Сабақтын мақсаты:Еңбекке үйретудін оқыту әдістемесімен танысу, басқа ғылымдармен байланысын анықтау. Еңбекке үйрету пәнінің өзіндік ерекшеліктерімен танысу.
Қыскаша мазмұны:Қазіргі таңда батауыш мектептерде еңбек сабағында қолданылып келе жатқан еңбекке баулудың бір бөлігі ретінде саналатын техникалық еңбек түрі өте танымал. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының көбінесе қағаздан немесе картоннан және өсе келе маталармен жұмыс істеулеріне байланысты көп қолданылады. Қағаздан түрлі бұйымдар жасау және жапсырмалау жұмысын атқаруда қағаз бен картонның рөлі өте зор. Бастауыш сынып мұғалімдері бүгінгі күнге дейін балалардың қол икемдері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдарды істей білу қабілеттерін дамытуда осы еңбек материалдарын қолданылып келеді.
Еңбек сабағы оқушыларды болашақта тұрмыстық құралдарын (қайшыны ұстауды, инемен жұмыс істеуді, және т.б.) пайдалануға дағдылануды жүзеге асырады. Мұғалім балаларды кішкентайынан түйме қадаудан, инеге жіпті сабақтаудан бастап үйретуге тырысуы қажет. Бала оны меңгергеннен кейін өзі ары қарай жалғастыруына көп септігін тигізеді. Бұл сабақ түрі негізінен баланың ойлау әрекеті мен қиялының дамуын арттыруға көп әсерін тигізеді. Оқушы жұмысты орындай отыра бұны қалай тағы күрделендіре, қызықты ете түссем деген ойға келуі, оның шығармашылық
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар: 1 Еңбекті оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері?
2 Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны қандай бөлімдерден тұрады?
3 Қауіпсіздік ережелері мен жеке гигиеналық талаптары?
№2 тақырып: Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориялық негіздері.
Сабақтын мақсаты:Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мақсаты мен міндеттерінің жалпы сипаттамасын. Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мазмұнын. Бастауыш мектепте еңбекке баулудан білім берудің мемлекеттік стандартымен танысу.
Қыскаша мазмұны:
Бұл реттіліктегі оқу материалдарының ерекшелігі, мұғалімнің жұмысты дұрыс ұйымдастыруға өзіндік нұсқау беретіні. Мәселен, пәнаралық байланыста:
- математика: тік және тура бұрыштар жайында түсінік;
- айналамен танысу: бөлме өсімдіктерінің тіршілік жағдайы. Адам еңбегін жеңілдететін тасымалдау машиналары;
- бейнелеу өнері: тура бұрышты пішіндер жайында түсінік және олардың белгілері; біркелкі заттарды өзара байланыстыра отырып, нақтылы белгілеу сияқты оқу материалдары мен іс-әрекеттер қарастырылады.
Бұл мағлұматтар оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін сабақтастыру, оқушы білімінің тұтастығын түзу үшін мұғалімге нұсқау ретінде беріледі.
Ал ауылшаруашылық жұмыстары көбінесе білім беру ұйымымен анықталатын пәндер тізбегі арқылы белгіленеді. Аталған пәннің белгіленуі бастауыш мектептерде ауылшаруашылық еңбегін оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның ерекшелігі ретінде: топсеруеннің көрсетілуін, көрнекіліктердің берілуін айтуға болады
Еңбекке баулудан берілген білім, білік, дағдыларға әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламалық талаптарды зерттеу. Бақылау түрлері және еңбекке баулуды оқыту нәтижелерін диагностикалау.