Көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Арнайы балабақшалардағы жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың негізгі қағидалары



бет2/3
Дата18.10.2022
өлшемі0,9 Mb.
#43817
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
Арнайы балабақшалардағы жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың негізгі қағидалары:
көрнекіліктердің кеңінен қолданылуы;
— көру қабілетін коррекциялауда оптикалық құралдарды қолдану;
соқырлық пен нашар көрушілікті компенсациялаудың құралы ретінде сөйлеудің ролін арттыру үшін экскурсия, бақылау жұмыстары, қоршаған ортамен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
заттық-практикалық әрекетті дамыту жұмыстары (қол еңбегі, конструкциялау, мүміндеу, жапсыру т.б.);
балабақша мен отбасы арасындағы байланысты орнату.
Ресейдегі тифлопедагогиканың және соқырларға арнайы білім беру жүйесінің дамуы К.К. Грота мен А.И. Скребицкийдің есімдерімен байланыстыі. Революцияға дейінгі кезеңде Ресей мемлекеті бойынша соқыр балалардың 4-5%-ы 3-4 класс көлемінде қол өнерге баулу арқылы білім алуға мүмкіндік алды. Кеңес дәуірі кезінде соқырларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы Халыққа білім берудің жалпы мемлекеттік жүйесіне біріктірілді. 1928 жылдан бастап соқырларға білім беруге арналған бағдарламалар шығарыла бастады. Отандық тифлопедагогика мен тифлопсихологияның дамуына өз үлестерін қосқан зерттеушілер М.И.Земцова, Б.И.Коваленко, А.С.Ганджий, Н.Г.Крачковская, Л.И.Плаксина, Л.И.Солнцева, А.Г.Литвак, В.П.Ермаков, А.Б.Гордин, Р.С.Муратов, И.С.Моргулис, т.б. соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер мемлекеттің қарауында болып халыққа білім беретін мекемелердің қатарына енізілуіне негіз жасады. Соқыр және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері:
  • баланың жалпы және жеке даму ерекшеліктерін есепке алу, сенсорлық негізде оқу, еңбек, ойын әрекетінің әдістері мен тәсілдерін қалыптастыру, саралау;
  • оқу материалын қайта қарау, оның ұзақтығын өзгерту, оқу жүктемесінің көлемін қайта қарау, оқытудың арнаулы әдістері мен формаларын, баланың танымдық қабілеттерінің арнасын кеңейтуге арналған оқулықтар мен көрнекі құралдарды, оптикалық және тифлотехникалық құралдарды пайдалану;
  • оқу кабинеттері мен кластарды жабдықтау, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, емдік-қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • кәсіптік бағдар беру жұмыстарын, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу жұмыстарын күшейту.

Соқыр және нашар көретін балаларға арналған жалпы білім беретін мектептер үш деңгейден тұрады: бірінші деңгей — бастауыш мектеп, екінші деңгей — негізгі (аяқталмаған орта) мектеп, үшінші деңгей — орта мектеп. Мектептің деңгейлері бала дамуының негізгі үш кезеңіне, яғни балалық шақ, жеткіншек шақ, жастық шаққа сәйкестендірілген.
Бірінші деңгейдегі мектеп бала тұлғасының қалыптасуына, потенциалдық мүмкіндіктерінің тұтастай дамуына, дамудағы кемшілікті коррекциялауға, емдеуге, көру қабілетін сақтауға бағытталады. Бастауыш мектепте көру қабілетін дамыту, соқырлардың сипап-сезу қабілетін дамыту, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, ритмика, дене тәрбиесі сабақтары жүргізіледі. Бастауыш мектептің оқушылары көрнекі-образды ойлау, теориялық ойлау қабілеттерін, оқу әрекетін, есептеу, оқу, жазу дағдыларын, өз-өзіне қызмет етудің қарапайым тәсілдерін игереді. Оқыту мен білім беру арнайы оқу жоспарына сай оқу бағдарламасымен жүзеге асады.
Екінші деңгейдегі мектеп білім алуды жалғастырушы түлек үшін қажетті еңбек дағдыларын игертуге, білімін жалғастыруға жағдай жасауға, қоғамға араласуына көмек көрсетуге бағытталады. Денсаулықты нығайту мен танымдық, тұлғалық, қимылдық сфераны түзетуге арналған жұмыстары жалғасады. Мектеп баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, дүниетанымын қалыптастыруға, еңбекке араласуына, көру қабілеті бойынша мүгедектік арқылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне бағытталған шараларды жүзеге асырады. Оқушылар арнаулы енгізілген және кейбір пәндерге байланысты (бейнелеу, сызу, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен білім алады.
Орта мектеп еңбекке баулуды қамтамасыз етеді. Мектеп оқушының қызығушылығын, әлеуметтік-психологиялық бейімделуін, қоғамдық өмірге араласуын қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы мақсаттарға сәйкес оқу жоспарына міндетті пәндермен қатар оқушының таңдауы бойынша пәндері енгізіледі. Жоғары кластарда кейбір пәндерге байланысты өзгертулер енгізілген (информатика, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен ұйымдастырылады.
Соқыр балаларға арналған мектептердегі оқыту жалпы білім беретін мектептің бедерлі-нүктелі шрифтімен жазылған оқулықтарымен қамтамасыз етіледі. Оқу практикасына қабылдау, кеңістікті бағдарлау мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған оқытудың тифлотехникалық құралдары (жазуға арналған арнайы құралдар, жарық сигналдарын беруші құралдар) кеңінен қолданылады. Нашар көретін балалармен жұмыс кезінде көру қабілетін дамытуға арналған жағдайлар жасалады және көрудің нашарлығына сәйкес келетін дәптерлер, көрнекі, дидактикалық материалдар, оптикалық және техникалық құралдар қолданылады.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектепті аяқтаған бала жалпы білім беретін орта мектепті бітіргені жөніндегі аттестат алады және жалпы негіздегі ЖОО-да білімін жалғастырып, мамандығы бойынша қызмет етуіне, халық шаруашылығының жекелген саласында еңбек етуді үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет