Көркем шығарманы мазмұн мен түрге салыстырмалы түрде бөлу



бет7/9
Дата31.12.2021
өлшемі0,7 Mb.
#23033
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Көркем шығарманы мазмұн мен түрге салыстырмалы түрде бөлу

Қаламгердің дәуір ерекшелігін, өмір ақиқатын түсініп-қабылдауы мен кейіпкерлерінің тағдыр-талайын, іс-қимылдарын, көңіл ауандарын бейнелеуі арасында ажырамас байланыс аңғарылады. Бұны әдетте туындыдағы идеялық-көркемдік бірлік деп атайды, мұның өзі мазмұнның пішінге көшуін (яғни, пішін арқылы бейнеленіп – көрінуін) танытады, сонымен қатар бұл пішіннің де мазмұнға айналуының көрінісі.

«Көркем шығарманың барлық құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде». Лев Толстой кез-келген көркем шығарманың құны мен қасиетің үш түрлі сипатына: мазмұн сонылығына, пішініне, автордың шығарма предметіне байсалды көзқарасы мен ыстық ықыласына қарап бағалаған. Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін бір нәрсе - бір мазмұнның бірнеше пішіні болатындығы. Мысалы, Ұлы соғысы тақырыбы сөз болған шығармаларды алайық. Поэзия, проза, драматургия. Екінші мәселе - мазмұнға қарағанда, пішіннің өзгерімпаздығы. Мысалы, қазіргі кездегі махаббат Қыз Жібек жырындағыдай суреттеу. Ал үшінші нәрсе - мазмұн мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырьш, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек өз мазмұнын ала келеді. Сонымен шығарманың мазмұны - оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да пішіні - әдеби қаһармандардыңөзара қарым-қатынасына, тағдыр-тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы - суретті сөзі, яки көркем шығарманың тілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет