«КӨшбасшылық ЖӘне гендерлік мәселе»



Дата19.05.2023
өлшемі29,13 Kb.
#94956
Байланысты:
Көшбасшылық-және-гендерлік-мәселе


КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК МӘСЕЛЕ

Қазіргі кезде қоғамдағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер мен құндылықтар, осымен байланысты стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі қазіргі дүниеде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін зорлықсыз өмір үрудің идеалдарын, барлық адамзатқа ортақ құндылықтың негіздерін іздеу қажеттігі туып отыр. Осындай жағдайда гендер мәселесін дәстүрлі дүниетаным шеңберінде қарастырудың мәні зор. Өйткені жыныстардың қоғамдық рөлі туралы процестер мен стереотиптер ұрпақтан ұрпаққа дәстүр бойынша жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге кеткен түсініктер негізінде қалыптасады. Бұл түсініктер қоғам дамуының ұзақ тарихы бойында дамып отырады және оның әртүрлі қырлары болады: тарихи, экономикалық, саяси, психологиялық және діни.


Әлеуметтік психология тұрғысынан қарастырсақ, гендер – еркек пен әйел міндеттері және әлуеметтік ақпаратта әйел мен еркек арасындағы айырмашылықтар өте көп деп сендіретін орныққан мәдени ерекшеліктердің зор ықпалында. Осыған байланысты жастардың гендерлік тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді. Гендерлік тәрбие жоғары оқу орындарының студенттеріне маңызды өмірлік мәні бар, өйткені осы мәселе бойынша ақпараттың жеткіліксіздігі ортадағы таптаурындардың, дұрыс емес гендерлік көзқарастың, кейде гендерлік рөлдік кикілжіңдер күйзелістердің пайда боуына соқтырады. Көптеген танымал басылымдардың авторлары еркек және әйел психологиясының ерекшелік мәселесі туралы өзіндік көзқарастарын ұсынады, бірақ бұл оқулықтардың басым көпшілігі автордың жеке тәжірбиесіне сүйенеді. Өткен ғасырдың 80-жылдары американдық тарихшы Джон Скоттың еңбегіндегі «гендер» термині қазіргі таңдағы көпшілік қауымға белгісіз болды. Соңғы уақытта гендерлік зерттеулер педагогика ғылымының ажырамас бір бөлігіне айналуда, ал гендерлік мәселе педагогика ғылымының барлық бағыттарында пайда болуда. Әрбір педагогикалық құбылыс өзіндік тәжірибелі даму жолы мен соған сәйкес теориялық негіздемеге ие. Бұл студент жастардың гендерлік тәрбиесіне қатысты. Гендер термині 1975 жылы пайда болды. Осы ретте кейбір идеялар мен әзірлемелерді зерттей отырып, бұл ұғымның педагогикаға да қатысы бар екенін айта аламыз. Студент жастардың гендерлік тәрбие мәселесін заманауи әлеуметтік қыбылыс ретінде зерттеу үшін қысқаша оның антикалық кезеңнен бастап даму ерекшеліктеріне талдау жасау керек.
Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың ішінде ең өзектісі гендер мәселесі. Қазақстанның нарықтық экономикалық қатынасқа өтуі еңбектің гендерлік бөлісіндегі қайшылықты шиеленістіріп жіберді.
Осыдан барып, қазіргі әлем бейнесіне әйел факторы белсенді кірісіп, қазіргі өркениет негіздерін қайта қарауды талап етуде. Қазақстанның Еуропа мен Азияның ортасындағы географиялық – саяси жағдайына байланысты осы екі жақтың да ықпалына басқа Орталық Азия елдерінен гөрі қаттырақ ұшырайтыны анық. Осындай жағдайда өзіндігіңді, өзгешелігіңді сақтау үшін де, көптеген мәселелерге, соның ішінде, гендер мсәселесіне байланысты қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын, гендерлік қатынастарға қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу қажет.
«Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар. Гендер ұғымымен тығыз байланысты 2 ұғымдар бар: гендерлік идентификация және гендерлік стереотиптер.» [1]
«Гендерлік идентификация - өзінің әйел немесе еркек жынысына жатуын саналы түрде түсіну. Гендерлік идентификация өзіміздің жынысымыз туралы түсінігімізбен байланысты: шынымен де біз өзімізді әйел немесе еркек ретінде сезінеміз бе? Басқа сөздермен айтқанда, гендерлік идентификация – бұл адамның белгілі бір жыныс өкілі ретінде сезінуін бейнелейтін өзіндік сананың бір аспектісі, өзінің әлеуметтік контекстіндегі жынысқа (жыныстың нақты бейнелеріне немесе эталондарына) жатуын сезіну.» [1]
«Гендерлік стереотиптер – еркектер мен әйелдердің бейнелері жайлы қарапайымдалған, белгілі бір жүйеге келтірілген және нормативті түсініктер. Яғни әйел адам қандай қасиеттерге ие болуы керек және еркек адам қандай болуы керек деген сияқты түсініктерге негізделген.» [2]
Гендерлік теория отыз жылдай бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның негізгі тұжырымдамасы – гендер мен жыныс ұғымдары арасындағы айырмашылық. Жыныс адамның биологиялық, физиологиялық құрылымына жатады. Гендер ұғымы қоғамның әйелдер мен еркектердің биологиялық жынысына байланысты таңатын әлеуметтік рөлдері арасындағы, әрекет–қылықтарындағы және эмоционалдық сипаттамаларындағы айырмашылықтарды білдіреді. Гендерлік айырмашылықтардың иерархиясынның негізінде маскулиндік (еркек) үстем, ал феминдік (әйел) бағынышты деп белгіленеді. Нәтижесінде әйелдер де, еркектер де гендерлік стереотиптерінің «құрбаны» болып қалады.
Гендерлік зерттеулер дәстүрлі рөлдер мен мәдени нормаларды қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай қоғамдық институттарға мыналар жатады: мемлекет, отбасы, білім беру жүйесі, еңбектің қоғамдық бөліну механизмі, бұқаралық ақпарат құралдары.
«Алғашында гендерлік зерттеулер батыста жүргізілді: Америкада, Англияда, Франция және Германияда. Ресейлік және Қазақстандық психологиялық әдебиеттерде «гендер» термині өте сирек кездесетін. Бүгін жағдай өзгеріп барады: гендерлік зерттеулер адам жайлы ілімнің барлық негізгі аймақтарына кіре бастады.» [3]
Көптеген зерттеушілер «әйелдік», «феминистік» және «гендерлік зерттеулерді» синоним ретінде қолданады. Біреулері «гендерлік зерттеулерді» әйелдердің мүддесі үшін әйелдердің әйелдерді зерттеуі деп түсінеді. Бірақ бұл дұрыс емес, көптеген жағдайларда әйел затының құқықтары жерге тапталып жатады, сондықтан әйел құқығына байланысты мәселелер туындап, гендерлік зерттеуледе көрініс тауып жатады. Осындай жынысқа байланысты дискриминация жағдайларын болдырмас үшін де гендерлік саясат жүргізіледі.
Гендер мәселелерінің көп бөлігін феминология ілімі құрайды. Маскулиндік бағытқа қарағанда, теориялық бағыт ретінде феминизм жылдам дамыды. Бұл көбінесе әйел жынысының көп дискриминацияға ұшырауымен себептелген.
«Әлемдік қозғалыс ретінде феминизмге 200 жыл. Бұл қозғалыс буржуазиялық революция кезінде басталып, соның нәтижесінде әйелдердің құқықтары кеңейтілген болатын. Феминистік зерттеулердің кең өріс алған кезі XX ғасырдың 70-ші жылдарына келеді. Қазір феминизм ескі және жаңа феминизмге бөлінеді. XVIII ғасырда пайда болған ескі феминизмде жаңа феминизмнен айырмашылығы әйелдердің әлеуметтік теңдігі жайлы ұғымдары өте тар болып келеді.» [4]
«Қазіргі заманғы философиялық сөздікте феминизм екі деңгейде анықтауды талап ететін ұғым ретінде түсіндіреді, өйткені бір жағынан үлкен қоғамдық қозғалыс болса, ал басқа жағынан бұл әйелдердің қоғамдағы жағдайын талдайтын әлеуметтік – философиялық, әлеуметтік, психологиялық культурологиялық теориялардың кешені.» [5]
Енді өз елімізге келетін болсақ, «қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғайтын мынадай құжаттар бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы жыныс мотиві бойынша дискриминацияға тиым салады. Қазақстан 1981 жылы ЮНЕСКО-ның «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларына жол бермеу жайлы конвенциясына» қол қойды, ал 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты дикриминацияның барлық формаларын тоқтату жайлы конвенциясына қосылған болатын.» [6]
«Қоғамдық прогрессті әйел жынысының қоғамда алатын орнымен дәл өлшеуге болады, - деп жазған екен Карл Маркс.» [7] Бұл сөзбен мен толықтай келісемін. Бұрынғы даналардың жазғандарына көз жүгіртсек, көбі әйел адамды тек «шаңырақтың сақтаушысы», «бала күтушісі» ретінде ғана қарап, қоғамдық жұмыстарға араластырмаған. Қазіргі заманда әйел адам қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүр. Дегенмен, мәселе әйел адамдардың осы іс-әрекет түрлеріне қандай дәрежеде араласып жүргенінде.
Статистикаға зер салсақ, «саяси лауазымда отырған мемлекеттік қызметкерлердің 9,5%, парламентте 11,2%, 3 министр және 3 әйел елші бар екен. Облыс және аймақ әкімдері арасында әйел жоқ. Бұл өте төмен көрсеткіш және бұның себебі стереотиптер мен қатып қалған ұстанымдарда деп ойлаймын. Біздің елде және басқа да Шығыс елдерінде бұндай стереотиптер кең тараған және оларды бұзу өте қиын. Мысалы, олардың ең көп тараған түрлері: әйел адамның негізгі жаратылысы – үй және жанұя; әйелдер жақсы басшы бола алмайды; әйелдің жұмыс істеуі балаларына жағымсыз әсер етеді, қоғамда қылмыстың өсуіне ықпал етеді; әйелдер сәттілікке ұмтылмайды; саясат - әйелдің ісі емес деген сияқты түрде болады.» [8] Бұндай көзқарасты ер адамдардың көпшілігі ұстанады десем қателеспеймін.

Мемлекеттік деңгейдегі матриархаттың бастауы – Маргарет Тэтчер


«Маргарет Хильда Тэтчер (ағылш. Margaret Hilda Thatcher; қазан 1925, Грэнтем — 8 сәуір 2013, Лондон) — 1979 —1990 жылдары аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі, баронесса (1992 жылдан бастап). Бұл лауазымда болған алғашқы және әзірше жалғыз әйел адам. Сонымен қатар, еуропа мемлекетінің алғашқы әйел премьер-министрі. Тэтчердің премьерлігі XX ғасырда ең ұзақ саналады. Кеңестік үкіметті қатты сынағаны, әрі «тэтчеризм» саясатының бір бөлігі болып кеткен консервативтік шаралары үшін «темір ханым» аталып кеткен.» [12]
Ол белсендi өмiрлiк ұстанымы, ойын кернеген күш-жiгерi мен iскерлiк құлшынысы арқасында 1959 жылы Парламентке сайланды. Ол сол уақытта күйеуге шыққандығына және егiз балалы (ұл мен қыз) болғандығына қарамастан отбасы — ошақ қасымен шектелмей мемлекеттiк iстерден қол үзген жоқ.
«1970 жылы Маргарет Тэтчер Эдвард Хит үкiметiнде оқу және ғылым министрi болды. Ол консерваторлар партиясының белсендi мүшесiне айналып 1975 жылы Эдвард Хиттiң консерваторлар партиясында жетекшiлiк орынды иелендi. 1979 жылы партия жалпы сайлауда жеңiске жеттi және Тэтчер британдық тарихта тұңғыш рет әйел премьер-министрi болды.» [13]
«Маргарет Тэтчер үкiмeттi басқарумен қатар өз идеяларын табысты жүзеге асырды. Өткен жүз жылдықтың 70-шi жылдары консерваторлар үшiн cәттi болды. Билiкке консервативтiк саясатшылар келiп, консервативтi идеялар кеңiнен тарала бастады. Ол бiрден салықты төмендетiп, үкiмeттiң кәсiпкерлерге бақылауын әлсiреттi. Ол үшiн әрбір британдықта жеке үйiнiң, меншiктің кез келген түрінің: қозғалмайтын мүліктің, автокөліктің болуы немесе акцияларды иеленуі аса маңызды еді.
Оның философиясы мен практикасы саясат үшiн өте сирек «тэтчеризм» деген сөзбен аталды. Тэтчеризмнiң ерекшелiгi — оның шағын бизнестi қолдап-қуаттауы. Тэтчердiң ұcaқ буржуазиялық құндылықтар: ұқыптылықты, еңбексүйгiштікті, шаруашылықты үнеммен жүргiзудi, өз iciн ашyғa деген ұмтылысты насихаттауы кездейсоқ емес. Өзiнiң ұcaқ саудагер отбасынан шыққандығын Тэтчер нaғыз жарнамалық науқaнғa айналдырып, өзiнiң қоғaм алдында «халықтан шыққан адам», «әйел-ана», халықтың мұң-мұқтажын бөлiсушi және көңiл-күйiн түciнeтiн тұлға peтiндe көрсете бiлді.» [14]
Сонымен, еуропа мемлекетінің алғашқы әйел премьер-министрі болған Тэтчердiң ұтқан жерi — оның шaғын бизнесте экономикалық өрлеудi: техникалық жаңалықтарды игерудi, икемдiлiктi, yaқыт талабына iлесе бiлудi көре бiлгендiгi. Ол өзiнiң практикалық дағдылар мен icкерлiгiн әкeciнiң дүңгiршегiнде жүрген уақытында шыңдаған болатын, ал студенттiк шағынан бастап ол экономика негiздерiн де меңгердi, өзiндiк ойлау қабiлетi мен батыл қадамдары тэтчеризмнiң оң іciн aқыp аяғына дейiн жеткiздi. Маргарет Тэтчердің тәжірибесіне қарай отырып, көптеген әйелдерге оны үлгі ретінде қарастыруға болады.

Дала демократиясы ұл мен қызды бір-біріне қарама-қарсы қоймай, таразы басын тең ұстауға тырысқан, іргелес отырған кейбір отырықшы Шығыс елдеріндегі әйел затын бет тұмшалап, тіпті ер кісілер отырған дастархан басына әйелдерді маңайлатпай, оңаша «құлып» астында қамау секілді дағдылап қазақтарда атымен кездеспеген. Қазақ қоғамында қыздарда нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру – басты борыш болған. Сонда бұл қасиеттер келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қазақ қызының бойынан әрқашан нұр төгіледі. Сондықтан әрбір қазақ қызына ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.


Қазақстан Тәуелсіздік жылдарының ішінде сонымен бірге ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті. 2000 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы Конвенцияға сілтеме жасай отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюмен күрес Халықаралық күнін жариялады. Басымды міндеттердің бірі әйелдерге қатысты күш көрсету жағдайларын төмендету бойынша жұмыс болып табылады.


Осы орайда айта кетер жайт, соңғы жылдары елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған нәзік жандыларға арнап түрлі дағдарыс орталықтары ашылды. Гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетуде үкіметтік емес ұйымдар да үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда Қазақстанда 25 мыңдай үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, оның ішінде шамамен 300-і әйелдер, отбасы және балалар мәселелерімен айналысады.
Әйелдерге қатысты күш көрсету деңгейін төмендетудің бірден бір жолы оларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бойынша олардың құқықтық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру, әйел құқықтары бойынша және зорлық-зомбылықтың алдын алу тренингтерін өткізу. Елімізде бұл бағыт бойынша да ілгерілеушілік байқалады.
Бүгінде елімізде әйелдердің қоғамдық жұмысты атқарып, отбасына да уақытын қажетті деңгейде бөліп, балаларының тәрбиесімен де айналысып жүргендігі жасырын емес. Осы тұрғыда қазақ халқының: «Әйел бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген әдемі даналық сөзі еріксіз ойға келеді.
Дегенмен, егемен Қазақстанның тәуелсіз қыздары әлемдік деңгейде дамып, өркениеттік мәдениеттен тиесілі өз орындарын тауып, саясатты да, бизнесті де, ғылымды да жан-жақты меңгеріп, қоғамның барлық саласына ер ер азаматтардан қалыспай, белгілі дәрежеде ірі қайраткерлер есебінде қызметтер атқаруда. Нарық заманы тек қыздарымызға ғана емес, жалпы қоғамымызға қиыншылық әкелді. Бірақ өмірдегі келеңсіздіктердің бәріне осы өтпелі кезеңді айыптай бермей, бір сәт сана мен сезімге рухани сілкініс қажет екендігін да ескерген жөн болар. Осы жағынан келгенде, табиғатынан сергек, сезімтал қазақ қыздары көп ізденушіліктің нәтижесінде тез меңгергендей.
Осындай күрделі заманда қазақ қыздары өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, табиғи нәзіктіктерін, ибалылықтарын сақтай отырып, адам іс- әрекеттерінің барлық түрлеріне араласып жетістікке жетсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. //Оқушы тәрбиесі.-2008. №6-7., 21-23 б.

  2. //Педагогическая образование и наука – 2002. №4., 46-50 б.

  3. //Вестник Каз НУ. Серия Философия. Политология. Культурология. – 2002., №2., 35-38 б.

  4. //Вестник Каз НУ. Серия МО и МП. – 2003.-№1.,48-52 б.

  5. //Саясат.- 2005., №12., 41-45 б.

  6. //Ақиқат. – 2003.- №9. – 64-67 б.

  7. //Альпари. – 2007.-№2.-4-9 б.

  8. //Мысль. – 2006.-№1.-24-29.

  9. //Егемен Қазақстан – 2008.-7 мамыр.-5 б.

  10. //Дала мен қала – 2008.-30 қазан.-11б.

  11. //Мир психологии – 2005.-№3.-127-131б.

  12. //Казахстанская правда – 2005.-3 декабрь (№333-334). 6-7 б.

  13. //СОЦИС – 2003.-№11.-73-78 б.

  14. [http://kitaphana.kz/en/articles/abstracts-in-russian/170-politologia/2450-margaret-tetcher.html]

  15. [http://www.adilet.gov.kz/ru/node/45951]

  16. [http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U050001677_]

  17. [http://library.fes.de/pdf-files/bueros/kasachstan/13621.pdf]

  18. [http://tumba.kz/%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81/47-%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81/27178-Kazakstandagy_genderl%D1%96k_sajasattyn_damuy.html]

  19. [http://zanmedia.kz/2018/01/17/genderlik-te-dik-zhandanyp-keledi-2/]

  20. [http://e-history.kz/kz/contents/view/1404]

Құрастырған: Турдахмет А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет