Сайын Мұратбеков шығармашылығы. «Жусан иісі» шығармасы
Жоспар
Жоспарланатын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
Психологиялық ахуал Оқушылар шеңбер бойымен тұрғызып, Аянның бойындағы өздеріне ұнаған қасиеттерді айтып шығады.Аянның ең жақсы қасиеті қандай еді.
Топқа бөлу: Оқушыларды «Тақырып», «Идея», «Қоғамдық», «Әлеуметтік» қимақағаздары арқылы топқа бөлу
Ойшақыру Осы шығарма сендерге ұнады ма? Неліктен?
Ұнамаған тұстары болды ма? Қай тұсы?
Оқиға кімдер арасында өрбіді?
Балаларға аян қандай әсер қалдырды?
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.
Сабақтың ортасы
Топтық жұмыс 1-тапсырма.«Джигсо» әдісі 1-қадам: Хикаядағы көтерілген мәселе қаншалықты өзекті? (Оқушылар пікірі тыңдалады)
2-қадам:Оқушыларға тақырыптар ұсынылады. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алып, топпен үзіндінің тақырыбы, идеясы, әлеуметтік, қоғамдық мәселесіне талдау жасайды.
1-топ:Кекілді бала-Аян немесе алғашқы кездесу
2-топ: Ертеде бір жетім бала болыпты
3-топ: Ағамның иісі...
4-топ: Соққыға жығылған Аян.Қимастық немесе көңілсіз қоштасу.
3-қадам:Мазмұн жинақтау топтарына қайта бөлінеді (топтағы рет санына байланысты, мысалы, 1-нөмірдегілер 1-топқа т.с.с.). Бұл топқа келген оқушылар өз топтарында жасаған талқылау жұмыстарын біріктіріп, ертегінің ортақ тақырыбы мен идеясын, көтерілген әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шығарады.
4-қадам:Осы топта өздері оқып, талдап келген үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті жеткізудің жолдарын белгілейді.
5-қадам:Өз топтарына барып,сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды. Олар хикаяның басты тақырыбы мен идеясын түсіндіретін карталарын (кестелерін) жасайды. Топтарда жасалған карталардың (кестелердің) мазмұнын талқылайды.