|
Қан кету. Оның түрлері. Қан кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек
|
бет | 1/3 | Дата | 27.09.2023 | өлшемі | 1,12 Mb. | | #110410 |
| Байланысты: Қан-кету Қан кету. Оның түрлері. Қан кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек. Қан кету дегеніміз — зақымданған кан тамырынан канның құйылуы (шығуы) .
Шығу тегіне байланысты:
- жарақаттық (оны біріншілік және екіншілік деп бөледі) - жарақаттық емес (патологиялық өзгерістер)
| |
Қан кеткен тамырдың түріне байланысты:
- артериалық, - артерио-веноздық, - веноздық, - капиллярлық,
|
Пайда болумеханизміне байланысты:
- жарылудан, - желінуден, - өткізгіштігінің артуынан
| |
Қан кету орнына байланысты:
- сыртқы, -ішкі, -тін ішілік (гематома)
|
Қан кету түрлері:
Ауырлық дәрежесіне байланысты: Жеңіл Қан айналым көлемінің 10-15 % дейін жоғалту 500 мл-ге дейін Орташа Қан айналым көлемінің 16-20 % 500 ден 1000 мл-ге дейін Ауыр Қан айналым көлемінің 21-30 % 1000 - 1500 мл Массивті Қан айналым көлемінің >31 % 1500 мл-ден артық Тамыр жарақаттануының негізгі белгілері: - Жарақаттан кейінгі қан кету туралы мәлімет және қанға малынған киім,жаралының таңғышы
- Қан кетуді дәлелдейтін анемия көріністері
- Зақымданған жақта пульстің әлсіреуі немесе болмауы (көлденең жарақатта)
- Аяқ –қолды тыңдаған кездегі шу белгілері (бүйір жарақатта)
- Жараның терең бөліктерін тығындаған қан ұйындылары, тамыр шоғырын кесіп өтетін жара өзегінің жолы
- Зақымданған аймақтағы гематома (соққылайтын немесе соққыламайтын)
- Зақымдалған аяқ-қолдың шетінде терінің сууы,цианозы немесе бозаруы
- Зақымдалған жақтағы ауру сезімі,ишемиялық контрактура
Артериялық қан кету белгілері: - Қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді.
- Жара үстінен аққан қанның белдікшесі көрінеді (валик)
- 1-2 минут ішінде қан қағының диаметрі 1 метрге жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|