Көрерменің қандай, қазақ театры?


Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз



бет2/2
Дата02.06.2023
өлшемі25,92 Kb.
#97938
түріСценарий
1   2
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Мамандық таңдау – маңызды мәселе
Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.
Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады.
Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.
Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
– Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, – дейді Салтанат.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, жұмыс істеуге құлқы болмайды.
«Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды.
– Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны ойламайды. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жағы қарастырылмағандықтан, оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк хабарсыз.
Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын. (234 сөз)


Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?
Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Яғни қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы әбден мүмкін.
2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 миллионнан жоғары білімді маманға қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі мемлекеттердің тұрғындарында «Білім алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. «Pew Research Center» жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты.
2015 жылы Оксфорд университетінің баспасынан Ричард Сасскинд пен Дэниель Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» атты кітабы жарық көрген. Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны айтылған. Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емделушімен «Skype» арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды шешудің тиімді тәсіліне айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн диагностикалау маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін. (172 сөз)
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы қандай?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет