Координаталар ведомосін есептеу



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі93,19 Kb.
#117227
1   2   3

Румбтардың аттары


Байланыс формалары

I
II
III
IV

0°-тан 90°-қа
90°-тан 180°-қа
180°-тан 270°-қа
270°-тан 360°-қа

СШ


ОШ
ОБ

СБ


r11
r2=180°-α2
r33-180°

r4=360°-α4


Румбтардың мәнін бүтін минутқа дейін дөңгелектеп, координаталар ведомосінің 5-графасына жазады.



Сурет 10

Координаталар өсімшелерін есептеу
Координаталар өсімшелері (7, 8 графа) мына формуламен анықталады:

Δх = d cosr (8)


Δy = d sinr
Дирекциондық бұрыш α-ның әртүрлі ширекте орналасуына сәйкес таңбаларының өзгеруi кесте 2 көрсетiлген.

Кесте 2. Координаталар өсімшелерінің ширектегі таңбалары



Координаталар өсімшелері

Ширектер

І-СШ

ІІ-ОШ

ІІІ-ОБ

ІV-СБ

Δх

+

-

-

+

Δу

+

+

-

-

Координаталар өсiмшелерi (8) формуласымен есептелiп, координаталар ведомосiнiң 7,8 -графаларына жазылады. Тригонометриялық функциялардың мәнiн үтiрден кейiн екі таңбалы санға дейін дөңгелектеп анықтайды.


Қиыспаушылықтар былай анықталады:


(9)


(10)

мұндағы Р - теодолиттiк жүрiс қабырғаларының қосындысы.





(11)



; - өсімшелердің қосындысы.
Салыстырмалы қате мына шектен аспауы керек:



Өсімшелер қателері пен шектен аспаса, оларды кері таңбамен жазық ара қашықтықтарға пропорционал етіп бөледі:





(12)

мұндағы , - координаталар өсімшелерінің түзетулері.


Түзетілген координаталар өсімшелері координаталар ведомосінің 9, 10-графаларына жазылады.
Теодолиттiк жүрiс төбелерiнiң координаталарын есептеу

Теодолиттiк жүрiстер төбелерiнiң координаталары алдыңғы нүкте координаталарына келесi нүкте координаталарының өсiмшелерiн қосқанға тең болады. Нүктенiң координаталары мына формуламен анықталады:





(13)

Тұйықталмаған теодолиттiк жүрiстiң ең соңында берілген Х және У-тің мәндері шықса, онда есептеулердiң дұрыс болғаны, яғни теодолиттiк жүрiс төбелерiнiң координаталарының дұрыс анықталғаны.


Координаталар ведомосiн толтыру үлгiсi кесте 3 көрсетiлген.
Δх және Δу шамаларын есептеу микрокалькулятор арқылы жүргiзiледi.

Тексеру сұрақтары:


- теодолиттік түсірудің атқаратын қызметін ата;


- теодолиттік түсіру кезінде даладағы жүргізілетін өлшеулерді ата;
- тура геодезиялық есептің мағынасын түсіндір;
- кері геодезиялық есептің мағынасын түсіндір;
- бұрыштық қиыспаушылықты және оның нақты шамасын табу формулаларын жаз;
- жазық бұрыштардың қиыспаушылығын тарату, дирекциондық бұрыштарды есептеу тәртібін ата;
- координаталар өсімшелерінің қиыспаушылығын тарату туралы айт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет