Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкірттісутек, мышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының ауруы.

«Глаукома» - көздің ішкі қысымының тұрақты түрде немесе оқтын-оқтын көтерілуімен, кейінірек кеңістігінде өзіне тән мүкістіктердің пайда болуымен, көру жітілігінің төмендеуімен және көру нерві дискісінде экскавация мен семудің пайда болуымен сипатталатын организмдегі көз ауруларының үлкен бір тобы. Көздің ішкі қысымын реттеу жүйесінің патологиясы бұл жинақталған ұғым. Бұл ұғымға көздің ішкі қысымының өзгеруі міндетті түрде болатын, басқа да өзгерістерін қосқанда.

Глаукома іштен туған, бірінші реттік және екінші реттік деп негізінен үш түрге бөлінеді.
Глаукома дамуының факторлары: туыстары мен жақындарының арасындағы глаукоманың болуы, вегетативтік және артериалдық гипертониясы бар қант диабеті, сақина аурымен ауыратындар арасында, жақынан көрушілік.
35 жастан асқан кезде осы аталған симптомдардың біреуін анықтаған болсаңыз, дереу дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Суқараңғы 40 – 50 жастағы адамдар арасында пайда болады, кей жағдайларда жас балаларда (іштен туа біткен) және жасөспірімдерде кездеседі.
Глаукоманың алғашқы белгісі
Пайдаланылған әдебиеттер:
Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы