Қосарланған синдром – маңызды мүшелердің өмірге қауіпті бұзылыстарымен жүретін және клиникалық екі немесе одан да көп анатомиялы-функционалды аймақтардың жарақаттануымен, шоктық жағдаймен көрінетін патология.

Полижарақаттың ауырлығына байланысты өлім көрсеткіші де жоғарылайды: оңашаланған жарақатта өлім 2% құрайды; екі ауыр оңашаланған жарақатта – 4,9%; ауыр қосарланған жарақаттарда, ауыр және ауыр емес оңашаланған жарақатта (мысалы, жамбас сүйектерінің сынуы және кәрі жіліктің жабық сынығы) өлім 30,6% құрайды; екі ауыр жарақат болғанда (мысалы, бас сүйегінің сынуы бас миының соғылуымен және жамбас сүйегінің сынуы) – 61,3%; үш және одан да көп ауыр жарақаттарда өлім 84,4% жетеді.