Корпустық лингвистика пәні бойынша дәрістер тезистері



бет7/10
Дата07.01.2022
өлшемі53,35 Kb.
#17426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 сағат

10-11 апта

«Адам-Компьютер-Адам» қатынасы

Қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық телекоммуникация жағдайында оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері мен әдістерін одан әрі жетілдіру жұмыстарын компьютерлендірумен тікелей байланыста жүргізу қажет. Оқушының ақыл–ой ауқымын кеңейтуде, дамытуда,білім алу мен түсіну үрдістерін қалыптастыруда педагогикалық технологияны қолданып, дербес пәндер бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жасап, оны жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру өмір талабынан туындап отыр. Компьютердің қазақ тілі пәнін оқытуда қолдану мүмкіндіктері өте мол. Компьютерді оқу–тәрбие процесінде қолдану, ғылыми-техникалық процестің жетістіктерін практикаға енгізудің өзегі болып табылатындығы өз еліміздегі, сондай – ақ шетелдердегі тәжірибелерден белгілі.Қазақ тілі пәнінің оқыту әдістемесіне көмекші техникалық құрал ретінде компьютерді қолдану көптеген әдістемелік өзекті мәселелерді тиімді шешуге жағдай жасайды. Дербес компьютерді сабақта пайдалану оқыту процесінде кері байланысты қамтамасыз етуге, даралап оқытуды жүзеге асыруға, өзіндік жұмыстар ұйымдастыруға және оқушылардың білім деңгейін анықтауға өз үлесін қосады. Оқу процесіне еркін еніп, өз бетінше еркіндік алып,ой жүйесін толықтай пайдалануға компьютерлік ойындардың тигізер пайдасы зор.Компьютерлік ойындар балалардан бастап ересектеге дейін қызыға ойнайтын ойындардың бірі болып қалыптасуда. Компьютерлік ойындар – әлі де психологтар, физиологтар және ғалым–педагогтар тарапынан зерттелінетін, тәрбиелік және танымдылық маңызы анықталынатын ерекше бағыттардың бірі.Компьютерді әрбір ғалым саласы өз қажетіне сәйкес дәрежеде қолдануына болады. Компьютер тек қана информатика пәнінде оқып- үйреніп, өткізіліп қана қоймай,сонымен қатар оқытылатын басқа пәндерде де өзінің қолдану аясын табуы өмір талабы болып отыр.Компьютерлік ойындар әр түрлі бағыттарды ескере отырып жасалынған. Компьютерде көптеген қоршаған ортаны,өмірде болып жатқан құбылыстарды ескере отырып,оларды түрлендіре әр түрлі ойындар ұйымдастыруға болады.Компьютер пайдаланушының алға қойған мақсатына психологиялық жаттықтыру, оқушының өзін – өзі тану құралы бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет