Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Социологиялық–психологиялық тренингтің мақсаты келесі міндеттер арқылы нақтыланады



бет25/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Социологиялық–психологиялық тренингтің мақсаты келесі міндеттер арқылы нақтыланады:
1) психологиялық білімді игеру;
2) қарым-қатынас жасауға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру;
3) сәтті қарым-қатынас жасауға қажетті дағдыларды қалыптастыру, дамыту, түзету;
4) басқаны және өзін тану қабілетін дамыту;
5) тұлғаға қарым-қатынас жасау жүйесін дамыту.
Іскерлік қатынас тренингі. Бұл кәсіби іс-әрекет барысында сәтті қарым-қатынас жасауға қажетті дағдыларды, білікті, білімді қалыптастыруға бағытталған социологиялық-психологиялық тренингтің біртүрі. Тренинг топтарында тұлға бойындағы мынадай біліктіліктер дамытылады:
1) келіссөздер жүргізу білігі;
2) үлкен аудитория алдында сөз сөйлеу білігі;
3) жиналыс жүргізу білігі;
4) шиленісті жағдайларда өзін дұрыс ұстай білу білігі.
Басқа адамға бағыттала білу, оның тұлғалық құндылығын мойындау, серіктесінің қызығушылығын назарда ұстау сәтті іскерлік қатынасты қамтамасыз етеді. Іскерлік қатынас тренинг топтарында жүргізілетін сабақтарда міндетті түрде топтық дискуссия, рөлдік ойындар, қатысушыларды айналысатын кәсібіне қарай жағдайлар қолданылады.
Перцептивтік тренинг – өзіндік «Мен»-ін, басқа адамдарды толық тануға, қарым-қатынас жасау барысында қалыптасатын қатынастарын және адекватты қабілеттерін дамытуға бағытталған социологиялық-психологиялық тренингтің бір түрі. Тренинг барысында алған мәліметтері адамға өзі және басқа адамдар туралы қалыптасқан ойларын қайта қарауға мүмкіндік береді, түпкі нәтижесінде өзін-өзі жетілдіруге талпынысын оятады.



  1. Көшбасшылықты қалыптастыруды жазыңыз.



LMX теориясы туралы зерттеулер көшбасшы мен ізбасар арасындағы ықпалдастықты көшбасшылықты қалыптастыруға қалай пайдалануға бола-тынына да назар аударады (Graen & Uhl-Bien, 1991). Көшбасшылықты қа-лыптастыру – «көшбасшылар ішінара ғана емес, барлық ізбасарымен арада жоғары сапалы ықпалдастық жасап отыруы керек» деген идеяға басымдық беретін көшбасшылықтың нұсқаулық тәсілі. Грен мен Уль-Биен (1991) «көшбасшылықты қалыптастыру про-цесі баяу үш сатыда дамиды» деген пікір айтты: (1) бейтаныс кезеңі; (2) таныстық кезеңі және (3) кемел серіктестік кезеңі (7.1-кесте). Алғашқы, яғни «бейтаныс» саты барысында Көшбасшы–ізбасар диадасындағы өзара әрекеттестік әдетте ережелерге бағынады және айтарлықтай деңгейде ке-лісімшарттық қарым-қатынасқа тәуелді. Көшбасшы мен ізбасар бекітілген ұйымдық рөлдер аясында өзара байланыста болады. Олар осы тараудың басында талқыланған сыртқы топ мүшелері секілді сапасы төменірек ық-палдастыққа ие. Ізбасар өзі бақылайтын экономикалық пайдаға қол жеткі-зу мақсатында иерархиялық статус иеленген ресми көшбасшыға бағынады. «Бейтаныс» сатысындағы ізбасар мотивтері топ игілігіне емес, жеке бас мүддесіне бағытталған. Екінші, яғни «таныстық» сатысы көшбасшының немесе ізбасардың мансапқа бағытталған әлеуметтік ықпалдастықты жақсарту жайындағы ұсынысынан басталады. Мұндай ықпалдастық мейлінше мол ресурс пен жеке не жұмысқа қатысты ақпарат алмасуға жұмыс істейді. Бұл – ізбасар өзіне молырақ рөл мен міндетті алуға мүдделі ме, жоқ па, сондай-ақ көшбас-шы ізбасарға жаңа міндеттер беруге әзір ме, әлде оған дайын емес пе деген бағалау үшін берілетін көшбасшы үшін де, ізбасар үшін де сынақ кезеңі. Бұл уақыт кезінде диадалар лауазымдық міндеті және бекітілген рөлдермен қа-таң реттеліп отыратын әрекеттестіктерден өзара қатынастардың жаңа түрі-не ауысады. LMX теориясы бойынша бағаласақ, олардың ықпалдастығының сапасы орта деңгейге дейін жақсарды деуге болады. «Таныстық» сатысында-ғы сәтті диадалар кезінде сенім мен бір-біріне деген құрмет арта бастайды. Олар сондай-ақ жеке бас мүддесіне азырақ, ал топтық мақсаттар мен міндет-терге көбірек көңіл бөлуге бейім.
Үшінші, яғни кемел серіктестік жоғары сапалы Көшбасшы–ізбасар ық-палдастығымен сипатталады. Қарым-қатынастарында осы сатыға жеткен адамдар жоғары деңгейдегі өзара сенімді, құрметті және бір-бірінің алдын-дағы борышты сезінеді





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет