ПОЛИЖАРАҚАТЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ СҰРЫПТАУ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНЫҢ АУЫРЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Зақым алған адамдардың жағдайының ауырлығы ішкі және сыртқы қан кету интенсивтілігіне, тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің және механизмінің бұзылысына, бас миы мен жұлын зақымдалуынан тыныс алу және қан айналым реттеудің бұзылысына байланысты болады. Ауырлық дәрежесін өмірлік маңызды қызметтердің зақымдалу тереңдігіне қарап бағалайды –тыныс алу, қан айналым, бас миы қызметі. Ауруханаға дейінгі сатыда өте ауыр науқастарға бірінші көңіл бөлу керек. Сұрыптау көптеген адамдардың жарақаттануымен болатын төтенше жағдайларда маңызды.