Координаттар жүйесі



Дата01.10.2023
өлшемі121,08 Kb.
#112154
Байланысты:
Гадилбеков Алихан координата

Координаттар жүйесі

м

  • Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) — жазықтықтағы, кез-келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар. Ғылымға, ең әуелі, аспан сферасындағы не Жер шары бетіндегі нүктенің орнын (ендік пен бойлық) анықтайтын астрономиялыһ және географиялық кординаттар енді (қараңыз [1]). 17 ғасырда Р.Декарт кординаттар әдісі арқылы геометрия мен математикалық анализдің арасындағы өзекті байланысты ашты[2].

Түрлері

Декарттық координаттар жүйесі

Түзу сызықты координаттар

Тікбұрышты координаттар

Сфералық координаттар

  • Декарт координаттары - жазықтықта белгіленген өзара перпендикуляр екі түзуге (өстерге) дейінгі қашықтықтары арқылы нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау әдісі. Бұл ұғымды бүгіннен екі мың жылдан аса бұрын Архимед пен Пегастық Апполони, тіпті көне мысырлықтар қарастырған. Бұл идеяныалғаш рет жүйелі түрде П. Ферма (P. Fermat) және Р. Декарт (R. Descartes) дамытты; олардың айтуы бойынша қашықтық тек қана оң сан немесе нөл болуы мүмкін. Аталған қашықтықтардың біреуі немесе екеуі де теріс сан болуы туралы пікір Исаак Ньютонға (I. Newton) жатады. Осы қашықтықтарды алғашқы рет «координаттар» деп атаған Готфрид Вильгельм Лейбниц (G. Leibniz) болатын.

Түзу сызықты координаттар— координаттар бас нүктесі және осы нүктеде қиылысатын түзу сызықты координаттар осьтері бойынша анықталатын координаттар;

Тікбұрышты координаттар — барлық осьтері өзара перпендикуляр болатын түзу сызықты координаттар;

Сфералық координаттар — барлық осьтері өзара перпендикуляр болатын түзу сызықты координаттар;

Кеңістік координаттар жүйесі

Кеңістік координаттар жүйесі. Жер бетіндегі нүктелердің орнын оның координаталары, яғни алынған координаталар жүйесінің бастапқы жазықтары мен сызықтарына қатысты ізделіп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықтайды. Геодезияда колданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістік және жазыктық жүйелері болып екіге бөлінеді.


Аспан координаттары — аспан сферасындағы шырақтар мен қажетті нүктелердің орнын анықтауға қолданылатын сандар. Оларды анықтау үшін әр түрлі жүйе қолданылады.
Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі — жазықтықта нүктенін орнын анықтайтын координаттар осіне қатысты сызықтық шама. Топографияда жазық тікбүрышты координаттар жүйесі мына ретпен салынады:
  • Жер шарының беті алты градустык аймақтар бойынша жазықтыққа жазылады.
  • Олардың есебі Гринвич меридианынан шығыска қарай бірден алпысқа дейін жүргізіледі.
  • Абсцисс осі X (тік осі) — орбір аймақта остік меридианның бейнесі, ал ордината осі У (көлденең осі) — экватор бейнесі ретінде кабылданады.
  • Олардың қиылысу координатының басы О.

Гадилбеков Алихан
РПЗС 23-10

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет