1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «5» ақпандағы
№ 51 бұйрығына 29-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 574 -қосымша
Көрмейтін және нашар көретін білім алушыларға арналған
бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптары үшін
«Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Көрмейтін және нашар көретін білім алушыларға арналған негізгі орта
білім беру деңгейінің 3-4 сыныптары үшін «Ақпараттық – коммуникациялық
технологиялар» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
(бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27
шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Бағдарлама мақсаты қоршаған ортадағы ақпарат ағымын бағдарлай алу
біліктілігін дамыта отырып, ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін тәжірибеде
меңгеру, көрмейтіндерді әлеуметтік ортаға бейімдеу болып табылады.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) оқу барысында алдыға қойған міндеттерді шешу үшін көрмейтін және
нашар көретін білім алушыларды ақпаратпен таныстыру, ұйымдастыру және іс-
әрекетті жоспарлау тәсілдерін үйрету;
2) заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларға қатысты
дыбысталатын Jaws (Джовс) программмасы бар
компьютерлердің жұмысының
негізгі принциптері туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру;
3) Jaws (Джовс) визуалды емес программмасының көмегімен алдыға
қойған міндеттерді шешу үшін тиімді және ұтымды жолдарын табу,
жалпы
заңдылықты анықтау және міндеттерді құрама бөлікке бөлу, ұқсас немесе
жалпылама қасиеттерін құрайтын есептеуіш, алгоритмикалық, логикалық ойлау
қабілетін дамыту.
4. Түзете-дамыту міндеттері:
1) «Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» пәнін оқу барысында
қалдық көру қабілетін сақтау және дамыту;
2) тифлотехникалық құрылғыларды және
компьютермен жұмыс жасау
2
кезіндегі біліктілігі мен дағдысын дамытуда сақталған
анализаторларды
пайдалану;
3) Microsoft Word (Майкрософт Ворд), Paint (Пэйнт), блокнот офистік
программалармен мен жұмыс жасау
барысында айқын байқалатын, көріп
қабылдауды: түстің түрлерін, пішінді, қимыл-қозғалысты (өшіру, жақындату),
салыстыруды, жалпылауды дамыту;
4) информатика сабағында сергіту сәті кезінде көзге жаттығу жасау
барысында көдің бұлшық ет жүйесі мен қимыл
- қозғалыс қызметін нығайту,
дамыту;
5) шағын кеңістікте (білім алушының жұмыс орны) бағдарлауын дамыту;
6) тифлотехникалық құралдар ( видео, аудио жазбалар, «Книголюб»
оқумашинасы) және Jaws (Джовс) визуалды емес (көруді қажет етпейтін)
программмасына кіру арқылы жұмыс жасау кезінде естіп қабылдауды дамыту.