Көркем еңбек пәнін оқытудың Әдістемесі мен теориясы


Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар



бет4/21
Дата09.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#66593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
1 Қағаздың түрлері?
2 Оригами қағаздың өнделу тарихы?
3 Қатырма қағаздың негізгі түрлері?
4 Қағаз қалдықтарынан не жасауға болады?
4 тақырып: Халықтық сәндік- қолданбалы өнер.
Сабақтын мақсаты:Қазақ халқының сәнді қолданбалы өнерімен танысу , сабақтарда білімдерін пайдалану.
Қыскаша мазмұны: Бастауыш мектептің еңбекке баулу сабақтарындағы қазақ халқының сәнді -қолданбалы өнеріндегі ою- өрнектердің мәні мен түрлері. Сәндік – қолданбалы өнердің теориялық негіздері. Қазақтың сәндік – қолданбалы өнердің түрлері: ағашты, сүйекті оюлау, соқпалау(чеканка), теріні бедерлеу, қыш бұйымдары, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік бұйымдар, кестелесу және басқалар. Ою-өрнек салу. Ою-өрнектің типтері мен түрлері(геометриялық, өсімдік және зооморфтық, солярлы және астральды ою белгілері). Оюларды стильдеу, симметрия, ырғақ. Оюлардың орындау реті. Жазықтықты, кілемді, кеңістікті сәндік – безендірудің заңдылықтары (киіз үй, жиһаз, кілем, ыдыс).
Дизайындық білім. Дизайн негіздері. Дизайн іс әрекет тәсілі ретінде. Табиғат суретші және құрастырушы. Дизайндық білім жүйесіндегі халық мәдениеті. Дизайн туралы түсінік. Қазіргі техникалық эстетика. Дизайн іс–әрекет тәсілі ретінде. Дизайынның анықтамасы негізгі ережелері. Бастауыш мектептегі еңбекке баулу сабақтарындағы дизайнерлік ойлауды қалыптастыру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
1. Ою- өрнектердің орындалу тәсілдері және оқытып үйрету әдістері?
2. Мүсіннің қандай түрлерін білесіз, атап беріңіз.Қазақстан мүсіншілерінің көркем шығармаларын ерекшеліктеріне байланысты әңгімелеп берініз
3. Дизайн өнері не білесіздер, әңгімелеп беріңіз
5 тақырып:Тұрмыстық еңбек.
Сабақтын мақсаты:Бастауыш мектепте тұрмыстық еңбектің мәні мен мазмұнын. Мектепте, үйде өзін–өзі қызмет ету, ата–аналарға көмек, сынып бөлмесін жинап, безендіру. Кәсіптік бағдар беру.
Қыскаша мазмұны: Жалпы алғанда бастауыш сыныпта оқытылатын еңбекке баулу пәні мазмұны мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбек дайындығында, оларды оқыту бойынша сабақтастық және сәйкестік бар. Дегенмен, бастауыштағы және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін еңбекке баулу, даярлау мазмұны жетілдіру керек деп білеміз. Оқыту мазмұны мынадай тақырыптарды: ауыл шаруашылығы еңбегін, яғни ауыл шаруашылық білім негіздерін оқытуды, екіншіден, құрастыру жұмыстарын қамтуы қажет.
Елімізде басым көпшілік мектептер ауылдық жерлерде. Олай болатын болса, бастауыш сыныптан бастап оқушылар ауыл шаруашылығы білім негіздерін меңгеріп, еңбек түрлерін үйренуі тиіс. Бұл келесі кезекте орта мектепте жалғасын табады. Осы бағытта бірқатар жұмыстар мектеп тарапынан жасалуы керек, атап айтқанда, мектептің оқу-өндірістік үлескесін, биология оқу бөлмелерін, ауыл шаруашылығы еңбегі кабинеттерін бастауыш сыныптар үшін жабдықтау, т.б.
Елімізде техниканы ойлап, жасап шығаратын, шығармашылықпен жұмыс істейтін болашақ конструкторлар мен технологтарды даярлауды мектепке дейінгі мекемеден бастап, бастауыш, орта мектептерде оқыту және даярлаудағы бағдарлы іс-әрекеттерді ұйымдастыруды жетілдіру кенжелеп қалған бағыттың бірі. Осы себепті де құрастыру жұмыстары бастауыш сыныпта міндетті оқытылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет