Көркем әдебиеттің философиялық-эстетикалық принциптері пәні бойынша


Тақырыбы: Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының құрылымдық ерекшеліктері, өлеңдік өлшем – 1 сағ



бет15/33
Дата25.07.2023
өлшемі112,82 Kb.
#104736
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Практикалық сабақтар (1)

Тақырыбы: Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының құрылымдық ерекшеліктері, өлеңдік өлшем – 1 сағ.


7 апта

Қазіргі қазақ поэзиясында өлең ырғағының дәстүрлі өлшемдер негізінде дами отырып, бұрынғыдан ары күрделене, дауыс толқынының (интонацияның) икемдігі арта түскенін байқауға болады. Қазақ өлеңінде, негізінен, екі, үш буынды өлең (бұрыннан бар десек те) өте сирек кездесетін жағдай еді. Әсіресе, тармақтың соңғы бунағының бес буынды болып келуі некен-саяқ ұшырасатын. Оған Абай поэзиясында соңғы бунағы бес буыннан тұратын бірде-бір өлең жоқтығы да дәлел бола алады. Аталмыш сипат – қазақ поэзиясында салыстырмалы түрде кейінірек пайда болған құбылыс. Оның өзінде сирек кездеседі. Кездескен жағдайда, көбіне көп кестесі 10 буын + 10 буын болып келетін өлең өрнегіне тән белгі боп саналады. Аталмыш өлшемнің қазақ поэзиясында өз алдына бөлек арнаулы өлшем ретінде орнығуын академик З. Қабдолов ақын Қ. Аманжолов шығармашылығымен салыстыра қарастырған. Бұл өлшеммен қазір әркімдер жазып жүргенін тілге тиек етеді. Бұл ақындардың тақырыптық арқауына айналған адам жанының, рухани болмысының сипатын танытуға жұмсайды. Әрине, осы топтың Е. Раушанов, М. Шаханов, Ф. Оңғарсынова, Иран-Ғайып, С. Нұржан және Т.Әбдікәкімов, С. Ақсұңқарұлы сынды өкілдерінің өлеңдері қазақ поэзиясын көпшілікке толығырақ танытуға мүмкіндік берер еді.


Өлең ырғағын түрлендіру қазіргі қазақ ақындары көбіне он бір буынды өлшемді алып, сол он бір буынды өлеңнің тармақтарын бірнеше мәрте бөлшектеу тәсіліне сүйеніп келді. Осының өзі, кейде толыққанды әдемі де көрікті, теп-тегіс, жұп-жұмыр келген өлеңді қалыптастыра бермейді. Өйткені, тармақтағы әрбір сөйлемшелер мен сөздердің белгілі бір ой ауқымын көтеріп тұратындықтан ғана емес сонымен бірге салмақпен айтылған ойдың сыртқы пішінін тудырып тұрған салиқалы сөздердің кейде бөлшектенуі арқылы жұлымданған ой тудырмаса да кетігі кеткен ұйқасты тудыратыны анық.
Кейбір ақындардың бұрын ешкімде кездеспеген өрнекті қолданып, оқушыны тамсантып, таңырқату ниетінен туатын жасанды шумақ, өлшем, ұйқастарының поэзияда орнығып, тұрақтай алмайтыны да сондықтан.
Поэзияға енгізген қандай да бір тың үлгі-өрнек, өлшемге қалыптасқан белгілі өлшемдердің жеке-дара өмір сүрмесі анық. Оның да түрлену, жаңалыққа негізделген түрі ескі өлшемдік құрылымдар болатыны белгілі. Негізінен кез-келген өлеңдік өлшемдер өзінен-өзі туып, қалыптаспасы анық. Кез-келген өзгеше өрім, өлшемдік құбылыс ұлттық өлең жүйесінің заңдылықтарына негізделіп жасалады. Екіншіден, жаңа үлгідегі өлең терең философиялық тереңдікке құрыла ма немесе жай ғана келісті сөздер тізбегінен бола ма бәрібір ой күрделігі мен құрылымдық өзгеше күрделілік, даралық қасиеттері де соншалықты молырақ болады. Алайда, халқымыздың өлең-өнер тарихында қалыптасып, сіңіскен осы уақытқа дейін сапалық дамуға дейін барып отырған өлшем, өрнектердің орны ерекше екені даусыз. Бұлар қай ақын болмасын жаңалық әкелдім дегеннің өзінде осы ерекшеліктерге соқпай тыңнан түрен салуы қиын.
Ал енді кейінгі ғасырлардағы қазақ поэзиясында әркелкі тармақтар аралас қолданылатын өлшемдер аз емес екені белгілі. Абайдан басталған бұл үлгілер Есенғалидың, Иран-Ғайыптың, Тыныштықбектің, Б. Серікбайдың, Б.Бабажанұлының т.б. бүгінгі ақындардың бірталай өлеңдерінде жалғасым тауып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет