Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі
1. Орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі:
1.1. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша (барлық пәндердің педагогтері):
1) орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналы;
2) орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналы;
3) орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналы;
4) орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналы;
5) орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары;
6) орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспары;
7) жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтер;
8) тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспары.
1.2. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу бойынша (сынып жетекшісінің функциясын атқаратын педагог):
1) тәрбие жұмысы жоспары;
2) орта білім беру ұйымдарына арналған ата-аналар жиналысының хаттамасы;
3) орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс қағазы;
4) орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сынып білім алушысының үлгерімі туралы табель;
5) орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сынып білім алушысының сабақ үлгерімі туралы табель;
1.3. білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша (басшы, қызмет бағыттары бойынша басшының орынбасары (оқу жұмысы бойынша, тәрбие жұмысы бойынша, бейіндік оқыту бойынша, ақпараттық технологиялар жөніндегі):
басшы:
1) орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспары;
2) орта білім беру ұйымдарына арналған мектепті дамыту жоспары;
3) мектепішілік бақылау жоспары;
4) орта білім беру ұйымдарына арналған бұйрықтарды тіркеу кітабы;
5) орта білім беру ұйымдарына арналған педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы;
6) орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің жеке құрамын есепке алу кітабы;
7) орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушыларды жазатын алфавиттік кітабы;
8) орта білім беру ұйымдарына арналған кеткен білім алушыларды есепке алу кітабы;
9) орта білім беру ұйымдарына арналған келген білім алушыларды есепке алу кітабы;
қызмет бағыттары бойынша басшының орынбасары (оқу, тәрбие, ғылыми-әдістемелік, бейіндік оқыту бойынша, ақпараттық технологиялар жөніндегі):
1) орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары;
2) орта білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспары;
3) орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтер;
4) орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамасы;
5) орта білім беру ұйымдарына арналған босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы;
6) орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабы;
7) орта білім беру ұйымдарына арналған негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабы;
8) орта білім беру ұйымдарына арналған жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабы;
9) орта білім беру ұйымдарына арналған мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабы;
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесі:
2.1. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша (барлық пәндердің оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері):
1) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс бағдарламасы;
2) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары;
3) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары;
4) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналы;
5) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жеке сабақтарды есепке алу журналы;
6) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналы;
2.2. білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу бойынша (сынып жетекшісінің функциясын атқаратын педагог):
1) тәрбие жұмысы жоспары;
2.3. білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша (басшы, басшының орынбасары (оқу, ғылыми және оқу-әдістемелік, тәрбие, оқу-өндірістік жұмысы бойынша, кәсіптік оқыту, ақпараттық технологиялар), бөлім меңгерушісі, оқу бөлімінің меңгерушісі:
басшы:
1) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу жылына арналған жұмыс жоспары;
2) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған колледжішілік бақылау жоспары;
басшының орынбасары (оқу, ғылыми және оқу-әдістемелік, тәрбие, оқу-өндірістік жұмысы бойынша, кәсіптік оқыту, ақпараттық технологиялар), бөлім меңгерушісі, оқу бөлімінің меңгерушісі:
1) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспары;
2) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу жұмыс бағдарламасы;
3) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік жұмысы жоспары;
4) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтер;
5) орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушының жеке білім беру бағдарламасы;
6) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім алушының үлгерім кітапшасы;
7) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған диплом беру кітабы;
8) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған дипломдардың телнұсқасын беру кітабы;
9) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған академиялық анықтама беру кітабы;
10) орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың атаулы кітабы.
Құжаттарды педагогтер қағаз немесе білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда, электронды түрде толтырады.
|
№130 Бұйрығына 2-қосымша
|
|
Нысан
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Достарыңызбен бөлісу: |