Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.
Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзегеасырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?
Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?
Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?
Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
Еңбек тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Жас жеткіншектерді еңбекке баулымай оларды тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екенін XIX ғ. әйгілі педагогтар И.Песталоцци, Р.Оуэн, К.Д.Ушинскийлер дәлелдеген.
Ал қазіргі таңдағы бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту ясында «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің кіріктірілген «Көркем еңбек» пәні оқушыларды тек еңбекке ғана баулымай, балалардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Жаңартылған пән мазмұны білім алушының түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, көркемдік қабілеттерін, кеңістікті көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау оның аса қажет құрамдас бір бөлігі болып есептеледі. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттыруда қосатын үлесі зор.
«Қөркем еңбек» пәнін оқыту үдерісіне қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.
Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет.
• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады. Бұл мұғалім әрекетінің тиімділігін, оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
1. Бөлім 2: Сәндік - қолданбалы өнер
Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнек түрлері мен қысқаша тарихы. Қазақ халқының ұлттық ою- өрнегі (түрлері, стильдеу, мотивтері)
Оқу мақсаты: 1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.
Топтық жұмыс.
Алдыңғы сабақты қайталап әрі жаңа тақырыппен байланыстыру үшін шағын тест өткізілді. Элективті тест (Оқушылар А,В,С карточкаларын көтеру арқылы) Оқушылар қолдарындағы жауап белгілерін жоғары көттеру арқылы дұрыс жауапты көрсетеді. Кейін алдын –ала дайындалған дұрыс жауаптардың суретін көру ақылы өз жауаптарын тексеріп, өзін- өзі бағалай алады. Сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен танысқаннан кейін оқушылар бүгінгі сабақта қандай нәтижеге қол жеткізу керек екенін сұрақ- жауап, талқылау арқылы, ал сабақ барысында меңгеруі қажет іс әрекетті өз көзімен көру арқылы білуі керек.
Мұғалім оқушыларға ою оюып, оны бұйым бетіне орналастырып көрсетеді, ал оқушылар дәптерге жазып алады.
Нобай жасаймыз. Ою таңдаймыз. Мотив
Қағазды алып бүктейміз (үш бүктеу)
Таңдап алынған оюдың бір элементін саламыз
Оюды мұқият қиып аламыз (кілемше түріне байланысты 2-4 мотив) Ою симметриялы болуы шарт
Оюды жазып қағаз бетіне орналастырамыз (Раппорт)
Кілемешенің шетін безендіру үшін шет ою жасаймыз. Ырғақ
Оюларды ұқыптылықпен жабыстырамыз.
Бұл кезеңде оқушылар мұғалімнің іс- әрекетіне мұқият зер салып, аталған терминдерге аса көңіл бөлуі шарт.
Осыдан кейін «Сұрақ –жауап» арқылы бағалау критерийлерін қоямыз :
Бағалау критерийлері
*Қазақтың ұлттық ою-өрегінің бір түрін қағаз бетіне түсіру;
*Симметрия заңдылығын ұстанады;
* Түрлі- түсті қағаздан, өрнекті қыйып алады;
*Қыйып алынған өрнекті А-3 форматты қағаз бетіне түсіріп, «кілемше» жасайды;
*Қауіпсіздік ережесін ұстанады;
Достарыңызбен бөлісу: |