Кіріспе. Анализаторлар туралы жалпы түсінік Жоспар



бет1/10
Дата25.11.2023
өлшемі195,5 Kb.
#126429
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1-Кіріспе-Анализатор-2022 (1)


1 тақырып. Кіріспе. Анализаторлар туралы жалпы түсінік


Жоспар: «Есту, сөйлеу және көру мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы» пәнінің мақсаттары мен міндеттері, оқу үрдісіндегі орны. Анализаторларды дефектолог мамандардың білу қажеттілігі.

«Есту, көру және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы» пәннің мақсаты: Білім алушыларды есту, көру және сөйлеу анализаторлардың қызметінің патологиясы, физиологиясы және анатомиясы негіздерімен, олардың қызметінің бұзылуының нәтижесінде байқалатын кемістігін түзету амалдарымен және аурулардың алдын алу жолдарымен таныстыру.


Пәннің міндеттері:
– есту, сөйлеу және көру мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы жөнінде білім беру;
– анализаторлардың патологиясының негізгі себептерін, тексерудің негізгі әдістерін қарастыру;
– анализаторлардың қызметінің бұзылуының кемістігін түзету амалдарымен таныстыру;
– анализаторлардың кемістігі нәтижесінде байқалатын аурулардың алдын алу жолдарын қарастыру;
– есту, көру және сөйлеу қабілетінің бұзылуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің ерекшеліктерін түсіндіру.
Пәннің оқыту нәтижелері:
Білім алушылар есту, көру және сөйлеу мүшелерінің құрылысын, қызметін және патологиясын білетін болады;
– есту, көру және сөйлеу анализаторлардың дамуының жасқа сай ерекшеліктерімен танысады;
– анализаторлардың қызметінің бұзылуын түзету жолдарын меңгереді;
– есту, көру және сөйлеу мүшелердің қызметінде патологиясы бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің ерекшеліктерін түсінеді;
– анализаторлардың патологиясына алып келетін себептерді ажыратып, аурулардың алдын алу жолдарын анықтайды.
Құзыреттіліктері:
Білім алушылар есту, көру және сөйлеу анализаторлардың қызметінің патологиясы, физиологиясы және анатомиясы негіздерін, олардың қызметінің бұзылуының нәтижесінде байқалатын кемістігін түзету амалдарын және аурулардың алдын алу жолдарын білетін болады.
Анализаторларды дефектолог мамандардың білу қажеттілігі. Дефектология мамандығында есту, көру, сөйлеу қабілетінің бұзылуы бар балаларды оқытып-тәрбиелеу негізінде әртүрлі анализаторларында анатомия, физиология және патологиясынан хабары бар ғылыми және тәжірибелік білімді дефектолог мамандарын даярлау. Баланың жасына байланысты жетіліп-даму өзгерістері; анализаторларының патологиясының негізгі себептері, тексерудің негізгі әдістері; олардың алдын алу жолдары жөнінде білім беру. Есту, көру, сөйлеу қабілетінің бұзылуы бар балаларды оқытып-тәрбиелеудің ерекшеліктерін, дәрігерлермен бірге сауықтыру шараларын жүргізу, әлеуметтік еңбек ортасына бейімдеу жолдарын меңгеру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет