Көркем еңбекті ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары



бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#44666
1   2
Көркем еңбек сабағын тиімді ұйымдастыру формалары мен құралдары
Көркем еңбек пәнінің ерекшелігі, маңызы мен жаңаша оқыту әдістері Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін көркем еңбек сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері – білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатан шәкірттерді дайындау.[1]
Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет. Қазіргі кезде мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша жүргізіледі. Оқушылардың компьютер, интернет арқылы өзіне қажет ақпараттардыалуына және сән журналдары мен әртүрлі оқулықтарды пайдаланып өз беттерінше дамытуға, шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау міндетіміз. [1][2]
Көрем еңбек сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс.
Көркем еңбек пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол - оқушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық өнерді жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Көркем еңбек пәні мұғалімінің кәсіптік бағдарлау жұмыстарын үнемі тиімділікпен жүргізіп отыруы маңызды міндет.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру ең бірінші даярлық типтік оқу бағдарламасына сай жасалатын күнтізбелік жоспардан басталуы шарт. Жоспардағы әрбір өтілетін тақырыпқа жете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктеріне сәйкестігі, теориялық және практикалық сағаттарының мөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімнің қосатын іс-әркеттері, оқу шеберханасының материалдық –техникалық базасы, оқу көрнекіліктері мен құралдарының жеткіліктілігі кеңінен зерделеніп барып, жоспарға енуі тиіс. Көркем еңбек пәні - жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін, ата-бабасының ұлттық дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. Баланың ұлттық, тұлғалық, әдеп пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайларға бейімделуіне жол ашады.
Көркем еңбек пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.
Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский «Педагогиканың кең табанымен өте жіңішке төбесі бар: бастапқы сабақ берудің дидиактикасы том-том болуы мүмкін, өз пәніңді жақсы біл және оны анық түсіндір» деген. Дарынды оқушыны анықтау, қабілетін арттыруда белгілі бір мақсатта жұмыстар ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, мектеп қабырғасында ұйымдастырылатын көрмелер, шығармашылық кештер, апталықтар оқушының ары қарай дамуына жол ашады. Өз елінің еңбекқор өнер адамы болып қалыптасуына әсер етеді.
Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді, осы тұрғыдан алғанда қазіргі кездегі көркем еңбек пәні өз алдына мынадай міндеттерді көздейді:
- жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру;
- тұлғаның өздігінен айқындалуын қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін дамыту;
- оның өздігінен жетілуіне жағдай жасау;
- зерттеудің ғылыми әдістер туралы негізгі түсініктерін игеру;
- ұлттық қолданбалы өнерге қызығушылығын дамыту, ұлттық мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу;
Көркем еңбек сабағы-оқушылардың білім мен іскерлік қабілетін арттырып қана қоймай олардың бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен бастап қалыптастырады.
Көркем еңбек сабағында оқушыларды еңбекке баулу олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып,жүргізіледі.
Оқу материалы оқушыға түсінікті болу үшін әр түрлі әдістемелік құралдарды жаңа технология,яғни ақпараттық технология арқылы көрсету.
Мысалы: мақал-мәтел,жұмбақтар,сканвордтар арқылы көрсетіп, оларды қызықтырып, еңбекке қабілетін арттыру.
Еңбекке үйрету әдістері мен жолдарын қалыптастыру арқылы оқушының шығармашылық жұмысының даму қабілетін жетілдіру интерактивті тақта- білім сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Тақта арқылы жаңа сабақты презентация түрінде түсіндіріп,сонымен қатар мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жасыру арқылы , сканвордтар арқылы әдістемелік құралдарды көрсетуге болады.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу арқылы мұғалім әрқашан да оқушылардың көңілін өзіне тез аударып, оқушылармен қарым-қатынаста бола отырып, электронды оқулықтарды қолданып, слайдтар көрсетіп, сарамандық жұмыстарының жасалу жолдарын көрсетуге болады.
Интерактивті тақтаның ұтымдылығы мұғалім уақыттын үнемдеу арқылы, сабақты толық,түрлендіре түсіндіруге мүмкіндік береді.
Мұғалім интерактивті тақтаны өзінің көмекші құралы ретінде ғана пайдаланғаны жөн. Баланы еңбекке баулуда , оның табиғи болмысына сай оқыту мен тәрбиелеу жұмысын ұлттық негізде үйретіп, өз ұлтын, салт дәстүрін, мәдениетін жақсы білген оқушы ұлттық өнер мен білімді ұштастыра біледі.
Қазақ қолөнерін дамыту үшін қолдан зергерлік бұйымдар жасауды , сәнді киім тігуді,өнерді іскерлікті оқушы мектепте жүргенде үйрену керек.
Сабақты бейімділікке құра отырып, оқу-тәрбие жұмысын ұлттық негізде үйреткен жөн.
Болашақ бүгіннен басталады демекші технология пәнін оқытуды ұлттық құндылықтармен жетілдіруден ұтарымыз көп.
Заман талабына сай оқушыларды оның ішінде қыз балаларды тігін өнеріне баулу арқылы сән үлгісіне деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге, іскерлікке тәрбиелеу басты мақсат. Оқушылардың компьютер, интернет арқылы өзіне қажет ақпараттарды алуына және сән журналдары мен әртүрлі оқулықтарды пайдаланып қабілеттерін өз беттерінше дамытуға, шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау міндетіміз.
Көркем еңбек пәнін оқытуда мұғалімге әдістемелік шығармашылық керек. Бисер моншақпен жұмыс істеу оқушылардың қызығушылығын арттырып, сұлулыққа ұмтылдырады.
Көркем еңбек пәнін оқытуда тиімді әдістерді қолдану арқылы білім беруді жүйелі ұйымдастыру. Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Міне, ұлттық ерекшеліктерді оқушыларымыздың санасына сіңіруде қазіргі технология пәнін оқытуда жан-жақты ақпараттық технологияны толық пайдалана отырып, білім берсек, осы заман талабына сай тұлға тәрбиелей алатынымыз айқын. Ертеде қазақ балалары мектепке бармаса да, ата-аналары тіршілігіне қажетті заттарды жасауды үйреткен.
Қыздар он саусағынан өнері тамған кілемші,кестеші, тігінші болған. Ою-өрнекті түрлендіре отырып, біздің ұлттық мәдениетімізді айқындайтын әртүрлі оюларды көрпелерге, киізге т.б басқан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет