Көркем-мінезді аруға


Бұл біріншіден сүннет, екіншіден елестетіңізші сіз аспанға



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата18.11.2023
өлшемі2,25 Mb.
#124602
1   2   3
Бұл біріншіден сүннет, екіншіден елестетіңізші сіз аспанға
солай сәлем бергенде сіз естімесеңіз де ол жауап қайтарады
"Саған да Алланың сәлемі мен игілігі
жаусын"дейді.Табиғатпен, барлығымен байланыста болып,
жылы энергетикаңызды таратыңыз.Көп ұзамай өміріңізге
қалай бәрі 2-3 есе қайтып, береке кіре бастағанын байқайсыз


•Нәпсіні, эгоны
сындыру
Сізбен амандаспайтын адаммен амандаса
беріңіз.
Сізге қастандық жасағанға сыйлық беріп, ол
үшін дұға етіңіз.Сіз арланатын істерді әдейі
жасаңыз(Дәретхана тазалап т.б)Біреу сізге
ұнамсыз сөз айтса, ақтап алыңыз.Өзгелерді
үнемі көтеріп, мойындаңыз.Қателіктеріңізді
мойындаңыз, жарыспаңыз.Адамдардың
алдында емес, Алланың алдында идеалды
болуға тырысыңыз.Адамдардың махаббатына
емес, Алланың сізді жақсы көруіне
талпыныңыз


Сізге біреу ұрысса "Зато, осы ситуацияның
арқасында сүннетке амал етемін, хадиске,Құранға
амал етемін.Алланың разылығын ала аламын.Зато
осы адам арқасында өсемін, рухани баи
түсемін.Аллаға жақындай түсемін"
Аяқ киіміңізді біреу басып кетті делік.Сіз осындай
ситуация болмаса, шынымен көркем-мінезіңіздің
шынайлығын сынай алмайтын едіңіз.Сабырлы
болуды, жақсы ойлауды үйренбейтін едіңіз.
Егер шынымен көркем-мінезді болғыңыз келсе,
жайсыз ситуацияларға. адамдардың сындарына
дайын болыңыз.
ҰМЫТПАҢЫЗ-Бұның барлығы тек Алланың
қалауымен болады.Ашулану, ренжу, претензия
көрсету арқылы Расында сіз Аллаға қарсы
шығатыныңызды ескеріңіз
•"Зато" техникасы
•Әр ұнамсыз ситуациядан ӨСУге, Аллаға
жақындауға мүмкіндік іздеңіз.


ДҰҒАЛАР
“Уа, Алла тағалам! Жүрегімді өзіңнен келген
қуанышпен толтыр, тілімді өзіңді еске алумен
тазарт, дене-мүшелерімді өзіңнің жақсы
көрген және ұнатқан істеріңде қолдануды
нәсіп еткейсің”.
“Уа, Алла тағалам! Өзіңе деген сенімім
арқылы жүрегіме тыныштық ұялат. Барлық
ойларымды Өзіңнің разылығыңның
төңірегінде болуын нәсіп ет. Өзіңнен үмітімді
үзбеймін!” 
“Уа, Алла тағалам! Бұл күнде жетімдерге
мейірім көрсетуді, кедейлердің қарнын
тойғызуды, кезіккін бүкіл адамдарға сәлем
беруді және қадірлі адамдармен болуды
маған нәсіп еткейсің”. (Пайғамбарымыздың
(с.а.с) дұғасы)
“Уа, Алла тағалам! Үндемегенімде
жаратылысқа ой жүгірту, назар салуым әр
нәрседен ғибрат алу һәм сөйлеуім Өзіңді еске
алу болуын нәсіп ете гөр”. 


“Уа, Раббым! Сабыр еткендерге бұйыратын
сауаптарға бізді жеткізетін ізгі істер нәсіп ете
гөр. Бізге шүкір етушілердің жететін биігіне
жеткізетін терең шүкір нәсіп ете гөр”. 
“Уа, Раббым! Сен мені өзімнен жақсырақ
білесің. Өзіңе алып баратын ізгі істерді маған
нәсіп қыла гөр”. 
“Уа, есепсіз нығметтердің Иесі болған Алла
тағалам! Жүрек көзімді Өзіңнің құдірет
бақшаларыңды тамашалаушы ете гөр! Ерік-
жігерімді Өзіңнің жомарттығыңа бағынышты
ете гөр! Уа, жүрегімді нұрландырушы,
қалауымның түпкі мақсаты болған Раббым!
Әрдайым өзіңнің жолыңда қызмет етуімді әрі
Өзіңнің разылығыңды іздеуші болуымды нәсіп
ете гөр!”
“Уа, Алла тағалам! Бізді Өзіңе, періштелеріңе,
пайғамбарларыңа және ізгі құлдарыңа сүйікті
ет”. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет