Контрастивті салғастырмалы лингвистика тіл біліміндегі ең жас саланың бірі


Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің зерттелуі



бет2/13
Дата19.02.2023
өлшемі114,95 Kb.
#69211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
New Документ Microsoft Word

^ 1.2. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің зерттелуі. Қытай тіл білімінің дамуы ертеден басталған, дегенмен көне заман қытай тілі грамматикасы туралы біршама жүйелі жазылған еңбектердің аз екендігі шындық. Бірақ бұл қытай тілі грамматикасы мүлде сөз болмады дегенді білдірмейді. Қытайдың бектер заманы ғылымның өркендеген дәуірі деп саналады. Тіл білімінің алғашқы өркендеуі осы кезден бастау алады.
«Мөлшер сөз» атауының мағынасына келсек, ол мөлшерлеу, шамалау дегенді білдіреді. Қытай тіл білімінде 1898-1952 жылдар аралығындағы ғылыми еңбектерде мөлшерге берілген атауларда бірізділік жоқ екенін байқауға болады.
1898 жылы Ма Цзенчжұң (马氏文通) «Грамматика сауаты» кітабының есім сөздер тарауында былай деген: «Өзі сөз емес, бірақ зат санымен қабысып келетін сөздер болады. Мысалы, ат, арба деген атаулардың алдында тұрады» [4, 67].
Қытайдың белгілі лингвистері Ли Жиңший (黎锦熙),Уаң Ли (王力), Лу Шусяң (吕叔湘), Гау Миңкай (高名凯), Лу Чжі Вей (陆志韦), Тан Жыңби (谭正壁), Жаң Жыгұң (张志公), Диң Шыңшу (丁声树) және Чың Ваңдаудың (陈望道) еңбектерінде мөлшер сөздер әр түрлі атаулармен аталып зерттелген. Америкалық қытай ғалымы Жау Юанрынның (赵元任) «Қытай тіліне кіріспе» атты еңбегінде мөлшер сөздерді «көмекші зат есім» деп қарастырған.
Тек ХХ ғасырдың 50-жылдарынан кейінгі уақытта ғана қытай тіліндегі сөз таптарының құрамында ол жеке сөз табы болып, ресми атау алды. 1954–1956 жылдары құрастырылған «Қытай тілінің мектеп грамматикасының уақытша жүйесі» оқулығында: затты немесе қимылды білдіретін мөлшер сөздерге «сандық мөлшер сөз» деген анықтама берілген. Пекин университетіндегі «Қазіргі қытай тілінің грамматикасы» оқулықтарында мөлшер сөздерді қытай тілінің сөз таптары құрамына енгізу мәселесі бойынша кейінгі жылдарда мөлшер сөздерді зерттеуші-лер Хе Жие мен Го Сианжын мен Ли Үймиң еңбектері аталады. Мөлшер сөздерге қатысты пікірлерді Жао Юанрен, Паул Кратович еңбектерінен кездестіруге болады.
Қытай тілі грамматикасы зерттеушілерінің қытай тіліндегі мөлшер сөздерді жүйелеу туралы жазған еңбектерін қарастыратын болсақ, олардың пікірлері әр түрлі. Ху Үйшу ( 胡裕树1962), Хуаң Борун (黄伯荣1979), Жаң Жыгоң (张志公1983), Ли Жиңший (黎锦熙) мен Лю Шыру (刘世儒1978) оларды әр түрлі топтарға бөліп қарастырады. Мәселен, олар заттық мөлшер сөздерді арнаулы және ауыспалы мөлшер сөздер деп екіге бөлген. Го Шауүй (郭绍虞1979), Ли Жиңший (黎锦熙) және Лю Шыру (刘世儒1978) өз еңбектерінде мөлшер сөздерді үш топқа бөліп көрсеткен.
Қытай Ұлттар Университеті филология факультетінің қытай тілі бөлімінің оқытушылары құрастырған «Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қолданылуы» деген еңбекте мөлшер сөздерді заттық мөлшер сөздер, етістік мөлшер сөздер, күрделі мөлшер сөздер деп үш топқа бөліп, «заттық мөлшер сөздер заттардың санын мөлшерлеуді білдіреді», «етістік мөлшер сөздер әрекеттің немесе қимылдың ретін санауды білдіреді», «ал күрделі мөлшер сөздер екі мөлшер сөздің бірігуі арқылы жасалып, күрделі бір бірлікті білдіреді» деген анықтамалар берілген. Оны Жаң Ваңчи (1992), Го Сианжын ( 1987) еңбектерінен табуға болады. Лүй Шушяң (吕叔湘) «Қазіргі қытай тіліндегі 800 сөз» деген кітабында мөлшер сөздерді: жекелік мөлшер сөздер, жинақтық мөлшер сөздер, бөлшектік мөлшер сөздер (часть) (部分量词 ), сыйымдылық мөлшер сөздері (容器量词), уақытша мөлшер сөздер, өлшемдік мөлшер сөздер, тәуелсіз мөлшер сөздер, қимылдық мөлшер сөздер, күрделі мөлшер сөздер деп топтастырады.
Ли Үиехуа мөлшер сөздерді заттық және қимылдық мөлшер сөздер деп екіге бөліп, ал заттық мөлшер сөздерді арнаулы және ауыспалы мөлшер сөздерге бөлген. Ол арнаулы мөлшер сөздерді: жекелік, жинақтық, өлшемдік, белгісіздік, потенциалдық және күрделі мөлшер сөздер деп бөлген. Қимылдық мөлшер сөздерді де арнаулы және ауыспалы деп бөліп қарастырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет