Көпкестелі мәліметтер қорында кестелерді байланыстыру



Pdf көрінісі
Дата06.01.2023
өлшемі0,84 Mb.
#60533
түріСабақ
Байланысты:
Көпкестелі мәліметтер қорында кестелерді байланыстыру



Автор: Боқашбаева Маржан Диқанқызы
Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу
Тақырып: Көпкестелі мәліметтер қорында кестелерді байланыстыру
Сабақ негізделген оқу
мақсаты
Бірегей және кілттік көрсеткішке түсінік беру, Кестелерді мәліметтер сұлбасы арқылы
байланыстыруға үйрету
Барлық оқушылар: 
• Кілттік көрсеткіш және олардың айырмашылығын, байланысқан кестелер ұғымын біледі 
Оқушылардың басым бөлігі:
• Кестелердің мәліметтер сұлбасы арқылы байланысу технологиясын, кілттік көрсеткішті
тағайындауды орындайды
Кейбір оқушылар:
• Мәліметтер сұлбасы терезесін шақыру, кестені байланыстыру, байланыстарды алыстату және
өзгерту, параметрлер байланысын орнату,байланыстың нәтижесін алады
Оқушылар:
Бірегей көрсеткіш және түйінді көрсеткіш туралы түсінік қалыптастырады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Бірегей көрсеткіш, түйінді көрсеткіш,кестелер байланысы Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік
бірліктер:
1. Бірегей көрсеткіш дегеніміз не?
2. Түйінді көрсеткіш дегеніміз не?
3. Қандай жағдайларда кестелерді байланыстыру қажет?
4. Бірнеше кестені қалай байланыстыруға болады?
5. Бұрын құрылған байланысты жоюға бола ма?
6. Байланыстың қанша түрі бар?
Талқылауға арналған тармақтар:
1.Көрсеткіштің қандай типі өзіндік анықтамасы бойынша бірегей болып табылады?
2.Қандай жағдайда байланысқан көрсеткіштің каскадты жаңару жалаушасы қосылмайды?
Жазылым бойынша ұсыныстар:  Байланыс сөзінің үш тілде аталуын білу
Алдыңғы тақырып
Мәліметтерді сұрыптау және сүзгілеу
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Басталуы:
(5мин)
 Шаттық шеңберін құру
«Қаламсап» әдісі АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс
орындау.
Жаңа тақырыпты қорытындылау.
Ұйымдастыру Санау арқылы 2 топқа бірігу. Өткенді қайталау үшін
«Ой қозау» әдісі арқылы қорытындылаймын
1.Жасырын бағандар не үшін қолданылады?
2.Кесте жазбасының орфографиясын тексеруге бола ма?
3.Кесте режімінде жазбалармен қандай операциялар орындалады?
4.Кесте жазбасымен жұмыс жасау үшін пернелер үйлесімінің бірнешеуін
атаңдар?
5.Сүзгі дегеніміз не?
6.кестелік немесе мәтіндік процессорда жол бойынша іздеу қалай жүзеге
асырылады? 7.Іздеу амалы қосымшада қандай амалмен қабаттасып келеді?
8.Сандық сүзгі көбірек пен көбірек немесе тең арасындағы айырмашылығы
қандай? 


Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ортасы:
(15мин)
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және
мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Көпкестелі мәліметтер қорында кестелерді байланыстыру»
Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға
тапсырмалар беріледі.
1-топ.бірегей және түйінді көрсеткіштер
2-топ: кестелер байланысы 2 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды
ұсынамын. Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады. Оқушылар
берілген тақырыпты оқиды.Постер қорғайды Өзгелерді тыңдай отырып, өз
білімін толықтырады. Оқушыларға оқулықтағы практикалық тапсырманы
компьютерде орындауға беремін. Оқулықтағы 126-127 бет
Оқулық, маркерлер,
плакаттар, стикерлер,
үлестірме қағаздар,
интерактивті тақта
Сабақты
қорытындылау
(5мин)
Сабақты қорытындылауда «Екі бөлімді күнделік» әдісін дәптерлеріне
орындауға беремін
дәптер 
Аяқталуы:
(5мин)
Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау.
Топтық жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма: §10 Бағалау.
«+,-,қызықты» әдісі арқылы кері байланыс алу.
Жиынтық бағалау парағы
Оқулық,
күнделік
Үлестірме қағаздар


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет