Көшбасшылық әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде



Дата14.09.2023
өлшемі16,68 Kb.
#107352
Байланысты:
К шбасшылы леуметтік-психологиялы былыс ретінде


Халықаралық бизнес университеті
ROS


Тақырыбы: Көшбасшылық әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде


Орындаған: Тасболат Әсел, Жумажанова Жасия, Амангелди Ерлан
Тексерген: Көшербаева Ғазиза Нұралиевна


Жоба бойынша біз талқылайтын сұрақтар:

  1. Көшбасшылық дегеніміз не?

  2. Оның қандай түрлері бар?

  3. Көшбасшы мен басшының айырмашылығы бар ма?

  4. Көшбасшы қандай болуы керек?

  5. Көшбасшы қалай анықталады?

  6. Оның орындайтын қызметі қандай?

  7. Көшбасшы болу үшін не істеу керек?

  8. Көшбасшылық адам бойындағы әлеуметтік психологиялық құбылыс деп санауға бола ма?

  9. Не үшін?

  10. Кез-келген адам көсбасшы бола ала ма?

  11. Көсбасшының әлеуметтік орны қаншалықты маңызды?



Көшбасшылық әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде
Көшбасшылық дегеніміз (ағылшын тілінен аударғанда «lead» - «басқару», ал «leadship» - «басқара алу қабілеті» деген мағынаны береді) бұл адамның басқа адамдардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін қолданатын басқарушының қолданатын құралы деп атасақ қателеспейміз. Себебі, егер көшбасшы өзінің командасына сөзі өтпесе, бұйрық бере алмаса ол адамды көшбасшы деп алмаймыз. Көшбасшының демократиялық, өктемшіл, инноватор секілді түрлері бар.
Енді көшбасшы мен басшының айырмашылығына келетін болсақ, көшбасшыны ешкім сайламайды және оның көшбасшы деген сияқты нақты лауазымы көрсетілмейді, оны команда мүшелері өздері сайлайды, ал басшыға келсек, ол жоғарыдан бекітілген нақты беделі бар, бұйрық беретін адам. Басшы тіпті лидерлік қасиеттері аз болуы немесе болмауы да мүмкін, ал көшбасшыда лидердің қасиеттері анық көрінеді. Яғни, басшы шешімдерді толықтай өзі қабылдайды, ал көшбасшы қасындағы адамдарды жұмыс жасауға деген ынтасын аша отыра, бірлесіп шешім қабылдайды.
Біздің ойымызша, нағыз лидерде ең бірінші адамдармен жақсы араласа білу мен тез шешім қабылдай алатын қабілеті болуы маңызды. Одан кейін жағдайға байланысты бейімделе алуы, білімі әсер етеді.
Қазіргі таңда көшбасшыны таңдауда мына 3 қағида көбінесе орын алып жатады. Олар:

    • тұлғалық;

    • жағдайлық;

    • қылықтық.

Бірінші, тұлғалық қағидада команда лидерді жеке қасиеттеріне байланысты, яғни оның білімінің болуы, сыртқы келбеті, жағдайға байланысты бейімделе алуына байланысты анықтайды.
Екінші, жағдайлық қағида адамды лидер болуға өзінің нақты еркінен тыс болатын, адамның сол ситуациядан шығу немесе шешу жолын басқаларға қарағанда жақсырақ білуі әсер ететін жайт болғанда жүзеге асатын қағида болып табылады.
Үшіншісі, қылықтық қағидада тұлғалық қағидаға ұқсас, бірақ айырмашылығы оның лидердің жеке қасиеттеріне емес, команда мүшелерінің қабілеттеріне байланысты жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет