Корпустық лингвистика пәні бойынша дәрістер тезистері



бет3/10
Дата07.01.2022
өлшемі53,35 Kb.
#17426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2 сағат

4-5 апта

Корпустық лингвистиканың негізгі объектісі – тілдік жүйе.

Соңғы жылдары тілдік құбылыстарды сандық және сапалық жақтан анықтауда зерттеліп отырған материалдың бслгілі бір ықтимал статистикалық зандылықтарын ашуға мүмкіндік беретін лингвостатистикалық әдіс-тәсілдер қолданылуда (Қ.Бектаев, А.Жұбанов, Ә.Ахабаев, Қ.Молдабек т.б.). Бұл тәсілдерді әсіресе бастауыш сынып оқулықтары (БСО) тілінің лексикасы мен морфологиясына қолданып (Қ.Молдабек), ондағы сандық және сапалық ерекшеліктерді айқындау, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, сөздердің қолданылымындағы кейбір тіл заңдылықтарын түсіндіру жалпы тіл білімінде ерекше маңызға ие болып отыр.

1950 жылдардағы оқулық мәтіндерін

зерттеу нысанасы ретінде алу себебіміз - белгілі бір мақсатқа орай Қ.Молдабек 70 жылдардағы БСО мәтіндерін, Қ.Мамаев 90 жылдарды, ал М.Ермекбаев 2000 жылдардағы БСО мәтіндері бойынша зерттеу жүргізіп келеді. Зерттеу бағытындағы орынды дәстүр жалғастығын құптай отырып, осы оқулықтардың құрастырылуы белгілі бір жүйегс түсіп, балалардың жас срекшеліктеріне қарай білім мазмұны сұрыптала бастаған 50 жылдарға соқпай өту мүмкін емес. Сондықтан да оқулықтар тілі жайында сөз қөзғағанда, алдымен осы оқулықтардың құрастырылу, зерттелу тарихына қатысты материалдардан бастағанды жөн санаймыз.

Лингвостатистикалық әдістер тілдік фактілерді жадағай түрде санамалаудан гөрі оларды топтастырып, белгілі бір өлшемдер негізінде ықтималды немесе дедуктивтік болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда XX ғасырдың соңында түрлі жастағы балалар тілін статистикалық әдіс-тәсілдермен зертгеудің алғашқы қадамдары жасалды (Н.А.Рыбников, Э.Штейнфельдт, А.Люблинская, М.Р.Львов т.б.). Баланың ана тілді меңгеруінде оның мектеп-жасындағы кезеңі ерекше маңызды. Себебі, бұл кезде тілді үйренудің балалық кезеңі біртіндеп оны мектепте оқытып-үйретудің жүйелі формасына көшеді. Осы жүйелі білім берудің бірден-бір көзі ретіндегі оқулықтарды лингвостатистикалық әдіспен зерттеушілердің бірі Қ.Молдабек 70 ж. БСО мәтіндері мен балалар әдебиеті (БӘ) мәтіндеріндегі сөз қолданыстарды қарастырса, Қ.Мамаев 90 ж. БСО мәтіндері деп сөз формалары мен сөз қолданыстарды қолданылу жиілігі негізінде кейбір тілдік заңдылықтарды ашуға тырысты. Соңғы жылдары "Атамұра" баспасынан шықкан БСО мәтіндерін зерттеген М.Ермекбаев оқулықтардағы сирек қолданылган сөздерді анықтап, олардың оқушылардың тіл байлығын арттырудағы маңызын ескеріп, оны дамыту жолдарын қарастырды. Біздің зерттеу нысанымыз ретіндеғі 50 жылдардағы БСО мәтіндерін статистикалық әдіспен зерттеуіміздің жоғарыда аталған еңбектерден ерскшелігі - осы зерттеулер негізінде әрбір 20 жыл аралығындагы БСО мәтіндеріндегі сөздік қорды анықтап, олардың өсу динамикасын ашу. Бұл да тақырыптың өзсктілігін сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет