Гүлнұр: Әже, біз қыстың киімдерін шешіп, жеңіл киіндік. Себебі, Көктем келді!
Әже-Аяжан: Ия, балам. Дұрыс айтасын, қыс кетіп, қар кетті. Сол себепті, бүкіл адамзат жеңіл киімге көшеді. Жеңіл, әдемі көңіл-күймен жүреді ғой.
Алдияр:Әже, Көктемде көп мереке бар. Оның бірі, сіздің немереңіз бір жасқа толды. Солай емес пе?
Әже-Аяжан: Иә,иә. Солай. Бір жастарын құтты болсын! Жыл құтты болсын, Айналайындарым!
Гүлнұр: Әже, не ойладыңыз?
Әже-Аяжан: Бүгін "Көрісу күні". Құдалар келеді, көршілер келеді. Соған ас дайындау керек, дастархан дайындау керек.
Алдияр:Әже, "көрісу күні" деген ол қандай мейрам?
Әже: Көрісу күні деген Наурыз мейрамының ең алғашқы күні. Қыстан шаршап шыққан жұрт бірін-бірі көріп, қауышып, біріне-бірі амандығын айтып қонаққа келеді. Өкпелері бар адамдар кешірім сұрап, реніштерін ұмытады. Әсіресе,жасы кішілер үлкендерге барып, сәлемдерін айтады. Бұл "тоқшылық" болсын деген ырым.
Алдияр: Әже, біз де қонақтатсақ болады ма?
Әже-Аяжан: Әрине ботам, болады. Бүгін бүкіл үйдің есігі ашық.
1-бала(Гүлнұр): Кеттік, Алдияр. Өткенде біз Айымды ренжітіп алып едікқой. Барып, кешірім сұрайық.
2-бала(Алдияр): Иә, кеттік.
Әже(Аяжан): Қонақтар келіп қалса, оларға дастархан дайындасын деп келіндерге тапсырма берейін. -Келіңдер, дастархан жасай беріңдер. Қазір құдалар келеді.
Келіндер(Аружан, Диляра, Айсұлу):Жарайды, апа.
Құдалар(Мансұр, Нұрали, немерелер(Айбота, Дәурен), массовка): ӨЛЕҢ “Ахау, гүлдер айым”
1-Құда(Мансұр):Ассалаумағалейкум.
Әже(Аяжан): Құдалар келіп қалыптығой. Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер!
Құдалар(Маржан, Алтынай, Диас): Сәлеметсіздер ме! Бір жастарыңызбен!
(БАРЛЫҒЫ БІР-БІРІМЕН АМАНДАСАДЫ. АРТҚЫ ФОНДА ҰЛТТЫҚ ӨЛЕҢ)
ДАСТАРХАН БАСЫНДА
Әже(Аяжан): Ал, құда, қош келдіңіздер! Үй ішіңіз, балалар аман ба? Мына немерелеріңіздің өркендері өсе берсін!
2-құда(Нұрали): Қош көрдік! Бір жас құтты болсын. Міне бүгін немерелерімізді алып келдік. Өз өнерлерін көрсетіп, үлкен кісілердің батасын алсын деп.
Әже(Аяжан): Ал құда, қеліңіздер, жайғасыңыздар! Көрісу күні құтты болсын. Немерелеріңізбен көрісу үшін келіп отыр екенсіздер, қазақта “Қонақ кәде” деген дүние бар. Балалардың өнері болса, тамашалайық.