Көркем қолөнердің түрлері, жасалу технологиясы және материалдарымен танысу. Материалдарын жұмысқа дайындау



бет3/4
Дата29.01.2023
өлшемі1,11 Mb.
#63561
1   2   3   4
Байланысты:
Презентация (5)

Ағаш өңдеу өнері

  • Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ағаштан жасалған бұйымдар ежелден бері кеңінен қолданылып келеді. Оған ағаштың оңай табылатыны мен өңдеуге ыңғайлылығы ғана емес, көшпелі өмір салты үшін аса маңызды саналатын жеңілдігі де аз рөл атқарған жоқ.
  • Киіз үйдің ағаш сүйегін жасайтын шеберді қазақ халқы үйші деп атап, он саусағынан өнер тамған шеберлерге әрдайым құрмет көрсетті. Ұстаның ағаш өңдейтін өз шеберханасы болды және шеберхана ішіне уық пен керегеге жарамды сырғауыл ағаштарды булап, жұмсартатын – мөр, оны қалыпқа түсіретін – тез, тесетін құрылғы – үскі қойылды. Сонымен қатар шаппа шот, қашау, ара, егеу, пышақ секілді аспаптар да ұста жанынан әрқашан табылды. Ағаш шебері үйге жарамды ағаштарды өзі таңдап алып, киіз бөліктерінің барлығын, атап айтқанда кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық есігіне дейін өз қолымен жасап шығарды. Сондай-ақ ағаш ұсталары домбыра, сыбызғы, қобыз, даңғыра сияқты тағы да басқа музыкалық аспаптар, атқа салатын ер және астық бастыру үшін қажетті еңбек құралдары – айыр, аша, тырмақ, күрек тәрізді еңбек құралдарын дайындады. Бұлардың саптары көбінесе қайың, қарағаш, үйеңкі секілді қатты ағаштардан жонылды, ал Қазақстанның оңтүстік аудандарында тұт пен жаңғақ ағаштары пайдаланылды.

Киіз үй

  • Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен - кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкендері болған. Киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан - сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, жаба салма, көтерме туырлықты, күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған. Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш құралдардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет