орнады.
Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылы 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды.
1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес билігі Черняев (Шымкент) қаласында орнады.
Қараша-желтоқсан айларында Кеңес билігі Әулиеата, Түркістан, Қазалы, Арал кентінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады.
Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде орыс-казак әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа тап болды.
1918 жылы наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде Кеңес билігі орнады.
Кеңес өкіметі ең соңғы орнаған аумақ Орал қаласы болды.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Ал 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған өлкелік съезде жаңа өкімет «Түркістан Халық комиссарлары кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф.Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көзқарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ», деп мәлімдеді.
1917 жылы 22 қарашада Қоқан қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқан автономиясы» деп те аталады. Алғашқы басшысы М.Тынышбаев, одан кейінгі басшы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.