Кооперативті оқыту дегеніміз не? Мария Хосе Ролдан


Не үшін? Балалар «не үшінсіз» мектепте үйреніп жатқаны мен өзінің болашағының арасындаға ұзақтықты құрастыра алмайды. 2. Неменеге?



бет5/5
Дата24.05.2023
өлшемі255,1 Kb.
#96571
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (3)

1. Не үшін? Балалар «не үшінсіз» мектепте үйреніп жатқаны мен өзінің болашағының арасындаға ұзақтықты құрастыра алмайды.

  • 2. Неменеге? Оқушылар оларды мақсатқа жету үшін не көмектесетінін анықтау керек. Егер сен біреудің сенімін өзгерткің келсе, онда сен көрсетілген ақпараттар нақты неге назарын аударуды ұсынатындығыңды көрсету керек. Пән мен материал мақсатқа жетудің қажеттілігі мен мағынасы болуы керек.

  • 3. Не арқылы? Бұл оқушыларды кластағы таныс емес элементтерді тануы үшін қолданатын бұрынғы тәжірибесі.

  • Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Жануарлардан айырмашылығы адамның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсендігі (немесе оның әрекеті) оның себептеріне, мақсатпен міндеттерін дұрыс қоя алуына, оларды орындау тәсілдерін дұрыс таңдай алуына байланысты.

  • Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған ортамен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.

  • Осының нәтижесінде, жеке тұланың дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа - ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.

  • Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл процесс, шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н. Толстойдың адамның дамуын жеміс ағашының өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, яғни оның өзіндік мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, оған дем береді. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.

  • Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген, өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жадайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.

  • Қарым-қатынас-генетикалық түрде баланың белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі ренктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым–қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым–қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар – адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілігі.

  • Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі – сабақта жаңа технологиялар қолдану арқылы түрлендіріп өткізу. Көптеген инновациялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы технология – Сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.

  • Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады:

  • 1. Қызығушылықты ояту. Оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталынады, белсенділігі артады.

  • 2. Мағынаны ажырату. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.

  • 3. Ой толғаныс. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпаратарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.

  • Осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолданса, оқушылардың оқу белсенділіктері, сабаққа деген қызығушылықтары артып, олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады.

  • ӘДЕБИЕТТЕР

  • 1. Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика – Алматы, 2004.

  • 2. Мирсеитова С, Іргебаева Ә. Әрекеттегі СТО философиясы мен әдістері. – Алматы: Издат. Маркет, 2004.

  • 3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. – Алматы: Ғылым, 2003.

  • 4. Қойшыбаева А. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыру. /Қазақ тілі мен әдебиеті, №7. Б. 59-61.

  • 5. Рамазанқызы Ә. Оқушылардың белсенділін арттырудың тиімді жолдары/ Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 49-52 б.

  • 6. Сабыров Т. Оқушының оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы.: Мектеп, 1978.

  • 7. Нургалиева Г.К. Психолого-педагогические основы системы ценностного ориентирования личности: Дис. докт. – Алматы, 1993.

  • 8. С. Жәнібекова Оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту.// Бастауыш мектеп. 1999. - № 7. - 13-15 б.

  • 9. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности учащихся. - М.: Знание, 1983


  • Ойын педагогикалық технологиялары» ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үдерістердің әдістері мен тәсілдерінің жеткілікті ауқымды тобын қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның басты белгісі – оқытудың нақты мақсаты және оған сәйкес педагогикалық нәтижелері айқын түрде көрінеді, негізделеді және оқу-танымдық бағытта сипатталады. Сабақтардың ойын нысаны балаларды оқу іс-әрекетіне құлшындыру, ынталандыру құралы ретінде ойын мотивациясымен құрылады. Сабақтардың ойын тәсілдері мен жағдайын іске асыру келесідей негізгі бағыттар бойынша болады:
    • балалардың алдына қойылатын дидактикалық мақсат ойын тапсырмасы нысанында қойылады;
    • оқу іс-әрекеті ойын ережелеріне бағынады;
    • оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;
    • оқу іс-әрекетіне дидактикалық тапсырманы ойын тапсырмасына ауыстыратын жарыстың элементі енгізіледі;
    • дидактикалық тапсырманы табысты орындау ойын нәтижесімен байланыстырылады;
    • оқу үдерісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесуі педагогтың педагогикалық ойындарының біліктілігі мен функциясын қалай ұғынуына байланысты.
    Педагогикалық үдеріс сипаттамасы бойынша келесідей топтар бар:
    • оқытатын, жаттығатын, бақылаушы және жалпылаушы;
    • танымдық, тәрбиелеуші, дамытушы;
    • репродуктивті, өнімді, шығармашылық;
    • коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық және т.б.
    Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар, үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен ойындар.
    Ойын іс-әрекетінің психологиялық тетіктері тұлғаның өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі реттеуге деген күрделі қажеттіктеріне сүйенеді.
    Бала ойындарының мазмұны келесідей кезектілікпен дамиды:
    — заттық іс-әрекет;
    — адамдар арасындағы қарым-қатынас;
    — қоғамдық тәртіптің ерекшеліктерін орындау.
    Ойын технологияларының мақсаты бірқатар міндеттерді шешу болып табылады:
    — дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс-әрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т.б.);
    — дамытушы (назарды, есте сақтауды, сөйлеуді, ойлауды, көз алдына елестетуді, қиялды, шығармашылық идеяны, заңдылықтарды орнату, оңтайлы шешімді табу қабілетін және т.б. дамыту);
    — тәрбиелеуші (өз еріктерін тәрбиелеу, мінез-құлық, эстетикалық және дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, ынтымақтастықты, бірлестікті, тіл табысушылықты және т.б. тәрбиелеу);
    — әлеуметтендіруші (қоғам нормалары мен құндылықтарына үйрету; ортаның жағдайларына бейімдеу және т.б.).
    Ойын технологиялары мектепке дейінгі жаста кеңінен қолданылады, себебі ойын осы кезеңде жетекші іс-әрекет болып табылады. Бала рөлдік ойынды үш жасына қарай игереді, адами қарым-қатынастармен танысады, құбылыстардың ішкі және сыртқы жақтарын айыра бастайды, өзінде уайымдау сезімі бар екендігін ашады және оларға бағдарлана бастайды.
    Балада бір заттың қасиетін басқа затқа ауыстыруға мүмкіндік беретін көз алдына елестету және танымның саналы іс-әрекеті қалыптасады, өз сезімдерінде бағдар туындайды және олардың мәдени көрсету дағдылары қалыптасады, бұл балаға ұжымдық іс-әрекетке және қарым-қатынасқа қосылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекетін меңгеру нәтижесінде оқытудың қоғамдық маңызды және қоғамдық бағалау іс-әрекетіне дайындығы қалыптасады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет