Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


- өзін-өзі реттеу дағыларын дамытуға бағытталған тренингтер



бет22/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

- өзін-өзі реттеу дағыларын дамытуға бағытталған тренингтер;
- коммуникативтік тренингтер;
- тренингтік бағыттар;
- тұлғалық өсуді ынталандыру;
- оқыту тренингтері және т.б.
Өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтерге мыналар жатады: әр түрлі аутогендік жаттығулар, биологиялық кері байланыс тренингі. Бұл тәсілдер тұлғаның бақылау қабілеттерін арттыруға және физиологиялық іс-әрекетін басқаруға, психологиялық қозуды төмендетуге, көңіл-күйін дұрыс көрсете алуға бағытталған.
Коммуникативтікке мінез-құлықтық және социологиялық-психологиялық тренингтер кіреді. Мұндай тренингтер тұлғалық қарым-қатынас орнатуға, басқалармен өзара қарым-қатынас жасауға қиналатындар үшін жүргізіледі, яғни адамның жалпы коммуникативтік дайындығын жетілдіруге және қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мінез-құлықтық тренингті ұйымдастырудың кеңінен таралған әдістемесіне мынадай жаттығуға мысал келтіруге болады. Топтық психотерапиядағыдай қатысушылардың саны қатаң сақталуы шарт емес, мысалы бір кезде 8-12 адам сабаққа қатысса, кей жағдайларда 3-тен 18-20-ға дейін адам қосылуына болады. Мінез-құлықтық тренингтерде ашық топтарды ұйымдастыру ұтымды болып есептелінеді, себебі кіші топтардың өсу динамикасын бақылау маңызды рөл атқармайды, керісінше мінез-құлқындағы қайшылықтарды жеңген қатысушылардың топтан кетуі, олардың орнына жаңа қатысушылардың келуі, т.б. емделу үлгісін жасауға мүмкіншілік туғызады. Тренинг қарым-қатынастық, мінез-құлықтық және эмоционалдыққа бағытталған сергіту сәтімен басталып, кейін сабақтың мақсатын нақтылау үшін топтық дискуссия ұйымдастырылады. Қатысушылардың талабын ескеріп, қатысушылар арасынан бір немесе екі адам рөлдік ойындағы жағдаятқа таңдалынып алынады, психолог-тренердің ұсынған рөлдік жағдаяты ұжыммен талқыланады, топ мүшелері кезекпен ойнап шығады. Сабақ әр тұтынушы үшін тренермен бірге жеке жүргізіліп, аяқталады. Мінез-құлықтық тренингінің ұйымдастыру тәсілі қарапайым болғанымен, тренерден топпен жұмыстарды ұйымдастырудағы жоғарғы ұйымдастыру білігін, психотерапиялық сабақтарды ұйымдастыру дағдыларын талап етеді.
Оқыту тренингі. Оқыту тренингтері алғашқы кезекте кәсіпке қажетті дағыдаларды арттыруға қажетті фактор болып табылатын қарым-қатынас ұтымдылығына бағытталған топтар жиынтығынан тұрады. Мұндай тренингтердің бағдарламасы қатысушылардың талабына сәйкес құрылады. Мысалы, психотерапевттер үшін тәжірибелік тренингтер клиентпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады, кәсіпқойлар үшін әдістемелік тренингтер іскерлік тренинг болуы мүмкін, яғни келіссөз жүргізу дағдыларын жетілдіруге, басқару іскерлігіне бағытталған тренингтер, қалыптастыруға бағытталған тренинг т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет