Көркем шығарманы басқа үлгідегі иллюстрация ( музыка, күй, мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру, айырмашылықтарын талдау. (Көксерек) Кітап желісі



бет2/2
Дата18.12.2023
өлшемі19,31 Kb.
#140453
1   2
Байланысты:
көксерек

Фильм желісі
Суреткер Мұхтар Әуезовтің осы повесі негізінде қырғыз режиссері Толомуш Өкеевтің, Андрей Кончаловскийдің, Эдуард Тропининнің режиссерлігімен түсірілген «Көксерек» кинофильмі - «Қазақфильм» киностудиясының үздік туындыларының бірі. Кинофильмдегі кейіпкерлерді сомдаған актерлердің (Қамбар Валиев, Сүйменқұл Чокморов, Әлиман Жангоразова, Қарғамбай Сатаев, Нұржұман Ықтымбаев, т.б.) экрандық туындының шеберлікпен жасалуына лайықты үлес қосты. Кинофильм құрылымының әуездік сарындармен өрнектелуінде композитор Дүнгенбай Ботбаевтың, әр алуан бейнелеу өнері көріністерімен безендірілуінде суретші Виктор Ледневтің шығармашылық үлестері де айқын байқалады. 1974 жылдың 8 сәуірінде Мәскеуде премьерасы қойылған бұл фильмнің жанры – тұспалды-тәмсілді (притча) сюжетті экрандау үлгісі. Фильмдік нұсқада суреткер Мұхтар Әуезовтің повестегі көркемдік тұспалды мағыналық желісі негізге алына отырып, сценарий авторлары мен режиссер экрандық туындының өзіндік көркемдік шешімін жүзеге асырған. 
Фильмнің басты кейіпкері Құрмаш сол повестегі мейірімді бала қалпымен бейнеленген. Ал Құрмаштың ағасы Аханқұл (актер Сүйменқұл Чокморов) Көксерекке бөлтірік кезінде де, үлкейген уақытында да, кинофильмнің соңында да жыртқыш қасқырға аяусыз көзқарастағы адамдардың көркем жинақталған типтік бейнесі тұрғысында дараланған. Повестің көркемдік астары арқылы табиғаттағы барлық жанды тіршілік иелерінің бәріне тән өзіндік құқықтық дербестігінің, Тәуелсіздігінің болу заңдылығы танылады. Ал повестің де, кинофильмнің де басталуындағы қасқыр апанындағы көп бөлтіріктердің өлтірілуі, олардың біреуінің-Көксеректің үйге әкелінуі - табиғаттағы тіршілік иелеріне адам қолымен жасалып келе жатқан өктемдіктің, зорлық-зомбылықтың нақты көрсеткіші. Повестегі және кинофильмдегі тұспалды ойдың мағыналық түйіні осы. Көксеректің көп уақыт Құрмаштың үйінде, оның қамқорлығымен өсіп-жетілсе де, өзін-өзі жатсынуы, ауыл иттерінің де, ересек адамдардың да қасқыр бөлтірігін бөтенсінуі арқылы әрқайсысының өзін-өзі еркін сезінуді қалайтын тіршілік мүшелері психологиясының әр алуандығы меңзеледі. Ал повесте де, фильмде де адамдарға олардың бағуындағы төрт түлік малға да үнемі шабуыл жасайтын, сол арқылы өздерінің күнкөрістік азықтануын қанағаттандыратын адамдар ұғымындағы жыртқыш аңдар тағдыры айқындалған. Ал аңдар психологиясымен қарағанда адамдар – олардың емін-еркін өмір сүруінің ең басты кедергілері. Сондықтан, повестегі және фильмдегі қасқыр-кейіпкер Көксерек адамдарға да, малға да тек жемтік жеуші қорқаулық жыртқыштық іс-әрекеттермен бейнеленген. Фильмде әдеби шығарманың логикалық-психологиялық ұстанымын негізге ала отырып, экрандық нұсқаға тән шешімдер жасалған. Фильмдегі повесте жоқ бақташы Аханқұл – Құрмаштың ағасы. Ол – табиғаттағы тек қана басқалардан күш-қуаты артық, зұлым, рақымсыздар ғана жеңіске жететіні туралы жыртқыштық психологияны ұстанушы адам. Фильмдегі осы Аханқұл інісі Құрмаштың бөлтірік Көксеректі мейіріммен аялауын құптамайды, тіпті бірде дала қасқырлары отарындағы көп қойды өлтіргеннен кейін үйдегі Көксеректі ашуланып өлтіре жаздайды. Фильмдегі осы сюжеттік шиеленістен кейін Құрмаш Көксеректі бостандыққа жібереді, ал өзі ағасының үйінен қашып кетеді. Фильмдегі аңшы Қасен патша өкіметінің қуғын-сүргінінен қашып жүрген каторжник болып суреттелген. Ол Құрмашты үйіне апарып күтеді. Бірақ, рухани күйзелістегі ағасы Аханқұлға Құрмаш қайтып келеді. Ал бұл кезде дала қасқырларын бастаған Көксерек өңірдегі малға шабуылын үдетіп, халықты әбігерге, шығынға ұшыратады. Аңшылар оның ізіне түседі, атқылайды, жаралайды, бірақ қолға түсіре алмайды. Бірде оның мал қораға кіріп тұрғанын көрген Құрмаш өзі тәрбиелеген Көксеректің мойнына қарғы бауын кигізгісі келгенде қасқыр балаға атылады, ауыр жаралайды. Қасқырдың осы шабуылынан кейін қашып бара жатқанында ағасы Аханқұл Көксеректі атып өлтіреді. Ауыр жаралы Құрмашты емдеген емші әрекетінің нәтижелі болу-болмауы белгісіз болады. Әдеби шығарма негізіндегі осы «Көксерек» фильмінің көркемдік түйіні – адамдардың мейірімділік пен қатыгездік қасиеттерді иеленеген әр алуан сападағы ортасында табиғаттағы басқа жанды тіршілік иелері тағдырларының да сабақтас болатынын түсіндіру. Балаларға да, ересектерге де осы повесть пен фильм арқылы тіршілік әлемінің қайшылықтарға, қақтығыстарға құрылған болмысы танытылады. Әдеби шығарманың және экрандық өнер туындысының эстетикалық ұстанымы арқылы жаратылыс әлеміндегі адамзат ұрпақтарының тәрбиешілік, күрескерлік ықпалды қызметінің маңыздылығы айқындалған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет