Қалибек Данагүл:Бірлесе еңбек ете жүріп бой түзеп, табиғатпен етене, оны игілігіне игеріп, жаратып, адамзат қауымы, тайпа, ұлт, ел болып қалыптасты. Сөйтіп, тек бірлескен күш-қайрат ғана қай қиын-дықты да жеңе білуге, қандайма алынбас қамалды да алуға болатынын, ішкі ынтымақтың ырыс-несібе-ырзық әкелетінін, дербес елдіктің шаңырағын тіктейтінін бағзыдан бағамдады. Құдайберген Шынар: Күрес – өмір заңы болса, ал бірлескен күш-жігер, тонның ішкі бауындай жымдасқан бірлік пен өзара ілтипат, бауырмалдық пен достық сынды киелі ұғым-сезімдер ерлікке де, жеңіске де, сән-салтанатқа, арысы мәңгілікке бастайтынына ұлы уақыт төреші. Құрманахан Альбина:Ішкі бірлігі болмаған талай құдіреттіимпериялар мен мемлекеттер, кейбір мықты деген халықтар мен тайпалардың өзі тарихтың алмағайып тұстарында құрдымға кетті. Әбілез Жанелла:Біздің қазақ «Ырыс түбі - ынтымақ» деп те, «Ауыл болсаң - қауым бол» деп те, «Ел болам десең, бесігіңді түзе») деп те айтады. Оңалғазы Дана:«Бірлік түбі – береке» дейді сосын. «Отан – отбасынан» демекші, әрбір отбасында уыздай ұйыған бірлік пен тату-тәтті тірлік болса, әр жанұяда елін сүйетін өрелі өрендер желкілдеп өсіп келе жатса, олар ең бірінші кезекте өз қазағының, Қазақстан халқының қамын жесе, ұлы Отанымызға да құт-береке дарып, қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры асқақтай түскені. Өтеген Назлы:Сындарлы сыртқы саясатымызды ұстана отырып, еліміздің ішкі әлемінде де алауыздыққа жол бермеу, ұлтаралық келісім мен діни ымыра, азаматтық келісім, міне, сол арқылы тәуелсіз Қазақ Елінің баянды болашаққа жол тартқан ұлы сапарын бекемдей түсу – ортақ міндетіміз. Тиепжан Дильназ:Бірлік болмай тірлік болмас деген қазақтың бір мақалы бар.Менің ойымша бұл мақал өте жақсы мағынада айтылған.Бірлік түбі-тірлік болса адамдар жұмыс бірігіп істесе,олар жұмысты әлдеқайда тез бітіріп шығады.Сонда да бірлік болу үшін ең алдымен ауызбіршілік,татулық болу керек