Тапсырма 2
Көшбасшылық – бұл өз əрекеттерін біріктіру арқылы жеке адамдарға жəне топтарға əсер ету мүмкіндігі; оларды мақсатқа жету үшін əрекет етуге ынталандыру. Көшбасшылық – адамдардың өз көзқарастарымен бөлісуіне қарағанда, адамдарға көбірек ие болу өнері. Көшбасшы топқа ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар қойып, оған қол жеткізу үшін тактикалық қадамдар жасайды.
Көшбасшылық мəселесінің зерттелуі сонау антикалық философиядан бастау алып, орта ғасырдағы философтардың діни білімдерінде жалғасын табады. Олар зерттеулерінде нағыз белсенділікке тек құдай ғана ие екендігін, ал адам өз бастамасымен əрекет ете алмайтындығын келтіреді. Қайта жаңғыру дəуірінде Гегель тұлғаның көшбасшылық жағдайын бостандық көзі ретінде қарастырып, адамға алға қойған мақсатына жетуге əрекет етуге мүмкіндік береді деп санады. Сол заманның ойшылдары Гельвеций мен Дидро көшбасшылықты адамның өзіне деген сүйіспеншілігін жəне жеке қызығушылығын арттырудағы тұлға белсенділігінің түрткісі ретінде қарастырған.
Көшбасшы – кез келген топтағы ықпалы бар, беделді тұлға. Көшбасшы жауапкершілікті өзіне алатын, қиын кезде тығырықтан шығу жолын таба білетін, өз пікірі, ұстанымы бар беделді адам. Осындай беделді тұлғаның жеке ерекшеліктеріне, яғни қандай қасиеттерге ие екендігіне тоқталмақпыз. Əрине, алдымен көшбасшыға білімді, адал, сенімді, адамгершілігі мол қасиеттер тəн. Көшбасшы болу үшін жауапкершілігі мол, білімді, мақсатқа ұмтылатын, жұмысқа қабілетті, қолынан іс келетін, ынтымақтастықта əрекет ететін тұлға болуы керек.
Көшбасшы тұлғасының қасиеттері түркі ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. Кейбір ғалымдардың көшбасшыға тəн қасиеттерді сипаттаған зерттеулеріне тоқталайық. Өз заманында ғылымның сан алуан салаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп Баласағұн еңбегінде көшбасшыны парасатты адам тұрғысынан қарастырып, оның бойында мынадай сапалар қамтылуы керек деп есептейді: əділдік, ақыл, білім, зеректік, бақыт, қанағат [1].
Қожа Ахмет Яссауи көшбасшыны кемел адам ретінде бағалап, оның бойындағы тұлғалық сапаларды былайша жіктейді: туралық,адалдық, еңбекқор, қиындыққа төзе білу, ақиқатты іздеу, білім-ілімге құмар болу,имандылық [2].
Ахмед Иүгінеки дидактикалық өлеңдер жинағында көшбасшыға тəн негізгі тұлғалық қасиеттерге тоқталады: білімділік, кішіпейілділік, сабырлылық, адалдық, жомарттық, қарапайымдылық [3].
Түркі ойшылдарының көшбасшыға тəн ойларында алдымен гуманды адам болуына аса мəн беріледі. Олардың барлығы көшбасшының ізгілігіне, жақсылық жасау мен игі істерге құштарлығына, əділдігі мен шыншылдығына, қайсарлығы мен батылдығына, жамандық пен жауыздықтан аулақ болуына баса назар аударады. Сондай-ақ осы мəселеге қатысты ой-пікірлері ұштасады, мəселен əділдік, ақылдылық, білімділік, зеректік, кішіпейілділік, қанағатшылдық тəрізді көшбасшылық қасиеттер аталған ғұламалардың барлығының да сипаттамаларында көрініс тапқан. А. Яссауи бұл ортақ қасиеттерден бөлек еңбекқорлық, имандылық, төзімділікке мəн берсе, А.Иүгінеки жомарттық, сабырлылық, қарапайымдылықты қосып, бір-бірін толықтары түседі.
Ғалымдардың көшбасшы тұлғасын сипаттаған қасиеттері бүгінде мəнін жоймады. Алғашқыда берілген сапа-қасиеттердің негізі сақталды деуге болады. Көшбасшылық қасиеттерді анықтауды зерттеу жылдар бойына ұласты. Шетелдік ғалымдар да көшбасшылық мəселесіне аса мəн беріп, зерттемелер жүргізіп, өз тəжірибелерінде көшбасшыға тəн бірқатар қасиеттерді айқындады.
Көшбасшылықты зерттеуші ғалымдардың бірі Р. Стогдилл 1970 жылдары көшбасшылыққа тəн мынадай қасиеттерді анықтап көрсетті:
— жауапкершілікке аса қажеттілік;
— міндеттерді аяқтауды бағдарлау;
— мақсаттарға қол жеткізудегі күш пен табандылық;
— мəселелерді шешудегі батылдық пен өзіндік ерекшелік; — өзіне сенімділік;
— өзін-өзі тану;
— өз шешімдері мен əрекеттері салдарын қабылдауға дайындық; — ішкі жеке мəселелерді адсорбциялау қабілеті;
— көңілге кірбің түсіру мен сəтсіздікке төтеп беруге дайындық;
— басқа адамдардың мінез-құлқына əсер ету қабілеті;
— алға қойылған мақсатқа сəйкес əлеуметтік жүйелерді құру қабілеті [4].
Сондай-ақ Р. Болденнің жетекшілігімен жүргізілген көшбасшылық зерттеулерінде көшбасшыға тəн қасиеттер анықталды:
— əділдік жəне батылдық;
— өзін-өзі тану жəне кішіпейілділік;
— көру айқындығы;
— бейімделу жəне икемділік;
— қуаттылық пен табандылық;
— шешімдердегі келісімділік пен əділдік;
— шабыттандыру, ынталандыру жəне тыңдау қабілеті;
— құрмет пен сенім;