Көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру бағдарламасының ерекшеліктері былайша анықталады



бет3/3
Дата18.10.2022
өлшемі0,9 Mb.
#43817
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Дарис 5

Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру бағдарламасының ерекшеліктері былайша анықталады:
дайындық сыныбының ұзартылуы (бастауыш сыныптарда);
нашар көретін балаларды бастауыш сыныпта оқытуда көру қабілетінің жұмысын қалыптастыру, заттың көрнекі образы мен сөз арасындағы сәйкестікті қалыптастыру, жазуға дайындау;
Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дәм сезу ақылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге және үйретуге ықпал ететін фактор – оқытушылар. Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым және түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, әрі тиімді болар еді.
Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп және денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болып келеді. Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді. Олар: 1-топ мүлдем көрмейтін балалар;
2-топ көру деңгейі төмен балалар;
3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия)
1 - топтағы балаларға брайль жүйесінде оқытылу ұсынылады. Брайль жүйесі – бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады.
1-топтағы балаларға брайл жүйесін үйретпес бұрын ет сезім қабілеттерін дамытумен жұмыстану керек. Баланың ет сезім мүшелері дамыса, қалыптасса бедерлі нүктелерді сезуіне, әріптер мен сандарды тез үйренуіне көп көмегін тигізеді.
Ет сезім мүшелерін дамытуға түрлі әдістерді пайдалануға болады. Үлкен заттан бастап, ұсақ затқа дейін ауысу. Мысалы: жіпке тізілген үлкен моншақтан бастап, ұсақ моншаққа дейін төмендеу және оған ілгекті де алуға болады. Сабаққа қатысты үлестірмелі материалды грифелмен бастыру, құрастырмалы, бұрандалы заттармен, жіптің түрлерімен, өсімдік дәндері мен дақылдарын пайдаланға т.с.с. көрнекі заттармен жұмыстануға болады.
Әр 15 минут сайын көз бұлшықеттері шаршамауға, көру деңгейі төмендемеуі үшін көзге арналған жаттығулар жасап тұру керек. Мысалы мынадай жаттығуларды қолдануға болады. Брайль жүйесінде оқитын балаларға әуеннің сүйемелдеуімен орнында отырып, басты оңға, солға, алға, артқа айналдыру. Қолды алға созып алақандарымызды ашып-жұму. (15-20 рет). Орнынан тұрып, басын жүректен төмен қойып, дем алып, дем шығару. Қолдарын жаңға созып, жұдырығын түйіп білегін, шынтағын, айналдырады, қолдарын жоғары көтеріп жұдырықтарын ашу. (15-20) рет, басында 5-10 рет, т.с.с. Сонымен қатар саусақ ұштарына, алақанға бүдірлі заттармен жеңіл массаж жасау.
Көру деңгейі төмен балалар мен көру деңгейі функционалдық бұзылған балаларға мынадай үлгідегі көзге арналған жаттығулар жасатуға болады. Әуеннің сүйемелдеуімен көзді ашып, жұму, ауаға көзбен көлденеңнен сегіз салу (15-20 рет), көзге сұқ және ортаңғы саусақпен жеңіл массаж жасау, т.с.с. Көзге арналған жаттығулармен қатар денеге де жаттығулар жасап отырылады. Сонымен қатар көзге арналған электронды жаттығулар мен тренажорлар бар.
Көру деңгейі функционалдық бұзылған балалардың ауру диагнозына байланысты әр қайсысымен ұсынылым бойынша жұмыстанылады. Егер балада миопия ауруы болса, жақында тұрған нәрселерді жақсы көреді де, алыстағыны көрмейді. Бұл баламен жеке жұмыстану қажет және көзге арналған арнайы жаттығуларды жасап отыру керек. Жұмыс орны жарық болуына ықпал жасау және баланың денесін тіке ұстап отыруына бақылау жасап отыру керек. Көрнекілік түстері үйлесімді реңмен берілуі тиіс (қара реңге- қызғылт сары, жасыл түсті). Көру жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс, ауызша жұмыстану 10 мин.
Алыстан көру (гиперметропия Н) – алыстан да, жақыннан да көру қашықтығы бұзылған, алайда жақыннан көру қашықтығы балада анық байқалып тұрады. Мұндай баламен тақтамен жұмыстануға, ұсақ заттармен, үлестірме материалдарды бөліктермен беріледі.
Астигматизм (ast)- бала заттарды бұлдыр көреді, яғни алыс болса да жақын болса да көре алмайды. Астигматизмнің болу себебі көздің айналасындағы бұлшықеттерінің бірқалыпты болмауы. Мұндай баланың көру жүктемесі төмен деңгейде. Жазу жұмысы аз болуы шарт. Партаға дәптерді дұрыс орналастаруға тіке сызықты желімдеп қою керек. Егер гиперметропиялық астигматизм болса ұсақ заттарды, ұсақ суреттерді қолдану керек. Ал, егер миопиялық астигматизм болса жарық жақсы түсу шарт, контрастық реңде қызғыл сары және жасыл түсті көреді. Көру жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс.
Амблиопия – көру мүшесінің төмендеуі. Егер амблиопия туа пайда болса, бала басқаша көре алатынын білмейді. Сондықтан бала қалай көріп тұрса солай қабылдайды. Сол себептен көзіне байланысты шағым айтпай жүре береді. Көрнекілік нақты, артық сызба, сурет болмауы керек. Тақтадағы суретке жақсы көретін көзімен қарауы қажет. Сурет, графикалық үлгілер үлкен болуы шарт.
Нистагм көз ауруында – баланың көзі төмен-жоғары, көлденең ойнақшып тұрады. Мұндай баламен жеке картамен жұмыстану керек. Жүргізіп оқыған кезде коррекциялық сызғышты пайдалануды қажет етеді. Балаға оқуға ыңғайлы уақытты таңдау қажет.
Қыли көзді ауруы (косоглазия) – көз қимылының бұзылуы. Қыли көзінің көру қалдығының төмендеуі. Егерде балада көзінің ауытқушылығы 15-20 градус болса көз әйнекті тағуға міндетті. Көздің қарашығы екі жаққа қарап тұрса, кітап қоюға арналған кітапқойғыш керек емес. Ал, егер көз мұрынға қарап тұрса кітапқойғыш міндетті түрде қажет. Баланы асықтыруға мүлдем болмайды.
Бір мемлекетте, бір қоғамда өмір сүргендіктен сол елдегі халықтың дініне, нәсіліне, ұлтына қарамастан болашақ өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі мейірімге толы ұстаздар қауымына тиісілі. Елімізде жылдан жылға мүгедек балалар саны артып келе жатыр. Алайда, ол балаларды мемлекет қамқорлыққа алып, денсаулықтары мен білім алуларына жағдай туғызуда.
Жоғарыда жазылған көру қабілеті бұзылған балалардың оқытудағы жұмыстардың түрлері мен ауру диагноздары. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ.
Көру қaбілеті бұзылғaн бaлaлaрдың aйнaлaсын жaқсы бaғдaрлaуы үшін мектепке кіретін бaспaлдaқтaрды aшық
кереғaр түстерге бояп қою қaжет жəне міндетті түрде тaяныш орнaтылуы керек. Тaяныш бaспaлдaқтың екі жaғындa 70 жəне 90 см биіктікте, aл төменгі сыныптaр үшін 50 см кем болмaуы қaжет. Есіктер де жaғымды aшық кереғaр түске боялуы керек. Егер есіктер шыныдaн болсa, оның aшылaтын тұсын aшық түсті бояумен бояп қою қaжет. Көру қaбілеті бұзылғaн оқушының тұтқaдaн ұстaп бaғдaрлaнуы үшін мектептің дəлізі бойынa бaрлық периметр бойыншa тұтқaлaр жaсaлуы керек. Олaр үшін пaртaның жұмыс жaсaйтын бетін, бaспaлдaқты, дəліздерді, денешынықтыру зaлдaрын жaрықтaндыру жоғaры болуы керек. Нaшaр көретін бaлaлaр үшін aрнaйы көрнекі құрaлдaр, сызықтaры aнық дəптерлер, aртық бөлшектерсіз суреттер, ірі əріптермен жaзылғaн кітaптaр, көріп қaбылдaуғa қолжетімді оқулықтaр қaжет. Бұлaрдaн өзге де aрнaйы құрaлдaрмен қaмтaмaсыз ету қaрaстырылaды:
– офтaльмологпен тaғaйындaлғaн көруді түзету құрaлдaры (көзілдірік, жaнaспaлы линзa, лупa, телескоптық кө- зілдірік );
– тaбиғи жaрықты реттейтін құрылғы (тетік);
– оқығaндa, жaзғaндa, сурет сaлғaндa сурет көргенде дұрыс отыруын қaмтaмaсыз ететін aрнaйы бір орынды пaртaлaр;
– бaлaлaрғa aрнaлғaн қосымшa құрылғылaр (Брaйл жүйесі бойыншa жaзуғa aрнaлғaн құрaлдaр, оқитын мaшинaлaр, Брaйл шрифтісімен жaзылғaн мaшинкaлaр, рельефті суретке aрнaлғaн «Школьник» құрaлы,
– тифлотехникaлық құрaлдaр (жaзуғa aрнaлғaн тифло- құрaлдaр, электронды құрaлдaр, тaктильді жəне брaйлді дисплей, сөйлеу синтездеуші);
– көруді қорғaу тaлaптaрынa жaуaп беретін aрнaйы оқу құрaлдaры (рельефті-көрнекі құрaлдaр, геогрaфиялық кaртaлaр, схемaлaр жəне т.б.);
– aудио-жəне бейнеaппaрaтурaлaр;
– aрнaйы бaғдaрлaмaлaрмен қaмтaмaсыз ететін компьютерлер. Жaлпы білім беретін сaбaқтaрғa aрнaлғaн бөлме- лерден бaсқa, мектепте логопед сaбaқтaрын, психолог өткізетін сaбaқтaрғa жəне түзету ырғaғын өткізуге aрнaлғaн бөлмелер болуы тиіс. Инклюзивті білім беру ұйымындa оқыту ортaсын зaмaнaуи модельдеу ерекше білім қaжеттіліктері бaр бaлaлaрды қaлыпты білім кеңістігіне қосудың мaңызды шaрты болып тaбылaды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет