Кооперативті оқыту дегеніміз не? Мария Хосе Ролдан



бет4/5
Дата24.05.2023
өлшемі255,1 Kb.
#96571
1   2   3   4   5
Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.

  • Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеу рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балардың ойындарда адамдардың іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді.

  • Әр түрлі ойын баланың дүниетенымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.

  • Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. V–VI сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді.

  • Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

  • Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады.

  • Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.

  • Жеке адамның санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі ерекше орын алады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздей талаптанып әр түрлі әрекет жасайды.

  • Оқушылардың өзі-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу тәрбие жұмысының барысында сана сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің басты міндеті.

  • Кеңес педагогикасында адамның қоғамдық-саяси белсенділігі күрделі моральдық-еріктік сана ретінде қаралады. Онда қоғамдық жұмысқа деген ынтасы, тапсырманы орындаудағы жауапкершілігі, орындаушылығы мен инициативтілігі, өзіне және жолдастарына талап қойғыштығы, қоғамдық тапсырмаларды орындаған кезде басқаларға көмектесуге әзір тұруы, ұйымдастырушылық іскерлігінің болуы осылардың барлығы бірінен-бірі ажырамастай ұштасып жатады.

  • Осы көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының қоғамдық іс-әрекетке қатынасын және оның белсенділік дәрежесін сипаттайды. Кейбір жеке оқушыларда бұл көрсеткіштердің көрінуі түрліше болуы мүмкін және жас ерекшеліктеріне, сондай-ақ мектеп оқушыларының жеке бас тәжірибелеріне және белсенділік дәрежесіне байланысты. Коллективте қоғамдық жұмысқа деген ынтасы тұрақты дамыған оқушыны әрқашан да кездестіруге болады, олар мұғалімнің айтуынсыз-ақ оған кірісіп кете береді, өйткені олай істемей тұра алмайды. Бірақ мұғалім алдында, жолдастары алдында өздерін мадақтау мақсатында тек өздері үшін ең қызықты нәрселерді ғана жасайтындар да аз кездеспейді.

  • Тапсырманы орындау үстінде бір оқушы өзі жауапты бола тұрып, тапсырма орындауға басқаларды да мәжбүр етуі мүмкін, екіншісі өзі ұқыпты орындайды, бірақ жолдастары туралы ойламайды, ал үшіншісі өзгелерді бар ынтасымен құмарландырады, бірақ өзі еш нәрсе істемейді. Бұл қоғамдық белсенділіктің түрлі компононттердің дамуындағы теңсіздіктерді тәрбиелеудің нақтылы процесінде ескеріп отыру, сөйтіп, осы арқылы кейбір оқушыда нашар, немесе мүлдем дамымаған жақтарына ықпал жасау керек.

  • Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психалогияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзін белсенді (активті) түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Бұл тұжырым тәрбие процесін ұйымдастырудың маңызды жолын ашады. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И.Г. Песталоцци, Я.А. Коменский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.

  • Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Дьюидің жетекші қағидасының айтуы бойынша оқыту процесінің белсенді қатысушысы болатын оқушы мінездемесін анықтайды. Дьюи бойынша оқушы егер «өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра» алса, белсенді болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998). Бұған қалай жетуге болады? Бұл айналаны белгілі бір мақсатпен зерттейміз және оның барысында алдағы ізденістерге қажет болатын жаңа жетістіктерге жету жолдарына үйренгенімізде орын алады деп есептейді ол. Оқушыға оқырманның қызығушылығын арттыратын дұрыс проблемаларды; сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу барысында меңгерілетін және нәтижелерге әкелетін проблемаларды оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе. Онда Дьюидің айтуына сай, оқыту мектептен тыс білім сияқты эмоционалдық күшке ие болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998).

  • С. Фишман айтуынша кластағы мүдде мен жігер механизмін Дьюи келесі тұрғыда көрсетіледі:



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет