Контрастивті салғастырмалы лингвистика тіл біліміндегі ең жас саланың бірі


Мөлшер сөздің қосарлануы және морфологиялық ерекшелігі



бет10/13
Дата19.02.2023
өлшемі114,95 Kb.
#69211
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
New Документ Microsoft Word

^ 3.1. Мөлшер сөздің қосарлануы және морфологиялық ерекшелігі. Мөлшер сөздің негізгі бөлігі бір буынды, олар қосарланып реттілік мағынасын білдіреді. Мыс.:同学们个个都很喜欢这位老师。Студенттердің әрқайсысы бұл мұғалімді өте жақсы көреді. 他说的句句都是实话。Оның айтқан әр сөзі шындық. 条条大路通罗马。Тарам- тарам әрбір жол Римге қатынайды. 我去过好几回,回回都没有见到他。Мен бірнеше рет барғам, әрбір жолы оны кездестіре алмадым.
«个个» «әрбір» деген мағына береді, «句句» «әрбір сөйлем» мағынасын, «条条», «回回» олар «每一条[mei yi tiao] әр бір көше», «每一回[mei yi hui] әр ретте» деген мағына береді, барлығы грамматикалық заңға сәйкес, реттіліктің мағынасын көрсетеді.
2-кесте – Қосарланған мөлшер сөздердің грамматикалық мағынасының өзгеруі



Мөлшер сөздің қосарлануы

Синтаксистік қызметі

Сөйлемдегі
орны

Мөлшер сөз типі

Грамматикалық мағынасы

АА

бастауыш




Заттық мөлшер сөз

әрбір

баяндауыш







көп

анықтауыш

толықтауыштың алдынан




көп

бастауыштың алдынан




әрбір

көп

пысықтауыш




Қимылдық мөлшер сөз

әрбір

Заттық мөлшер сөз

бір-бірден

тізбектеліп

^ 3.2.Мөлшер сөздің валенттілік қызметі. Қытай тіліндегі мөлшер мағынасының синтаксистік тәсіл арқылы берілуінің өзіндік жолдары бар. Мөлшер сөз бен сан есім, сілтеу есімдігі мөлшер сөз тіркесін жасағаннан кейін олар сөйлемде еркін қолданылып, сөйлем мүшесі бола алады. Бірақ сан есім заттық мөлшер сөздермен және қимылдық мөлшер сөздермен тіркесіп, мөлшер сөз тіркесін құраса оның сөйлемдегі синтаксистік қызметінде әртүрлі айырмашылықтары болады. Мөлшер сөздер әрқашан сан есімдермен тіркесіп қолданылатындықтан, олардың тіркесін сандық мөлшер сөз деп атау дағдысы бар.
数量词+名词(Сан мөлшер сөз +зат есім). Мыс.:一位工人бір жұмысшы,一次机会бір жолғы жиын. Мөлшер сөздердің барлық түрін动词+数量词+名词(етістік+сан мөлшер сөз+зат есім) үлгісінде қолдануға болады.
А. Бұл үлгіде заттық мөлшер сөздердің соңына зат есім қосылып айтылады. Мыс.:买了一本书бір кітап сатып алды,种了一棵树。
В. Аталған үлгі бойынша етістіктің соңында қимылдық және мезгілдік мөлшер сөздер қолданылғанда, олар алдындағы етістік білдіретін қимыл-әрекетті анықтайды. Мыс.:看了一眼бір рет қарау,听了一听бір рет тыңдау,去过一次бір рет барды,来了三天 т.б. Мөлшер сөздер сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш та бола алады. Мыс.:两本都看完了екі кітапты оқып болдым, 我已经四十岁Мен қырықтамын。时间已经六点уақыт алты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет