Жарақат кезіндегі өлім әртүрлі уақыттық кезеңдерде жүреді:
Жарақат кезіндегі өлім әртүрлі уақыттық кезеңдерде жүреді:
Бірінші кезеңі жарақат алған уақытпен сәйкес келеді. Бұл кезде өлім аяқ астынан немесе бірнеше минут ішінде болады. Емнің жарақат алған жерде жүргізілуі және науқасты ауруханаға тез арада жеткізу көп жағдайда өлімнен сақтап қалады. Көптеген авторлардың мәліметі бойынша осы кезеңде өлім 60 % құрайды.
Екінші кезеңі ауруханаға түскеннен кейін бірнеше сағат арасында болатын өлім.
Өлімнің үшінші шыңы жарақаттан кейін бірнеші күн немесе аптадан кейін әдетте сепсистен немесе мүшелер жеткіліксіздігінен пайда болады. Интенсивті терапия мүмкіндігі мен жаңа препараттар өлім санын азайтуға мумкіндік береді. Арнайы мамандандырылған көмектің адекватты көрсетілуіне қарамастан, өлім деңгейі бұл сатыда 70% құрайды.